Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей психологтары «Өтпелі өмірдің бәрін жеңе біл»
15
май
2020
Лицей психологтары «Өтпелі өмірдің бәрін жеңе біл»
Лицей психологтары «Өтпелі өмірдің бәрін жеңе біл» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен «ZOOM» платформасы арқылы тренинг жүргізді. Мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі қандай жағдай болса да, психологиялық тұрғыдан дайындауға өз мәдениетін жағымды жағыннан бейімдеу және «Мен» концепциясын қалыптастыру.
15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні
15
май
2020
15 мамыр - халықаралық отбасы күні
15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз
"Абай жолы" Республикалық ән-күй, көркем сөз, бейнелеу өнері онлайн байқауы
14
май
2020
"Абай жолы" Республикалық ән-күй, көркем сөз, бейнелеу өнері онлайн
    Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 175 жылдығына орай ұйымдастырылған "Абай жолы" Республикалық ән-күй, көркем сөз, бейнелеу өнері онлайн байқауында "Көркем сөз" жанры бойынша №178 лицейдің 5 сынып оқушысы Бекен Әлішер үздік нәтиже көрсетіп Бас жүлдені жеңіп алды.    Жетекшісі Батырхан Әсел үздік шәкірт дайындағаны үшін арнайы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Халықаралық "Бойтұмар" өнерлі балалар байқауы
14
май
2020
Халықаралық "Бойтұмар" өнерлі балалар байқауы
    Халықаралық "Бойтұмар" өнерлі балалар байқауы және Республикалық "Бойтұмар.kz" балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби-танымдық журналы Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойы шеңберінде ұйымдастырылған байқауға №178 лицейдің оқушысы Керімбаева Жібек "Қолөнер" номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алды.      Жетекшісі Мұса Жанеркеге атсалысқаны ұшін алғыс білдіріп, арнайы дипломмен марапатталды.
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
14
май
2020
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
    Қашықтықтан Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада сайттары ұйымдастырған Биология пәні бойынша өткізілген олимпиадаға лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, І және ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.     Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі Бастерова Балқия Айдаркуловна      Оқушыларымыз бен мұғалімдерімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!
"Ұлы жеңістің 75 жылдығы" тәрбие сағаты
14
май
2020
"Ұлы жеңістің 75 жылдығы" тәрбие сағаты
Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейдің 8 "А" сынып оқушылары "Ұлы жеңістің 75 жылдығы" тәрбие сағатын ұсынамыз.
«Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс» вебинар
13
май
2020
«Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс» вебинар
15:00-15:03 Қайырлы күн конференцияға қатысушы ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ӨТЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ІС» тақырыбындағы конференциямызды бастауға рұқсат етіңіздер.  Қонақтарымызбен таныса отырсақ: Жазылбек Ләззат Исатаевна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  доценті, Мейірбекова Гүлжазира Болатовна, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Смагулова Алия Белгібаевна  – Алатау аудандық Білім бөлімінің
№178 лицейдің қашықтан оқу барысында  «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тәрбие сағаты өткізілді
13
май
2020
№178 лицейдің қашықтан оқу барысында «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі»
Тақырыбы «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» Мақсаты балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады. Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады.
Алатау ауданының педагог-психологтарының қашықтықтан оқытудағы жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
13
май
2020
Алатау ауданының педагог-психологтарының қашықтықтан оқытудағы
«Алатау ауданының педагог-психологтарының қашықтықтан оқытудағы жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында № 178 лицей педагог-психологтары «ZOOM» платформасы арқылы аудан педагог-психологтарымен өз тәжірибелерімен ой бөлісті.