Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
9”Б” мен 9”А” сыныптарына  “Сүт өнімдері” тақырыбында инфосабақ өткізілді.
05
март
2024
9”Б” мен 9”А” сыныптарына “Сүт өнімдері” тақырыбында инфосабақ
05.03.24 күні  9”Б” мен 9”А” сыныптары қосылып, бірге инфосабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: “Сүт өнімдері”. Инфосабақ өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар жаңа ақпарат біліп, видеоролик тамашалап, бірін-бірімен пікірталас құру арқылы өздеріне керегін алды. Онымен қоса қызықты ойындар ойнап, сергіту сәттері де болды. 9”А” сыныбы мен 9”Б” сыныбы да сабаққа жақсы дайындықпен келген. Дайындаған презенциялары мен видео материалдарын көрсетіп бір-бірімен ақпарат алмасты.
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
04
март
2024
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Наурыз айының 04-күні №178 мамандандырылған лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.  
"Асханадағы ас мәзіріне жалпы түсінік" тақырыбында ата-аналармен  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
01
март
2024
"Асханадағы ас мәзіріне жалпы түсінік" тақырыбында ата-аналармен
2024 жылдың 1 наурыз күні "Салауатты тамақтану мектебі" аясында № 178 мамандандырылған лицейде "Асханадағы ас мәзіріне жалпы түсінік" тақырыбында ата-аналармен  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мақсаты: 7-11 сынып оқушыларының бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасын анықтау. Асхананың электронды  құжаттарымен  web-сайтта таныстыру жұмыстары жүргізілді.