Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Педагог-психолог Ш.С.Асилова 6-сынып оқушыларымен  тренинг жүргізді.
14
февраль
2022
Педагог-психолог Ш.С.Асилова 6-сынып оқушыларымен тренинг жүргізді.
№178 мамандарылған лицейдің педагог-психологы Ш.С.Асилова 6-сынып оқушыларымен тренинг жүргізді. Оқушылардың бір-бірімен жақындай түсіуіне және жеке тұлға арасында жағымды қарым-қатынас орнату,есте сақтау қабілетін дамыту.
"Құлақ пен мұрын" тренингін жүргізілді.
14
февраль
2022
"Құлақ пен мұрын" тренингін жүргізілді.
№178 мамандарылған лицейдің педагог-психологы Ш.С.Асилова 5 "Ә" сынып оқушыларымен қабылдау процесінің қалай дамығанын анықтау "Құлақ пен мұрын" тренингі жүргізді. Оқушылардың бір-бірімен жақындай түсіуіне және жеке тұлға арасында жағымды қарым-қатынас орнату,есте сақтау қабілетін дамыту.
«Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында 8-сынып оқушылар арасында психологиялық тренинг өтті.
14
февраль
2022
«Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында 8-сынып оқушылар арасында
№178 мамандандырылған лицей психологы Жамалова Г.Ж «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында 8-сынып оқушылар арасында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.
9-сынып оқушыларымен "Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?" тақырыбында тренинг өткізді.
14
февраль
2022
9-сынып оқушыларымен "Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?"
№178 мамандандырылған лицей психологі Ж.А. Агажанова 9-сынып оқушыларымен "Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?" тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг негізінде оқушылардың психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау мақсатында "Кім көбірек мамандықты атайды?", "Жасырылған мамандықты тап!" жаттығулары жүргізілді.
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы сабақ үстіндегі пәнаралық байланыс» тақырыбында кәсіби отырыс өтті.
14
февраль
2022
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы сабақ үстіндегі
№178 мамандандырылған лицейде мұғалімдердің кәсіби тәжірибе алмасуы мен әдістемелік өсімін дамыту мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы сабақ үстіндегі пәнаралық байланыс» тақырыбында кәсіби отырысы өтті. Кафедра жетекшісі, педагог-зерттеуші Ж.Е.Ногайбаева білім алушылардың ойлау қызметін дамыту жолдарының бірі ретінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың белсенді әдістерін қолдану тәжірибесі туралы ой бөлісті.
Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арнап лицей оқушыларымен арнайы көрме өткізді.
12
февраль
2022
Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арнап лицей оқушыларымен арнайы көрме
Кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекованың ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арнап лицей оқушыларымен арнайы көрме өткізді.
№178 мамандандырылған лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Н.Қадыров  "Қамшы өріп үйренейік" тақырыбында  қамшы өруді үйретуде.
12
февраль
2022
№178 мамандандырылған лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Н.Қадыров
№178 мамандандырылған лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Н.Қадыров оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Қамшы өріп үйренейік" тақырыбында ұлдарды шығармашылық жұмысқа баулып, қамшы өруді үйретуде. Мақсаты: қазақтың ұлттық мәдениетіндегі қолөнер туындыларын дәріптеу, саусақ маторикасы арқылы танымдық, шығармашылық жұмыстарға икемділігін және эстетикалық талғамын арттыру.
Дарынды оқушыларымызға қолдау көрсеткені үшін Айгерим Еркінқызы мен Алмас Шайкен мырзаға лицей әкімшілігі атынан өз алғысымызды білдіреміз!
12
февраль
2022
Дарынды оқушыларымызға қолдау көрсеткені үшін Айгерим Еркінқызы мен
"Archive Service" жауапкершілігі серіктестігі мен "Qazyna Кітап үйі" орталығының қолдауымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған поэзия кешіне, дарынды оқушыларымызға қолдау көрсеткені үшін Айгерим Еркінқызы мен Алмас Шайкен мырзаға лицей әкімшілігі атынан өз алғысымызды білдіреміз! Кәсіптеріңізге береке тілеймін!
9-10 сынып оқушыларына  “Дарынды оқушы оқуға міндетті 100 кітап” шығармашылық жобасы туралы  түсіндіру жұмысын жүргізді.
12
февраль
2022
9-10 сынып оқушыларына “Дарынды оқушы оқуға міндетті 100 кітап”
N178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Токталиева оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 9-10 сынып оқушыларына  “Дарынды оқушы оқуға міндетті 100 кітап” шығармашылық жобаның мақсатын айтып, жоғары буын оқушылары оқуға міндетті оқулықтар тізімімен таныстырып өтті. Бұл жоба негізінде оқушылар көркем әдебиетке қызығушылығы артады, ерікті түрде кітап оқуға машықтанады, сөздік қоры молаяды, оқушының жан дүниесі рухани бай болып қалыптасады.
№178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік құрылымының тарихи формалары» тақырыбында сабақ өткізді.
12
февраль
2022
№178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Даулетбаева
ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі –оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. №178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік құрылымының тарихи формалары» тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылар қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән этностық белгілері туралы презентация жасап, жоба қорғады.