Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" тақырыбында сынып сағаттары өтті
29
сентябрь
2020
"Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" тақырыбында сынып сағаттары өтті
Ұстаздар мерекесі күніне орай лицейімізде 5-11 сыныптар арасында "Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Ұстазын ұлықтағандар ұлттың ұлы мен қызына айналары хақ. Себебі, ғалым да, кенші де бас иетін бұл мерекенің орны бөлек. Барша ұстаздар қауымының мерейлері өсіп, мәртебелері арта берсін!
Тілдер мерекесіне орай өткен іс-шаралар
24
сентябрь
2020
Тілдер мерекесіне орай өткен іс-шаралар
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері мерекесі күніне орай лицейімізде жүргізіліп жатқан іс-шараларға оқушыларымыз белсенді түрде атсалысуда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назгүл Бақытқызының жетекшілігімен 7 "Ғ" сынып оқушысы Тулеген Аяулым "Үйрен ана тіліңді" атты өлеңін мәнерлеп оқыса, Сәуле Аметованың жетекшілігімен 8 "И" сыныбының оқушысы Санатбек Қарақат "Ана тілім" өлеңін оқыды. 
11 сыныптармен психологиялық жаттығулар жүргізілді
18
сентябрь
2020
11 сыныптармен психологиялық жаттығулар жүргізілді
Лицей психологі Жанна Ағажанованың ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларымен Zoom платформасы арқылы психологиялық жаттығулар жүргізілді. Жаттығу мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
"Ел жастары" балалар мен жастарды тәрбиелеудің аймақтық бағдарламасы
16
сентябрь
2020
"Ел жастары" балалар мен жастарды тәрбиелеудің аймақтық бағдарламасы
Лицейімізде "Ел жастары" балалар мен жастарды тәрбиелеудің аймақтық бағдарламасы негізінде 2020-2021 оқу жылына сәйкес онлайн жиналыс өткізілді. Онлайн жиналыста оқушыларға алдағы уақытта өтетін іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстар және тәрбие негізінде түсіндірме жұмыстары айтылып, онлайн іс-шараларға ат салысып жүрген Эльмира Жанатқызы жетекшілік ететін 10"А" сыныбының оқушылары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысқаны үшін лицей директорының алғыс хатымен марапатталды. Лицейімізде "Ел
"Білімпаз отбасы" зияткерлік сайысы өтті
14
сентябрь
2020
"Білімпаз отбасы" зияткерлік сайысы өтті
2013 жылы Президент Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген. Сол жылдан бері Отбасы күні жылда аталып өтіледі. Биылғы жылы мерекеге орай №178 лицейде 14 қыркүйек күні 8 сыныптардың жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Білімпаз отбасы" атты отбасылық зияткерлік сайыс өтті. Шараның басты мақсаты - ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын нығайту, оқушыларға отбасы құндылығының  мәнін түсіндіру. Сайысқа оқушылар ата-аналарымен бірге қатысып, нәтижесінде 8 "в" сыныбы
№178 мамандандырылған лицейдің Call Center өкілдері
11
сентябрь
2020
№178 мамандандырылған лицейдің Call Center өкілдері
Құрметті ата-аналар!       Елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты І тоқсаннан бастап сабақтар қашықтықтан оқытумен жүргізілуде. Бұл жағдай қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Барлық ата-аналар, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз! Ең бастысы, сақтық пен сыни ой керек.       Мемлекет тарапынан айтылып жатқан кеңестерге, карантин шараларына бағынған жөн. Қашықтықтан оқыған кезде көп сұрақтар туындауы мүмкін, біз, лицей әкімшілігі сіздердің сұрақтарыңызға тікелей жауап береміз.     
Отбасы күні құтты болсын!
07
сентябрь
2020
Отбасы күні құтты болсын!
№178 лицей директоры барша лицей ұжымын, ата-аналарды, оқушыларды Отбасы күнімен құттықтап, алдағы уақыттағы біздің баршамызға ортақ міндет – өткенін сыйлайтын, еліне қалтқысыз қызмет етіп, болашаққа сеніммен қарайтын өнегелі ұрпақ тәрбиелеу екендігін айтты. Отбасы күнінде барлық шаңыраққа шаттық, береке, бақыт тіледі!
2020-2021 оқу жылы САБАҚ КЕСТЕСІ
01
сентябрь
2020
2020-2021 оқу жылы САБАҚ КЕСТЕСІ
2020-2021 оқу жылы сабақ өтілу уақыты    1-ші ауысым № Басталуы Аяқталу Үзіліс 1 8:00 8:40 5 мин 2 8:45 9:25 5 мин 3 9:30 10:10 15 мин 4 10:25 11:05 5 мин 5 11:10 11:50 5 мин 6 11:55 12:35 5 мин 7 12:40 13:20 2-ші ауысым № Басталуы Аяқталу Үзіліс 1 13:30 14:10 5 мин 2 14:15 14:55 5 мин 3 15:00 15:40 15 мин 4 15:55 16:35 5 мин 5 16:40 17:20 5 мин 6 17.25 18:05 5 мин 7 18:10 18:50 https://schools.kundelik.kz/schedules/ScheduleTable.aspx?school=1000002636877
Лицей директорының Білім күнімен құттықтауы
01
сентябрь
2020
Лицей директорының Білім күнімен құттықтауы
2020 жылғы 1 қыркүйек күні №178 лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы лицей ұстаздары мен оқушыларын және ата-аналарын Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік және жаңа жетістіктер тіледі.
Лицейіміздің былтырғы түлектері  жаңа оқу жылымен құттықтады
01
сентябрь
2020
Лицейіміздің былтырғы түлектері жаңа оқу жылымен құттықтады
Лицейіміздің былтырғы түлектері, 11"Ә" сыныбының оқушылары, лицей мұғалімдері мен оқушыларын жаңа 2020-2021 оқу жылымен құттықтап, баршаларына сәттілік тілей отырып, сондай-ақ 9"Е" сыныбының оқушыларына құттықтау эстафетасын жолдады. Өз кезегінде 9"Е" сыныбы да 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтау бейнежазбасын ұсынды. Қабыл алыңыздар!