Физика-информатика кафедрасының онкүндігі ашылды
№178 лицейде қаңтардың 22-сі күні физика-информатика кафедрасының онкүндігі ашылды. Онкүндікке барлық физика, информатика мұғалімдері мен нақты ғылымдарға зор қызығушылығын танытқан 5-11 сынып оқушыларының бастамашыл тобы қатысты. Онкүндіктің мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоциясын тудыру, дербес қорытынды жасауға және жалпылауға негіздеу, күнделікті өмірде физика және информатика мәліметтерін қолдану, нақты ғылымдардың жұмбақ әлеміне кіре