Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ертеңгі болашақ - білімді ұрпақ
27
февраль
2021
Ертеңгі болашақ - білімді ұрпақ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің ұйымдастыруымен ақпан айының 27 күні өткен жалпы білім беретін мектеп оқушыларына және студенттерге арналған ІІ Халықаралық «Жас зерттеуші» атты ғылыми жоба жұмыстары конкурсында 10 «Ә» сынып оқушысы Ахмет Ақнұр лауреат атанып, «Ізденімпаз» номинациясы бойынша ІІ жүлделі орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі: Кенжебаева Жанна. Шәкіртімізге шығармашылық табыстар тілейміз!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізілді
25
февраль
2021
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында
    2021 жылдың 25 ақпан күні №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті лицей клубының жетекшісі А.Т.Қамза 9-10 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету,
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтың 70 жылдығына орай ұйымдастырылған онлай көрме
23
февраль
2021
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтың 70 жылдығына орай №178 мамандандырылған лицейде 2021 жылдың 23 ақпан күні онлайн-көрме ұйымдастырылды. Көрмені дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Базарбаев Еркебұлан мен Жампеисова Әсем өткізді.
Online форматта 7-8 сыныптар бойынша лицейішілік пәндік олимпиада өткізілді
18
февраль
2021
Online форматта 7-8 сыныптар бойынша лицейішілік пәндік олимпиада
Пән олимпиадасы – оқушы білімін саралайтын сынақ. Лицейішілік пән олимпиадасы оқушылардың білім деңгейлерін анықтаумен ғана шектелмей, олардың пәнге деген қызығушылығын дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілді. Осыған орай,  №178 мамандандырылған лицейде ақпан айының 17-18 күндері Online форматта  7-8 сыныптар бойынша лицейішілік пәндік олимпиада өткізілді. Пәндік олимпиадада физика, математика және ағылшын тілі пәндері қамтылды. Әр сыныптан қатысқан оқушылар саны шамамен
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
12
февраль
2021
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
Қуанышты жаңалық!     Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы аяқталды. Биыл пандемияға байланысты конкурс алғаш рет онлайн форматта өтті. Республикалық кезеңнің нәтижесі бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 7 оқушысы: 1. Техника секциясы бойынша: Миракбаров Райымбек (9 сынып) 2 орын; 2. Математика секциясы бойынша: Иса Фараби, Құсайынов Бексұлтан (11 сынып) 3 орын; 3. Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау секциясы бойынша: Смаханова Жасмин, Мусатай
№178 мамандандырылған лицей 2021-2022 оқу жылына конкурстық іріктеу негізінде 5-сыныпқа оқушылар қабылдайды
12
февраль
2021
№178 мамандандырылған лицей 2021-2022 оқу жылына конкурстық іріктеу
Құрметті ата-аналар және оқушылар! №178 мамандандырылған лицей 2021-2022 оқу жылына конкурстық іріктеу негізінде 5-сыныпқа оқушылар қабылдайды.
"Поэзия,  менімен егіз бе едің?!"  қалалық онлайн өлең оқу байқауы
10
февраль
2021
"Поэзия, менімен егіз бе едің?!" қалалық онлайн өлең оқу байқауы
Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына орай "Поэзия,  менімен егіз бе едің?!" тақырыбында  қалалық онлайн өлең оқу байқауы өткізілді  Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 мамандандырылған лицейдің тәлімгері Тілеужан Әбілқайырдың  ұйымдастыруымен, ҚР Жазушылар одағының қолдауымен Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ақынның өлеңдерін оқудан  "Поэзия,  менімен егіз бе едің?!" тақырыбында 4-11 сынып  оқушылары арасында қалалық онлайн өлең оқу
“Қызықты математика және логика” атты қысқы онлайн-олимпиадасы
07
февраль
2021
“Қызықты математика және логика” атты қысқы онлайн-олимпиадасы
“Kemel Academy” білім беру орталығы ұйымдастырған “Қызықты математика және логика” атты қысқы онлайн-олимпиадасы 6-шы ақпанда өткізілді.  № 178 мамандандырылған лицейдің орта буын 5, 6, 7 және 8-сынып оқушылары осы олимпиадаға белсене қатысып, жүзден аса шәкірттеріміз жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды. Құтты болсын!  
"Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" тақырыбында өткізілген аудандық мәнерлеп оқу сайысы
05
февраль
2021
"Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" тақырыбында өткізілген
№178 мамандандырылған лицейдің 9 "Б" сынып оқушысы Алиханова Аяжан "Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" тақырыбында өткізілген аудандық мәнерлеп оқу сайысында Бас жүлде иегері атанды. Дарынды оқушымызды мамандандырылған лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы қабылдап, мадақтаманы табыс етті.  Оқушымызға алдағы сайыстарда сәттілік пен жеңіс тілейміз.
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі
31
январь
2021
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығында оқушылар арасында "Ұшқыр ой алаңы" Республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі (қазақ лигасы) өтті. Турнирге Алматы қаласынан 8 үздік команда қатысты. Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі ІІ орын алған жеңімпазымыз мамандандырылған №178 лицей оқушысы Жүзбасар Арайлым марапатталды. Құтты болсын!