Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҰБТ өткізу тәртібі және ұйымдастыру мәселелері
11
декабрь
2019
ҰБТ өткізу тәртібі және ұйымдастыру мәселелері
704 ХББК филиалы басшысы Сыдыкбекова Гульнар Шарипбаевна ҰБТ өткізу тәртібі және ұйымдастыру мәселелері жайлы әңгіме өткізді.   №178 лицейде 2019-2020 оқу жылында 11- сыныпта  286 оқушы оқиды.  ҰБТ тапсыруға жалпы білім беретін мектептердің барлық түлектері жіберіледі. ҰБТ форматы 20 тапсырмадан тұратын 2 міндетті пәнді қамтитын 2 блоктан тұрады: математикалық сауаттылық оқу сауаттылығы (жалпылау, салыстыруды тексеру және т.б.) Қазақстан тарихы және 30 тапсырмадан 2 салалық пән: математика
Лицейіміздің оқушылары Еуразиялық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды
05
декабрь
2019
Лицейіміздің оқушылары Еуразиялық олимпиадасында жүлделі орындарға ие
     «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің базасында 2019 жылдың 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында информатика пәнінен оқушылардың ХІ Еуразиялық олимпиадасын өткізді. Аталған олимпиада Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университетімен бірлесе отырып, есептеу ғылымдары мен ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау, ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру және
Талпынған жетер мұратқа ...
02
декабрь
2019
Талпынған жетер мұратқа ...
    2019 жылдың 4 желтоқсанында Алматы қаласы әкімшілігінің мәжіліс залында қала әкімі Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер мен конкурстар бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесті.     Кездесу барысында әкім Бақытжан Сағынтаев қаламыздың дарынды жастарына үнемі қолдау көрсететінін айта келе, оқуда, еңбекте шығармашылық табыс тілеп, Отанына адал қызмет етуді тапсырды. «Сендердің қазіргі таңдағы жетістіктерің еліміздің болашақта
«Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыс
29
ноябрь
2019
«Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыс
    «Ел Жастары» клубының белсенді мүшелері, 9 «и» сыныбының оқушылары Қыдырбек Ақнұр мен Мұратқызы Амина Нархоз колледжінде «Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыста жеңімпаз атанып, бизнес және кәсіпкерлік қабілеттері бойынша өз шеберліктерін шыңдады. Қос оқушымызды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!      Біздің клубымыздың қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
«Туға қарап, бой түзе!» сайысы
25
ноябрь
2019
«Туға қарап, бой түзе!» сайысы
   Алатау ауданы мектептері арасында №1 Оқушылар үйінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Туға қарап, бой түзе!» тақырыбында өткен ту ұстаушылар сайысында №178 лицейдің жанынан құрылған «Ел Жастары» клубының белсенді оқушылары І орынды жеңіп алды.    Әр сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін оқушыларымызға алдағы уақытта да тек сәттілік пен жеңіс тілейміз. Жеңіс құтты болсын, «Ел Жастары»!
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде кіріктіре оқытудың маңызы
25
ноябрь
2019
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде кіріктіре оқытудың маңызы
    Қазіргі кезде заманауи талапқа сай білім беру жүйесі арнасы үштілділікке бет бұрған шақта жан-жақты шығармашылдықпен, жаңа бастамамен жұмыс жасайтын жас ұрпақ қалыптастыру - ұстаздар қауымы үшін де аса маңызды қадам болып отыр. Сабаққа қатысу, сабақ жоспарын бірігіп құру - ұстаздар арасында тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді. Оқушының функционалдық қабілетін арттыруды көздеген физика пәні мұғалімі Көшербаева Сандуғаш тілді үйретудің оңтайлы тәсілдерімен сабағын жоспарлаған. №178 лицей
"Нұрлы жастар"
23
ноябрь
2019
"Нұрлы жастар"
  "Нұрлы жастар" атты Республикалық жасөспірімдер арасындағы көркемсөз онлайн байқауынан №178 лицейдің 7-сынып оқушылары жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды. Байқауда жеңімпаз және жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз:    7"Ж" сынып оқушысы Турганова Аруна - 1 орын,     7"Б" сынып оқушысы Сұлтан Жарқын - 2 орын.    7"Ә" сынып оқушысы  Нұрәділ Аяулым - 2 орын,    7"Ж" сынып оқушысы Ауез Жасмин - 2 орын.    7"Ж" сынып оқушысы  Жархын Қарақат - 2 орын дипломдарымен марапатталды.
"Нұрлы жастар - болашаққа жол бастар"
22
ноябрь
2019
"Нұрлы жастар - болашаққа жол бастар"
  "Нұрлы жастар - болашаққа жол бастар" атты Республикалық жасөспірімдер арасындағы көркемсөз, ән-би байқауының "Көркемсөз" номинациясы бойынша №178 лицейдің 7-сынып оқушылары жүлделі орындарға ие болды.    7"Ж" сыныбының оқушылары Турганова Аруна, Ауез Жасмин және Жархын Қарақат - 1 дәрежелі дипломдарға ие болса, 7"Б" сынып оқушысы Сұлтан Жарқын - 3 дәрежелі дипломның лауреаты және арнайы кубокты еншіледі. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аметова Сәуле Орынбасарқызы
«Біздің азаматтық ұстаным»
21
ноябрь
2019
«Біздің азаматтық ұстаным»
    Алатау ауданы бойынша «Біздің азаматтық ұстаным» тақырыбында слет-байқау өтті. Осы байқауда лицейіміздің намысын қорғаған «Ел Жастары» клубы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Біздің лицей оқушылары аянбай еңбек етіп, нәтижелі жұмыстың тәжірибесін көрсете білді.     Биылғы оқу жылында "Ел жастары" клубы аудан бойынша Бас жүлде - 1,  бірінші орын - 1 жеңіп алған болатын. Осы сайыста да оқушыларымыз І орынға лайықты өнер көрсете білді. Қай жарысқа барса да тайсалмай, өз өнерлерін ойдағыдай