Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Алтын сақа» олимпиадасы
12
декабрь
2020
«Алтын сақа» олимпиадасы
Алматы қаласы «Зерделі ақыл – ой дамыту орталығы» және № 178 лицейінің ұйымдастыруымен өткен 5-6 сынып оқушылары арасында ағымдағы жылдың 1  желтоқсанында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың өткізілу мақсаты: 5-6 сынып оқушыларының білімге деген көзқарастарын қалыптастыру, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Олимпиада қорытындысы бойынша, 6 сыныптан - 11 оқушы, 5 сыныптан - 24 оқушы жүлделі
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
10
декабрь
2020
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 3–8.12.2020ж. жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ қалалық іріктеу кезеңін Online жүйесінде өткізді. Конкурстың негізгі мақсаттары: - оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру; - ойлау қабілетін дамыту; - ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету; - Қазақстан Республикасының зияткерлік  әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
"Ең үздік топ басшысы" байқауы
08
декабрь
2020
"Ең үздік топ басшысы" байқауы
Лицейімізде санитарлық талаптарды сақтай отырып, 9 сынып оқушылары арасында "Ең үздік топ басшысы" байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: топ басшыларының көшбасшы ретінде өздерін дәлелдеу, сыныпты ұйымшылдыққа, татулыққа баулып, сынып жетістіктері мен тәртібін қадағалау. Нәтижесінде 9 "Б" сыныбының топ басшысы Мейірім Милана "Ең үздік топ басшысы" атағын жеңіп алып,  Бас жүлде иегері атанды. І орын  - Мұстафа Ажар (9 "А" сынып); ІІ орын - Болат Тамирлан (9 "Ж" сынып); ІІ орын - Жаманбай
"Қолөнер шебері" атты Республикалық байқау
08
декабрь
2020
"Қолөнер шебері" атты Республикалық байқау
Қазақстан Республикасының "BILIMBULAQ.KZ" қосымша білім және дамыту порталы оқу саласында балаларға жаңа бағыт беру мақсатында ұйымдастырылған "Қолөнер шебері" атты Республикалық байқауда топ жарған №178 лицей оқушылары  марапатталды. Жетекшісі: Абыканова Манар
І Республикалық "Абай әлемі және рухани мұрасы" қашықтық олимпиадасы
08
декабрь
2020
І Республикалық "Абай әлемі және рухани мұрасы" қашықтық олимпиадасы
Ұлы Абай мұрасын игеру үнемі ізденісті, ойлануды талап етеді. Қайталап оқыған сайын білімің толыға түседі. Сол себепті, оқушыларымды осындай олимпиадаларға қатыстыра отырып, Абай әлемін тануға жетелеуді  мұғалімдік міндетім деп түсінемін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауелбекова Айман
Қалалық онлайн пікірсайыс турнирі
07
декабрь
2020
Қалалық онлайн пікірсайыс турнирі
Құрметті 178 лицей ұжымы!     Қалалық онлайн пікірсайыс турнирінде белсенділік көрсеткен оқушыларға алғысымызды білдіріп, жүлделі орын алған оқушыларыңызды шын жүректен құттықтай отыра төмендегі сертификаттарды табыстаймыз!  3- орын иегері атанған "Avenue" тобына 100 000тг көлемінде дайындық курстарына сертификат берілді. Әр оқушыға ағылшын тілі курстарына 5000 теңгелік сертификат берілді. Құрметпен,  "Alpha Academy"  Білім Академиясы
«Біз пара бермейміз және алмаймыз»  тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті
05
декабрь
2020
«Біз пара бермейміз және алмаймыз» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел
  2020 жылдың 5-желтоқсан күні №178 лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың басшылығымен, «Адал ұрпақ» еріктілер лицей клубының жетекшісі А.Хамзаның ұйымдастыруымен,   9-сынып оқушылары арасында «Біз пара бермейміз және алмаймыз» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, өз құқықтарын қорғай білуге
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы
05
декабрь
2020
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы
Лицейіміздің 5 "А" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс Алатау ауданы бойынша республикалық "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүше болу үшін ресми түрде Ант қабылдады. Білімді, талантты оқушымызға тек сәттілік пен жеңіс тілейміз!
"Мұрагер" интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған байқау жеңімпаздары
04
декабрь
2020
"Мұрагер" интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған байқау
Қазір оқушылар арасында әртүрлі байқаулар мен олимпиадалар онлайн нұсқада қашықтықтан үздіксіз өткізіліп тұрады. Осындай сайыстарға №178 лицейдің оқушылары да жиі қатысып, жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға қол жеткізіп келеді. Солардың бірі "Мұрагер" интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған «Мәнерлеп оқу» байқауын атауға болады. Осы сайысқа 8 «Г» сынып оқушысы Оқан Асыл қатысып І орын иеленді. «Келер жылдан күтерім» эссе байқауына қатысқан 8 «Г» сынып оқушысы Рысқұлова Нұрлы да І орынды
"Ақ бота" интеллектуалды марафоны онлайн форматында өтті
04
декабрь
2020
"Ақ бота" интеллектуалды марафоны онлайн форматында өтті
  "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 22-28 қараша аралығында "Ақ бота" интеллектуалды марафонын онлайн форматында өткізді. Конкурстың мақсаты мен міндеттері: дарынды оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту, білімдерін тереңдету. "Ақ бота" интеллектуалды марафоны - бұл оқушылардың логикалық ойлау мен интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған және олардың білімдерін тексеруге мүмкіндік беретін жарыс.    "Ақ бота" интеллектуалды марафонына № 178 лицейдің 5-10 сынып