Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақтың абыз ақсақалына құрмет!
13
январь
2026
Қазақтың абыз ақсақалына құрмет!
Бүгін, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, қазақтың аңыз да, абыз ақсақалы - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай арнайы саяхат-сабағы жобасы ұйымдастырылды. Лицейіміздің оқушылары және түлегі қаламызда орналасқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев мұражайына барып, экскурсия жасады.  Мұражайда Дінмұхамед Қонаев жайында маңызды ақпараттар беріліп, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Спорт - денсаулық кепілі» турнирі
05
январь
2026
«Спорт - денсаулық кепілі» турнирі
Лицейімізде 6-сынып оқушылары арасында волейболдан «Спорт - денсаулық кепілі» тақырыбында "Директор кубогы - ІІ" дәстүрлі турнирі өткізілді. Өзара тартысты бәсекеде 6 «А» сыныбы чемпион атанса, 6 «В» сыныбы ІІ, 6 «А» сыныбы ІІІ  орын иегері атанды. Сондай-ақ   үздік ойын өрнегін көрсеткен оқушыларға арнайы номинациялармен марапатталды.
«Әскери өмірдің ерекшеліктері мен қызықтары» тақырыбындағы түсіндірме жұмыстары
23
декабрь
2025
«Әскери өмірдің ерекшеліктері мен қызықтары» тақырыбындағы түсіндірме
«Арыстан» мамандандырылған лицейінің оқушысы Сейілбек    Шерзатхан лицейіміздің 7-8 сынып оқушыларына біртұтас тәрбие негізінде «әскери өмірдің ерекшеліктері мен қызықтары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"TALQYLA" қазақша QUIZ ойыны
12
декабрь
2025
"TALQYLA" қазақша QUIZ ойыны
Лицейіміздің 6-сынып оқушылары Зерделі Халықаралық мектебінде өткен "TALQYLA" қазақша QUIZ ойынына қатысып, "178-Достар" және "178-Жалын" 2 командасы қатысып, үздік алты  топтың ішінен ІІ орынға ие болды. Лицейіміздің дарынды және талантты оқушыларын кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!
Дұрыс таңдау жаса!
08
декабрь
2025
Дұрыс таңдау жаса!
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі "KIMEP" университетіне саяхат-сабағына барды.
"Абай әлемі" тақырыбында өткен саяхат-сабағы
08
декабрь
2025
"Абай әлемі" тақырыбында өткен саяхат-сабағы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде "Абай әлемі" тақырыбында өткен саяхат-сабағына Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші - Темирова Гүлназ Сембайқызы  оқушыларға университет тарихы мен сол университетті бітірген танымал тұлғаларды анықтау мақсатында арнайы тапсырмаларды беріп, саяхат-сабағына барған оқушылармен кері байланыс жасады.
"Өз ортаңа үлесіңді қос"
05
декабрь
2025
"Өз ортаңа үлесіңді қос"
5 желтоқсан Дүниежүзілік еріктілер күніне орай "Өз ортаңа үлесіңді қос" тақырыбында лицейіміздің дарынды оқушылары 5-сыныптарға математика және тарих пәндері бойынша түсінбеген тақырыптары мен есептерді түсіндіріп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"ATU Open Day" және "Білім, Тәжірибе, Мүмкіндік" тақырыбында өткен ашық есік күні
28
ноябрь
2025
"ATU Open Day" және "Білім, Тәжірибе, Мүмкіндік" тақырыбында өткен
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары Алматы технологиялық университетінде "ATU Open Day" және "Білім, Тәжірибе, Мүмкіндік" тақырыбында өткен ашық есік күніне қатысты. Университет тарапынан оқушыларға студенттік атмосфераны сезіну үшін шоу ұйымдастырылып, шара соңында кәсіби бағдар беру бойынша мамандықтарға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
"Абай әлемі" - қазақ әдебиетінің асыл діңгегі
27
ноябрь
2025
"Абай әлемі" - қазақ әдебиетінің асыл діңгегі
27 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде рухани мазмұны терең, тағылымы мол «Абай күні» атты саяхат- сабағы өткізілді. Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының мектептермен байланысты нығайтуға бағытталған бұл шара – білім мен парасаттың тоғысқан мерекесі десе болады. Хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында өткен мазмұнды іс-шараға Алматы қаласы, Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
"Жыр тұғыры - Жұмекен" тақырыбындағы кездесу
26
ноябрь
2025
"Жыр тұғыры - Жұмекен" тақырыбындағы кездесу
"Alatau Creative Hub" орталығында, Қазақстан Республикасының гимнің сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдық мерейтойына орай "Жыр тұғыры - Жұмекен" тақырыбында іс-шара өтті. Шараға балалар әдебиетінің жазушысы, ақынның рухани досы - Нұрдаулет Ақыш қатысты. Лицейіміздің 6 "Б" сынып оқушылары Қуанышқызы Ерке мен  Өсербай Әмір қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды. Шара барысында орталықтың атынан оқушыларға Абай Құнанбайұлының қара сөздері жазылған кітаптар табыс етіліп, жазушы Нұрдаулет Ақыш