15
декабрь
2020
"Елбасы Медалі" жобасы
"Елбасы Медалі" жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты. Сондықтан жеңімпаздарға берілетін медальдар мен жоба «Елбасы Медалі» деп аталады.
«Елбасы Медалі» жобасының мақсаты: әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау. Бағдарламада әрбір қатысушы өз бейімділігін таба алатындай, өзін-өзі бағалай алатындай, өз ісінің үздігі, өз саласында көшбасшы, дербес тұлға бола алатындай және оған айналасындағыларды үйрету мүмкіндігі болатындай әзірленген. №178 лицейдің де оқушылары “Елбасы Медалі” жобасына қатысып, “Қола медальға” ие болды. Олар: Уалихан Балауса 10 сынып, Нұраліұлы Тұран 9 сынып, Намысбаев Бексұлтан 10 сынып, Тұрсынов Нұржан 10 сынып. Шәкірттеріміздің қола медальға қол жеткізуінің өзі оңай болды деп айта алмаймыз. Өйткені, соңғы алты ай көлемінде спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы сынды бағыттар бойынша ұйымдастырушылар тарапынан берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау қажет болған. Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренді. Шәкірттеріміздің жетер белестері көбейе берсін!