Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өз жұлдызыңды тап» атты тренинг өткізілді
21
октябрь
2020
«Өз жұлдызыңды тап» атты тренинг өткізілді
2020 жылдың 21 қазан күні лицей психологі Ж.А.Агажанова 11 сынып оқушыларымен «Өз жұлдызыңды тап» атты тренинг ұйымдастырып, zoom платформасы арқылы өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты: оқушылардың өмірге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өмірден өз орындарын табуға ықпал ету. Тренинг барысында «Жасырын хат,ойлан тап!», «Лимон» және т.б жаттығулар жүргізілді. Тренинг соңында мектеп бітіруші түлектерге психологиялық кеңестер айтылды. Іс-шараға оқушылар белсене қатысып, өз ойларын ашық жеткізе
«DARYN ECOART»  суреттер мен қолөнер бұйымдарынан экологиялық байқауы
21
октябрь
2020
«DARYN ECOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарынан экологиялық байқауы
№178 лицейдің 5 "А" сынып оқушысы Әбдіқасым Әлиескендір «DARYN ECOART» атты суреттер мен қолөнер бұйымдарынан аудандық экологиялық байқауында туған өлкенің табиғаты мен пейзажы тақырыбындағы үздік сурет бағыты бойынша ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі: Икласов Бакыт Сагиолданович
«Бала құқығы – адам құқығы» атты тәрбие сағаттары өткізілді
20
октябрь
2020
«Бала құқығы – адам құқығы» атты тәрбие сағаттары өткізілді
20 қазан - 20 қараша Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған айлық жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 20 қазан күні №178 лицейде 5-11 сыныптарда «Бала құқығы – адам құқығы» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Республикалық Ұлттық интернет олимпиадасы
20
октябрь
2020
Республикалық Ұлттық интернет олимпиадасы
    www.nio.kz Республикалық Ұлттық интернет олимпиада сайты Ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасына қатысқан лицей оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі: Мамутова Айнур Дарханбековна
«Қызықты математика және логика»  Республикалық онлайн-олимпиадасы
20
октябрь
2020
«Қызықты математика және логика» Республикалық онлайн-олимпиадасы
«Kemel Acedemy» онлайн-мектебі ұйымдастырған «Қызықты математика және логика» ІІІ-ші күзгі Республикалық онлайн-олимпиадасына қатысқан лицейіміздің 5 сынып оқушысы Асылбай Жалғас І орын иеленді.
Республикалық "Ұлы есім иелері" басылымы ұйымдастырған байқауда
20
октябрь
2020
Республикалық "Ұлы есім иелері" басылымы ұйымдастырған байқауда
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің республикалық “Ұлы есім иелері” газетінің ұйымдастыруымен музыка пәнінен өткен олимпиададан 5 "Е" сынып оқушысы Асылбай Жалғас “Дәстүрлі ән” жанры бойынша І орын алса, ”Вокалдық ән” жанрынан 6 "А" сынып оқушысы Баяш Анель ІІ орынға ие болды. Шәкірттер дайындап, жетекшілік еткен музыка пәнінің мұғалімі Асанова Гульшат Рамазанқызы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Үйірме жұмыстары: Шахматтан біліктілік  турнирі
20
октябрь
2020
Үйірме жұмыстары: Шахматтан біліктілік турнирі
Шахматтан біліктілік турнирі жарысында 5 “Ғ” сынып оқушысы Асетұлы Мадиар ІІ жүлделі орынға ие болып, өз біліктілігін ІІ разрядқа көтерді. Жетекшісі: Амонбоев Сино Насибджонович
"Кім жүйрік?"  математикалық сайысы
19
октябрь
2020
"Кім жүйрік?" математикалық сайысы
Лицейімізде математика кафедрасының онкүндігі аясында 5-11 сынып оқушылары арасында "Кім жүйрік?" тақырыбында математикалық сайыс басталды. Жауабын қазан айының 23 күніне дейін talant_daryn@inbox.ru почтасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары
19
октябрь
2020
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары
    Лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Рапилова мұғалімдер арасында өткен халықаралық олимпиадасының жеңімпазы атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, 5 "Г" сынып оқушысы Рахат Бердіқұл халықаралық қазақ әдебиеті пәнінен 5 сыныптар арасында өткен олимпиадасының жеңімпазы ретінде танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі: Рапилова Эльмира Жанатқызы
Шахматтан қалалық квалификациялық жарыс
19
октябрь
2020
Шахматтан қалалық квалификациялық жарыс
Шахмат ойыны бойынша қалалық квалификациялық жарыстан лицейіміздің 5-сынып оқушысы Үшкемпіров Қажыкен І орын жеңіп алды.