Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей оқушылары "Мамандықтар жәрмеңкесіне" қатысты
30
сентябрь
2025
Лицей оқушылары "Мамандықтар жәрмеңкесіне" қатысты
"Alatau Creative Hub" орталығы мен №178 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен Жұмысшылар жылына орай "Мамандықтар жәрмеңкесі" көрмесі ұйымдастырылды.
"Алматы - әсем қала"  атты әдеби кеш өтті
24
сентябрь
2025
"Алматы - әсем қала" атты әдеби кеш өтті
Мыңжылдық тарихы бар Алматы қаласының туған күніне орай "Alatau Creative Hub" орталығында "Алматы - әсем қала"  атты әдеби кеш өтті. Аталған  шараға лицейіміздің оқушылары да қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, үлестерін қосты.
"Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында сауалнама
17
сентябрь
2025
"Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында сауалнама
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша "Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында сауалнама толтырды. Сауалнама негізінде оқушылардың университеттерге Кампус Тур жасалуы мен мамандық таңдауы бойынша тест жұмыстары алынды.
Назарбаев  Университетімен танысу
06
сентябрь
2025
Назарбаев Университетімен танысу
Лицейіміздің оқушылары Назарбаев зияткерлік мектебінде 10-11 сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беру бойынша мамандары Назарбаев университеті жайлы ақпарат берді.
«Келешек мектептері» жобасы аясында салынған жаңа  мектептердің ашық есік күніне барған лицей оқушылары.
11
июль
2025
«Келешек мектептері» жобасы аясында салынған жаңа мектептердің ашық
Алматы қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған жаңа  мектептердің ашық есік күніне барған оқушылар заманауи жиһаздармен және оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталып, әрбір оқу кабинеті үшін қажетті техникалық құралдар жиынтығы қамтамасыз етілген мектептерді көрулері білім алуға деген ынталарын арттыратыны анық.  Ұлттық жоба аясында салынған мектеп ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың білім сапасын көтеруге мүмкіндік
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлері оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
14
май
2025
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлері және кәсіби бағдар беру маманы лицейімізге арнайы келіп, 10-сынып оқушыларына техникалық және өнеркәсіп саласындағы бірнеше мамандықтарды таныстырып, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Дұрыс таңдау жасау - "NARXOZ" университетіне саяхат-сабақтарда
08
апрель
2025
Дұрыс таңдау жасау - "NARXOZ" университетіне саяхат-сабақтарда
Дұрыс таңдау жаса! Лицейіміздің 10-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша қаламыздағы жоғары оқу орны, ТОП университеттердің бірі болып саналатын "NARXOZ" университетіне КАМПУС тур жасады. Яғни, саяхат-сабағы жобасы бойынша университеттің ішкі ережелерімен танысып, ғимараттарын аралап, ішкі грант, мемлекеттік гранттар жайлы ақпараттар берілді. Сондай-ақ, кәсіби бағдар беру мамандары келесі жылы университеттің ішкі гранттарына қатысып, өз бақтарын сынап, университет студенті болуға шақырды. 
ХАБАРЛАНДЫРУ!
17
март
2025
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті, ата-аналар мен 11-сынып оқушылары! Жоғары оқу орындарының ішкі гранты аясында өтетін олимпиадаға қатысып, өзіңнің білім деңгейің мен шығармашылық қабілеттеріңді сынап көр. Бұл – бағытталған тамаша мүмкіндік!
АТУ-дегі өндірістік сабақ
28
февраль
2025
АТУ-дегі өндірістік сабақ
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары Алматы Технологиялық Университетіне барып, өндірістік сабақ жобасына қатысып қайтты. Аталған университетте химия-биология және физика-математика пәндері бойынша мамандықтар туралы ақпараттар беріліп, профессорлар мен ғалымдардың жасаған өнімдерін оқушыларға таныстырды. Университет ғимаратындағы лабораториялардың жұмыстары оқушылардың қызығушылығын оятты.
"KIMEP" университетіне саяхат-сабақ
21
январь
2025
"KIMEP" университетіне саяхат-сабақ
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі "KIMEP" университетіне "Кампус тур" жасап, саяхат-сабағына қатысып келді. Оқушылар өздеріне тиісті ішкі және бизнес гранттары жайында және мамандық таңдау бойынша көптеген маңызды ақпараттармен танысты.