Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей оқушылары «Балафест» байқауында жүлделі орын алды
26
апрель
2026
Лицей оқушылары «Балафест» байқауында жүлделі орын алды
Аудандық «Балафест» байқауы аясында өткен «Кітап – білім бұлағы» байқауының «Театр өнері арқылы – оқуға» номинациясы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 6 «Б» сынып оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жас өнерпаздар өздерінің сахналық шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді. Бұл жетістік – оқушылардың өнерге деген қызығушылығы мен ұстаздарының еңбегінің нәтижесі.
Болашақ мамандыққа қадам: оқушылармен кәсіби кездесу
24
апрель
2026
Болашақ мамандыққа қадам: оқушылармен кәсіби кездесу
Лицейдің 10-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша Алматы энергетика және байланыс университетінің мамандары университет пен мамандықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Меморандум аясындағы тәжірибелік сабақтар
23
апрель
2026
Меморандум аясындағы тәжірибелік сабақтар
Лицейде жүзеге асырылып жатқан «Мен – практик!» жобасы аясында теория мен тәжірибені ұштастыруға ерекше мән берілуде. Осы мақсатта мамандандырылған лицей мен Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі арасында жасалған меморандум негізінде колледж мамандары 9-сынып оқушыларымен кездесіп, практикалық сабақтар өткізді. Сабақ барысында оқушылар энергетика саласының қыр-сырын меңгеріп, өз қолдарымен тәжірибе жасап, алғашқы кәсіби дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алды.
«Болашаққа қадам: 10-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары»
21
апрель
2026
«Болашаққа қадам: 10-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары»
Кәсіби бағдар беру маманы Тілеужан Әбілқайырдың ұйымдастыруымен лицейдің 10-сынып оқушыларына келесі жылы 11-сыныпта ҰБТ тапсыру және мамандық таңдау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Сондай-ақ математика пәнінің мұғалімі: Есенғалиев Санат пен тарих пәнінің мұғалімі: Шынасыл Ғалымжан Жораұлы да өздерінің пікірлерін білдіріп,  оқушыларға маңызды ақпараттарды жеткізді. 
«Кәсіби бағдар берудегі тиімді тәжірибелер: лицей үлгісі»
20
апрель
2026
«Кәсіби бағдар берудегі тиімді тәжірибелер: лицей үлгісі»
Лицейдің кәсіби бағдар беру бойынша маманы Тілеужан Әбілқайыр «OPENSCHOOL: ТАБЫСТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕРГЕ ЭКСКУРСИЯ» тақырыбында өткен қалалық іс-шарада лицейімізде атқарылып жатқан шараларды мектеп директорларына таныстырып, лицейдегі «саяхат-сабағы» және «Мен, практикпін!» жобасын таныстырды.
Кәсіби бағдар беру
14
апрель
2026
Кәсіби бағдар беру
Өзара ынтымақтастық келісім негізінде арнайы МЕМОРАНДУМ бойынша лицейімізге Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің мамандары кәсіби бағдар беру бойынша 10-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Абай әлемі» байқауы
14
апрель
2026
«Абай әлемі» байқауы
Лицейіміздің дарынды оқушысы Қуанышқызы Ерке «Абай әлемі» байқауына қатысып, өзінің бағын сынады.
"Түрік университеттері көрмесі" шарасы
13
апрель
2026
"Түрік университеттері көрмесі" шарасы
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша Алматы қаласында орналасқан Түрік елшілігінің ұйымдастыруымен өткен "Түрік университеттері көрмесі" шарасына қатысты.
«БалаFEST – шығармашылықтың жарқын алаңы»
13
апрель
2026
«БалаFEST – шығармашылықтың жарқын алаңы»
Лицейіміздің кәсіби бағдар беру маманы Тілеужан Әбілқайыр аудандық «БалаFEST» байқауында «БУКТРЕЙЛЕР» бағыты бойынша әділқазылар алқасының құрамында болып, аудан оқушыларының шығармашылық жұмыстарын бағалады.
"БалаFEST" байқауы
13
апрель
2026
"БалаFEST" байқауы
Алатау ауданы мектептері арасында "БалаFEST" байқауының "театрландырылған көрініс" бағыты бойынша лицейіміздің 6 "Б" сыныбының оқушылары  6-8 сыныптар арасында сайысқа түсіп,  жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Лицей оқушылары ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармаларын насихаттап, өлеңдерін оқып, сахналық қойылым қойды.