Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына лицейдің 5-сынып оқушылары қабылданды
24
ноябрь
2021
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына лицейдің 5-сынып
   Мамандандырылған лицейдің 5-сынып оқушыларын республикалық "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Лицейдің үздік әрі белсенді оқушылары "Жас Ұлан" ұйымына мүше болу үшін ресми түрде ант қабылдады. Анттарыңызға адал болыңыздар, құрметті оқушылар!
11-сынып оқушысы Мырзабекова Жанерке Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанды
19
ноябрь
2021
11-сынып оқушысы Мырзабекова Жанерке Президенттік олимпиаданың
2021 жылдың 15-18 қараша аралығында Қарағанды қаласы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Білім додасында еліміздің барлық аймақтарынан 11-сыныптың 182 оқушысы математика, физика, химия және биология пәндерінен бақ сынады. №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Мырзабекова Жанерке Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі
"Ұстаз - жарық күні ғаламның" тақырыбында өткен бейнежазба байқауының жеңімпаздары марапатталды
14
октябрь
2021
"Ұстаз - жарық күні ғаламның" тақырыбында өткен бейнежазба байқауының
  Қазан айының бірінші аптасында мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған "Ұстаз - жарық күні ғаламның" атты 5-11 сыныптар аралығында өткен бейнежазба байқауында жеңімпаз және жүлдегер атанған үздік бейнежазба иелері анықталып, топ басшылары марапатталды. Жеңімпаз және жүлдегер атанған сыныптар: І орын - 8 "Ж" сыныбы ІІ орын - 8 "Г" және 11 "В" сыныптары ІІІ орын - 5 "Ә", 7 "Ғ" және 10 "В" сыныптары. Марапаттарыңыз құтты болсын!
Лицейдің дарынды, үздік оқушысы Дәулет Айбек "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасында
06
октябрь
2021
Лицейдің дарынды, үздік оқушысы Дәулет Айбек "Qazaqstan" Ұлттық
     №178 мамандандырылған лицейдің дарынды, үздік оқушыларының бірі 11 "Е" сынып оқушысы Дәулет Айбектен "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай оқушымыздың жарқын жетістіктерін таныстырып, сүбелі сұқбатын жарыққа шығарды.
"Ақ ладья" шахмат - дойбы клубының ұйымдастыруымен  біліктілік турнирі  өткізілді
04
июль
2021
"Ақ ладья" шахмат - дойбы клубының ұйымдастыруымен біліктілік
№178 мамандандырылған лицейдің 8 "К" сынып оқушысы Султангазиев Айсултан "Ақ ладья" шахмат - дойбы клубының ұйымдастыруымен өткізілетін біліктілік турниріне қатысып, 3 орынды иеленді.
"Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік салтанатты сағаты онлайн түрде өтеді.
24
май
2021
"Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік салтанатты сағаты онлайн
2021 жылдың 25 мамыр күні №178 мамандандырылған лицейдің 5-11 сынып оқушылар үшін "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік салтанатты сағаты онлайн форматта өтеді. Оны әрбір сыныптың жетекшісі өзі ұйымдастырады. Соңғы қоңырау-әрбір білім алушы үшін әсерлі, көңілге қуаныш пен қимастық сезім ұялататын мереке. Баршаларыңызды биылғы оқу жылының табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
5-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ БҮГІН СОҢҒЫ КҮНІ!
24
апрель
2021
5-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ БҮГІН СОҢҒЫ КҮНІ!
5-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ БҮГІН СОҢҒЫ КҮНІ! Құрметті, жас дарын, үлгеріңіздер! №178 мамандандырылған лицей сіз секілді дарынды балаларды оқуға қабылдауға дайын! Оқушыларды қабылдау конкурстық негізде өткізілетіндіктен қажетті құжаттарды qabyldau.daryn.kz сайты арқылы жолдайсыз! 25 сәуірге дейін құжаттарыңыз дұрыс нұсқада жолданатын болса, үміткер конкурстық негізде қабылдау сынағына қатысуға жолдама алады. УАҚЫТ АЗ ҚАЛДЫ! МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ! ТІРКЕЛУГЕ АСЫҒЫҢЫЗДАР!
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  «Тарих ата» олимпиадасын өткізді.
10
апрель
2021
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тарих ата»
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылы наурыздың 17-күні оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасын өткізді. № 178 мамандандырылған лицейдің 5 – 9 сынып оқушылары олимпиаданың 1 қашықтық кезеңінен жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие