Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
8-сынып оқушысы Шәлияз Санжар Алматы қаласында өткен  «БАЛАFEST» фестиваліне қатысты
06
июнь
2024
8-сынып оқушысы Шәлияз Санжар Алматы қаласында өткен «БАЛАFEST»
      Алматыда Балаларды қорғау күніне орай Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен «БАЛАFEST: Jas Galym Science Quest» қалалық фестивалі өтті. Фестивальде қаланың 20-дан астам жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Сингапурдан келген делегация қатысты.        Балалардың назарын ғылымға аудару үшін ұйымдастырылған бірнеше кезеңнен тұратын үлкен квест ойыны түріндегі фестивальде лицейдің 8-сынып оқушысы Шәлнияз Санжар ҚР Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына ғылыми жұмыстары мен ерекше
Қуанышқызы Елдана "Шығыс жұлдызы" атты Халықаралық байқауда СУПЕР ГРАН ПРИ иегері атанды
06
июнь
2024
Қуанышқызы Елдана "Шығыс жұлдызы" атты Халықаралық байқауда СУПЕР
      8 "А" сынып оқушысы Қуанышқызы Елдана "Шығыс жұлдызы" атты Халықаралық байқауда СУПЕР ГРАН ПРИ иеленгені үшін дипломмен марапатталып, Дубайда өтетін байқауға жолдама алды. Өнерің өрге жүзсін! Құттықтаймыз! 
Лицей оқушылары "Dariya Cup I" республикалық пікірсайыс турнирінің жүлдегері атанды
03
июнь
2024
Лицей оқушылары "Dariya Cup I" республикалық пікірсайыс турнирінің
     Маусым айының 1-2 жұлдызында "Oidariya DС" ұйымдастыруымен "Dariya Cup I" республикалық пікірсайыс турнирі өтті. БПФ, АПФ форматында өткен тартысты ойын нәтижесінде:  3-орынды "Open Gamer" фракциясы иеленді - Зақанов Нұрдәулет - Төлепбек Арайлым  Ал Л/Д ойыны нәтижесінде "Үздік кейс" номинациясымен Иса Ботакөз марапатталды. Жетекші: Советбек А.Б.   Құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
«Диалог арқылы көсбасшылық: Алматы қаласының пікірсайыс қозғалысының оқу жылының нәтижелерін қорытындылау» қалалық пікірсайыс конференциясы өткізілді
28
май
2024
«Диалог арқылы көсбасшылық: Алматы қаласының пікірсайыс қозғалысының
     Мамыр айының 28-жұлдызында Алматы қаласы Оқушылар сарайының жобалық пікірсайыс кеңсесінің ұйымдастырумен «Диалог арқылы көсбасшылық: Алматы қаласының пікірсайыс қозғалысының оқу жылының нәтижелерін қорытындылау» қалалық пікірсайыс конференциясы өткізілді.       2023-2024 оқу жылындағы Алматы пікірсайыс қозғалысының жетістіктерімен танысу, белсенді қатысушыларын марапаттау, пікірталас клубтарын тиімді басқарудың тәжірибелерімен және әдістерімен алмасуға бағытталған сессиялар мен панельдік
7-сынып оқушысы Құсайынғазы Абзал ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды
23
май
2024
7-сынып оқушысы Құсайынғазы Абзал ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І
     22 мамыр күні Астана қаласында жаратылыстану-математика бағыты бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталды.  Олимпиаданың қорытындысы бойынша «Ең Үздік олимпиадалық команда» атанған Алматы құрама командасының құрамында лицейдің 7-сынып оқушысы Құсайынғазы Абзал да физика пәнінен білімін сынады.  Нәтижесінде, Республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!
«Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті
21
май
2024
«Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті
     Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық даму орталығының» ұйымдастырумен жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушыларының арасында «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті.       Әдеби квестке лицейдің 8 «Ғ» сынып оқушыларынан құралған «Жеңіс» командасы қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын қатар көрсете алды. Квест нәтижесінде, 2-орын мен 100000тг сертификат иегері атанды. Шәкірттерімізді құттықтай отырып, білімдеріңіз шыңдала берсін дейміз!   
"Daryn Cup II" Республикалық пікірсайыс турнирі өтті
20
май
2024
"Daryn Cup II" Республикалық пікірсайыс турнирі өтті
     Мамыр айының 18-19 жұлдызында Абай атымдағы РММИ-ның "Infact" дебат клубының ұйымдастыруымен өткен АПФ форматы бойынша өткен Республикалық "Daryn Cup II" пікірсайыс турниріне лицейдің "Тәуелсіздік үшін", "Керей-Жәнібек" фракциялары қатысып, жеңімпаз атанды.      Турнир нәтижесінде, "Керей-Жәнібек" фракциясының мүшесі Зақанов Нұрдаулет ЛД ойындарында финалист атанып, "Көрермен көзайымы" номинациясын иеленді. Сонымен қатар, "Тәуелсіздік үшін" фракциясының қатысушылары Окан Асыл мен Бақытбек
Лицей командасы жеңіл атлетикалық кросс спорт түрінен жүлдегер атанды
13
май
2024
Лицей командасы жеңіл атлетикалық кросс спорт түрінен жүлдегер атанды
     02-03.05.2024ж. Максим Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» ұйымдастырумен «Ұлттық мектеп лигасы» аясында жеңіл атлетикалық кросс спорт түрінен 9-11сыныптар арасында жарыс өтті. Жарыста қаламыздың ең үздік жүйріктері сайысқа түсті. Нәтижесінде Алатау ауданының намысын қорғаған лицейіміздің командасы 3-орынды иеленді. Жеңісті күндер көп болсын! Құттықтаймыз!  
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті
06
май
2024
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
     2024 жылдың 3-5 мамыр аралығында №208 мектеп-гимназияның және Almaty PhysTech school мектептерінің базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиадада 12 пән бойынша 396 оқушы бақтарын сынады.      Олимпиада қорытындысы бойынша лицейімізден 20 оқушы қатысып, 9 оқушымыз   жүлдегер атанды. Білім сайысында мектебі мен ұстаздарының артқан сенімін ақтай білген оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
10-сынып оқушысы Қуанышбай Нұрасыл тоғызқұмалақ спорт түрінен жеңімпаз атанды
29
апрель
2024
10-сынып оқушысы Қуанышбай Нұрасыл тоғызқұмалақ спорт түрінен
     Алматы қаласы Білім басқармасы "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының" ұйымдастыруымен "Алматы БАЛАFEST" фестивалі аясында "Open Air Sport" бағдарламасында тоғызқұмалақ спорт түрінен лицейіміздің 10-сынып оқушысы Қуанышбай Нұрасыл 1-орынды жеңіп алды. Жарайсың! Бағындырар шыңдарың биік болғай!