Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ел жастары» клубының жеңімпаздары лицей директорының қабылдауында
19
январь
2020
«Ел жастары» клубының жеңімпаздары лицей директорының қабылдауында
    Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша өткен Қазақ және Әлем классигі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мен және менің ұйымым» атты сайысынан «Бас Жүлде» иегерлері атанған оқушыларымызды лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы қабылдап, айтулы жеңістерімен құттықтады.   Оқушыларымызға алдағы уақытта аудан, қала, республика көлемінде өтетін сайыстарда лицей намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырына көтеріліп, тек бірыңғай жетістіктерге жете беріңіздер деп, өзінің жылы лебізін білдірді.   
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
18
январь
2020
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
   №178 лицейде кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде лицей әкімшіліктерімен келісе отырып жыл бойы жүргізіліп келеді.    Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
«Ел жастары» клубының белсенді оқушылары аудан сайысынан «Бас Жүлде» иегері атанды
18
январь
2020
«Ел жастары» клубының белсенді оқушылары аудан сайысынан «Бас Жүлде»
     «Ел жастары» клубының белсенді оқушылары №149 мектебінде Қазақ және Әлем классигі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мен және менің ұйымым» атты сайысынан «Бас Жүлде» иегері атанды.       Оқушыларымыз ІІ турдан тұратын сайыста мүдірмей, таныстырумен бастап, Абайдың 18 қара сөзіне көрініс қойды.      Осы уақытқа дейін аудан көлемінде өткен сайыстарда, І-ІІ тоқсан аралығында 9-10 сынып оқушылары бастап берген дара жолды, 7-8 сынып оқушылары жаңа ІІІ тоқсанда әдемі жалғастыра білді.    
Қаңтар айындағы ҰБТ өткізу тәртібі
15
январь
2020
Қаңтар айындағы ҰБТ өткізу тәртібі
№178 лицейдің 11-сынып оқушыларымен қаңтар айындағы өткізілетін ҰБТ өткізілу тәртібімен түсініктеме жұмыстары жүргізілді.  2020 жылдың қ аңтар айындағы ҰБТ-ке лицейдің 234 оқушысы өтініш беріп отыр.  Төмендегі тыйым салынған заттардың біреуін тестілеу өтетін ғимаратқа заңсыз өткізуге әрекет жасағанда,  ҰБТ-ға жіберілмейтіні, актімен алып тастайтындығы туралы алдын ала ескертілді. ҰБТ өткізілетін ғимаратқа кіргізбейтін заттар:  - ұялы байланыс  (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (iPad),
«Өмірге қауіп төндіретін жағдайларға алғашқы көмек"
15
январь
2020
«Өмірге қауіп төндіретін жағдайларға алғашқы көмек"
    2020 жылғы 15 қаңтарда сағат лицей оқушыларының қатысуымен 11.00-де Алматыдағы ЦМК қызметкерлерінің қатысуымен «Өмірге қауіп төндіретін жағдайларға алғашқы көмек (1-бөлім)» тақырыбында интерактивті сабақ өтті.
Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері.
13
январь
2020
Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт
   13.01.2020ж. күні №178 лицейдің 7-8 сынып оқушыларына "Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері" тақырыбында OnLine сабақ өткізілді.
Олимпиада және ғылыми  зерттеу жұмыстары 1- жарты жылдық есебі ( 2019-2020 )
06
январь
2020
Олимпиада және ғылыми зерттеу жұмыстары 1- жарты жылдық есебі (
Олимпиада және ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша 2019-2020 оқу жылының І жарты жылдық есебі
Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!
06
январь
2020
Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!
Құрметті ұстаздар және оқушылар!  Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!  Жаңа жылда жарқын болашақпен  жетістіктерге жетіп, білім мен ғылым, өнер мен спорт саласында жолдарыңыз болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!  Шәкірттеріңіз сенімдеріңізді ақтап, ұстаздар қауымының абыройы арта берсін!  Еліміз аман, жұртымыз тыныш, жаңа жылымыз жақсы бастамалар мен игі істерге толы болсын!  Жыл құтты болсын!  Құрметпен, №178 лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы