Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық "British bulldog" ойын - конкурсы.
10
февраль
2022
Халықаралық "British bulldog" ойын - конкурсы.
🥇🥇🥇 Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын дамыту және қатысушыларға өз білімдерін баламалы түрде бағалауға мүмкіндік беру мақсатында өткізілген Халықаралық "British bulldog" ойын - конкурсының нәтижесі бойынша 178 мамандандырылған лицей оқушылары жоғары дәрежеге жетіп, арнайы дипломдармен марапатталды 💐 Congratulations 🎉 You are the best 💐
“Мінез – көңіл-күй айнасы” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
10
февраль
2022
“Мінез – көңіл-күй айнасы” тақырыбында психологиялық тренинг
№178 мамандандырылған лицей психологі Г.Ж. Жамалова 7-сынып оқушыларымен “Мінез – көңіл-күй айнасы” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі бақылауға, ұстамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
"Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі" тақырыбында онлайн форматта зерттеушілік әңгіме жүргізілді.
10
февраль
2022
"Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі" тақырыбында онлайн форматта
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына ықпалын тигізеді. Осы мәселелер бойынша 7-сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі" тақырыбында онлайн форматта зерттеушілік әңгіме жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен дұрыс тамақтанудың ережелері мен негізгі шарттары жайында пікір алмасты.
«Абай жолы» эпопеясы. Қайтқанда бөлімі. Кейіпкерлер бейнесі» тақырыбында өткізген ашық сабақ.
10
февраль
2022
«Абай жолы» эпопеясы. Қайтқанда бөлімі. Кейіпкерлер бейнесі»
     №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі күн сайын ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың шеруімен жалғасуда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Р.С. Сатбаеваның 11-сынып оқушыларына қазақ әдебиетінен кейіпкерлерді жинақтау, даралау және өмір шындығымен байланыстыру мақсатында «Абай жолы» эпопеясы. Қайтқанда бөлімі. Кейіпкерлер бейнесі» тақырыбында өткізген ашық сабағы ұстаздардың тәжірибе алмасу алаңына айналды. Толымды
Домбыра үйірмесі, «Қазына» оркестрі.
10
февраль
2022
Домбыра үйірмесі, «Қазына» оркестрі.
     Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Осы себептен №178 мамандандырылған лицейде жыл сайын домбыра үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеде домбыраны үйрену арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, күйлерді тану арқылы ел тарихын терең ұғына алады. Лицейде домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылар тобынан «Қазына» оркестрі құрылған.
"Біз жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында  топтық жұмыс жүргізілді.
10
февраль
2022
"Біз жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында топтық жұмыс жүргізілді.
№178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов "Адал ұрпақ" еріктілер клубының жоспарына сәйкес 9 "А" сынып оқушыларына "Біз жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында топтық жұмыс жүргізді. Мақсаты: окушыларды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, «сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасын түсіндіру.
"Болашағым - өз қолымда!" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
10
февраль
2022
"Болашағым - өз қолымда!" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
№178 мамандандырылған лицей психологі Ж.А.Агажанова 11-сынып оқушыларымен "Болашағым - өз қолымда!" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: Оқушылардың таңдаған мамандықтарына деген ынта - ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Ғылыми жобалар конкурсы. «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы.
10
февраль
2022
Ғылыми жобалар конкурсы. «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы.
№178 мамандандырылған лицейдің физика пәні мұғалімі Слямгалиева Гүлнар Набиқызының жетекшілігімен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы бойынша 11 сынып оқушылары Даулет Айбек пен Еркін Ернат өз жобаларын ұсынып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жас ғалымдар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті профессорларымен бірлесе отырып, «Жұлдызаралық орта бейнелерінің фракталдық талдау» атты ғылыми жоба жазды. Жобаның мақсаты -
"Эмоциялық интеллект" тақырыбында психологиялық тренинг.
10
февраль
2022
"Эмоциялық интеллект" тақырыбында психологиялық тренинг.
№178 мамандандырылған лицейдің педагог-психолог маманы Ш.С.Асилова 10-сынып оқушыларымен "Эмоциялық интеллект" тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Эмоциялық интеллект тренингін өткізу аясында оқушылар өзін қоршаған адамдардың эмоцияларын ұғыну және түсіну қабілетілігінің қажет екендігін түсінді. @kairatbekshadiev @akmurzaevakarlygash @edu.almaty @almaty_mektepteri
Би үйірмесі."A'la zong" би тобы
10
февраль
2022
Би үйірмесі."A'la zong" би тобы
Би – салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі. Ол ең алдымен, баланың денсаулығына оң әсер етіп, психологиялық тұрғыдан беріктік сыйлайды. Әрдайым белсенді болу, жаңа әрі ерекше қимыл-әрекеттер координацияны дамытып, физикалық тұрғыдан жетілдіре түседі. №178 мамандандырылған лицейде жыл сайын би үйірмесі жұмыс жасайды. Би үйірмесіне қатысатын оқушылардан "A'la zong" би тобы құрылған. Жетекшісі – Тұрғынбаева Ляззат Николаевна.