Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің Отанымның қызғалдақтары" презентациялар байқауы
19
май
2020
"Менің Отанымның қызғалдақтары" презентациялар байқауы
     Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығына орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген "Көктем көркі - қызғалдақ" атты ашық онлайн-фестивалінде "Менің Отанымның қызғалдақтары" презентациялар байқауына №178 лицейдің оқушысы Даниярова Динара белсене қатысқаны үшін арнайы грамотамен марапатталды. Жетекшісі: Жандыбаева Торқалы.
«Кенгуру - математика барлығы үшін» ойын-сайысы
19
май
2020
«Кенгуру - математика барлығы үшін» ойын-сайысы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдету және сол пәнге олардың қызығушылықтарын арттырып, дарынды балаларды айқындау мақсатында, 2020 жылғы 2-3 мамырда 3-11 сынып оқушыларының арасында «Кенгуру - математика барлығы үшін» математикалық сайысы (қашықтық режимде) атты Халықаралық математикалық ойынын өткізді. Өткен олимпиадаға №178 лицейдің оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымызды  жеңістерімен құттықтаймыз!
"Aqyldy student" білім беру орталығы ұйымдастырған онлайн олимпиада
19
май
2020
"Aqyldy student" білім беру орталығы ұйымдастырған онлайн олимпиада
"Aqyldy student" білім беру орталығы ұйымдастырған математика пәнінен І қалалық онлайн олимпиададан №178 лицейдің оқушылары жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Ахметқызы Төлеген. Жеңістеріңіз құтты болсын!
Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай
18
май
2020
Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай
   Жастардың бойына адалдықты, парасаттылықтың сіңіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен барлық оқу орындарында "Адалдық сағаты" өткізілді.      ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында:  "Абайды білу - өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы, жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс"-деп атап көрсетті.     18 мамыр 2020 жылы Абайдың 175
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасы
18
май
2020
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық
      Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасы екі турда өткізілді: 1 тур – 23 сәуірде; 2 тур – 29 сәуірде. Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға ынталандыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру.      Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының 7-8 сыныптарда қазақ және орыс тілдерінде білім алатын оқушылар қатысты.
«Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті.
16
май
2020
«Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
    №178 лицейде 16.05.2020ж. сағат 15.00-де «Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде: 1) 2019-2020 оқу жылының қорытындысын талдау. Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы. 2) 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарын талқылау. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева К.С. және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абуова Ж.З. 3) Әртүрлі мәселелер.     Жиналысты лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың (ТЖБ) кестесі
15
май
2020
Тоқсандық жиынтық бағалаудың (ТЖБ) кестесі
      2020 жылдың мамыр айының 18-22 аралығында №178 лицейдің барлық сыныптарында IV тоқсан бойынша т оқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өтеді. Назарларыңызға ТЖБ өткізу күндерінің кестесі ұсынылады. Баршаңызға білім сапасын арттыру жолында сәттілік тілейміз!!!
"Спидкубинг" Рубик (3х3х3) текшелерін жинау
15
май
2020
"Спидкубинг" Рубик (3х3х3) текшелерін жинау
        Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы Дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы "Спидкубинг" Рубик (3х3х3) текшелерін жинау қашықтық сайысын өткізді.      Бұл сайысты өткізудің мақсаты мен міндеттері: оқушылар арасында математикаға деген қызығушылықты дамыту, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру, балалардың логикалық, сондай-ақ көрнекі-әрекеттік ойлауларын дамытуда дербестік пен шығармашылыққа тәрбиелеу.     Біздің
Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз!
15
май
2020
Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз!
    Халықаралық отбасы күнімен лицейіміздің барша мұғалімдері мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға жеміс тілейміз. Әр шаңырақта отбасының мерейі өсіп, тек қуаныштар мен жақсылықтар бола берсін. Мереке құтты болсын, құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Құрметпен, лицей әкімшілігі  
Қашықтан оқу кезінде тың әдістерді игерген ұжым
15
май
2020
Қашықтан оқу кезінде тың әдістерді игерген ұжым
    Қазіргі таңда елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты оқушылардың қашықтан оқу режіміне көшуі еліміздің білім саласында жаңа технологияларды игерудің, жаңаша бастамалар мен ізденістерді танудың кезеңімен бетпе-бет келді.   «Қашықтан оқу бағдарламасын өз уақытында игеріп, балаларды сапалы біліммен қамтамасыз етуде мектеп ұстаздары осынау жауапкершілікті түсіне отырып, заманауи технологиялардың көмегімен тың материалдарды игерді деуге негіз бар. Осы тұста қашықтықтан оқытудың