Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Психолог Г.Ж. Жамалова 8-сынып оқушыларымен “Менің  көңіл-күйім” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
12
февраль
2022
Психолог Г.Ж. Жамалова 8-сынып оқушыларымен “Менің көңіл-күйім”
№178 мамандандырылған лицей психологы Г.Ж. Жамалова 8-сынып оқушыларымен “Менің көңіл-күйім” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
Педагог-зерттеуші А.А.Ауелбекова 7-сынып оқушыларымен М.Әуезовтың «Көксерек әңгімесі» тақырыбында сабақ өткізді.
12
февраль
2022
Педагог-зерттеуші А.А.Ауелбекова 7-сынып оқушыларымен М.Әуезовтың
№178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші А.А.Ауелбекова 7-сынып оқушыларымен М.Әуезовтың «Көксерек әңгімесі» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың шығарма мазмұнын аша білуі, сюжеттік желісі негізінде сұрақ құрастыруы, мәтіндегі қай бөлімнің маңызды екенін дәлелдей білуі, ақпараттың өмірмен байланысын ашып көрсетуі мұғалімнің шеберлігі мен оқушы белсенділігінің сабақтасуының көрінісі болды.
«Алматы қаласының экологиялық сапасына биомониторинг жасау» тақырыбы бойынша Ерсайын Айым мен Файзрахман Расул 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
12
февраль
2022
«Алматы қаласының экологиялық сапасына биомониторинг жасау» тақырыбы
2022 жылдың 9-11 ақпан аралығында Щучинск қаласында өткен 2-7 сынып оқушыларына арналған XVI республикалық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық конкурсының республикалық кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің білікті маманы Айдарова Айдана Берікқызының жетекшілігімен «Алматы қаласының экологиялық сапасына биомониторинг жасау» тақырыбы бойынша Ерсайын Айым мен Файзрахман Расул 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Республика деңгейінде №178 мамандандырылған лицейдің көк байрағын көкке шығарған
“Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды” тақырыбында №29 қалалық емхананың «Жастар денсаулық орталығы» бөлімінің психолог маманы А.Т. Беспаева оқушыларға  психолдогиялық дәріс өткізді.
12
февраль
2022
“Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды” тақырыбында №29 қалалық
2022 жылдың 10 ақпан күні №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушыларымен “Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды” тақырыбында №29 қалалық емхананың «Жастар денсаулық орталығы» бөлімінің психолог маманы А.Т. Беспаева оқушыларға психологиялық дәріс өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдерге темекінің зияны туралы айтып, салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру. @kairatbekshadiev @akmurzaevakarlygash @edu.almaty @almaty_mektepteri
Педагог-зерттеуші П.К. Абдумуталипова 9-сынып оқушыларына «Биотехнологияның негізгі бағыттары және отандық жетістіктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
12
февраль
2022
Педагог-зерттеуші П.К. Абдумуталипова 9-сынып оқушыларына
№178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында ашық сабақтар жалғасуда. Педагог-зерттеуші П.К. Абдумуталипова 9-сынып оқушыларына «Биотехнологияның негізгі бағыттары және отандық жетістіктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтады. Жазба жұмыстарында (шартты бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырып, орынды қолдана білді. Биотехнологияның
10 "Ж" сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.А.Усентаева "Ғаламшардағы жаһандық мәселелер" тақырыбында сабақ өткізді.
12
февраль
2022
10 "Ж" сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
№178 мамандандырылған лицейде 10 "Ж" сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.А.Усентаева "Ғаламшардағы жаһандық мәселелер" тақырыбында сабақ өткізді. Сабағында қазақ тілінің сөзжасам жүйесі көне замандардан бастап күні бүгінге дейін дамып, күрделеніп, ерекшеленіп, толығып қазіргі дәрежеге жеткенін түсіндіріп берді. Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыта отырып, физика, экология, көркем еңбек пәндерімен аралық байланыста жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
11 оқушы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында 20.01-10.02.2022 ж. аралығында барып, демалып келді.
12
февраль
2022
11 оқушы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ұлттық-ғылыми практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның 2021жылғы 14-желтоқсандағы №02-07 /425 хатына сәйкес Алматы қаласы Алатау ауданы қарасты мектептер бойынша 11 оқушы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында 20.01-10.02.2022 ж. аралығында барып, демалып келді. Балалар өте керемет әсер алып, демалыс жайлы жағымды пікірлер қалыптастырды.
9-сынып оқушылары Төлеген Диас пен Ахмет Даурен «SMS-хабарламалар арқылы заттарды басқару функциясы бар ақылды мектеп жобасы» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жазды.
12
февраль
2022
9-сынып оқушылары Төлеген Диас пен Ахмет Даурен «SMS-хабарламалар
№178 мамандандырылған лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы және Рахатов Дастан Төлеубекұлының жетекшілігімен физика ғылымының техника саласы бойынша 9-сынып оқушылары Төлеген Диас пен Ахмет Даурен «SMS-хабарламалар арқылы заттарды басқару функциясы бар ақылды мектеп жобасы» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жазды. Техниканың дамыған заманында заманауи технологиялардың көмегімен SMART SCHOOL жобасы арқылы республикалық кезеңге жолдама алды. Жаңашыл идеяларды бүкіл елімізге таратып,
"Тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы" тақырыбында әңгіме  жүргізілді.
12
февраль
2022
"Тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы" тақырыбында әңгіме жүргізілді.
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 8 "Ә" сыныбында "Тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы" тақырыбында әңгіме жүргізді. Лицейдің iшкi тәртіп ережелерімен таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуы, қарым-қатынас мәдениеті, лицей мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті.
«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында  түсіндірме жұмысын жүргізді.
12
февраль
2022
«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында түсіндірме
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен жас полиция көмекшілері 5-6 сынып оқушыларына «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты: оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу.