Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
БЕС QARU — жеңістің жарқын жолы!
10
май
2025
БЕС QARU — жеңістің жарқын жолы!
Алатау ауданының намысын қорғап, Отан қорғаушылар күніне арналған әскери-патриоттық "БЕС QARU" турнирінде көзге түскен мықты жастың бірі — 10 "Ә" сынып оқушысы Жұманазар Айиша. Автомат бөлшектеп-жинау сайысында шапшаңдық пен дәлдіктің үздік үлгісін көрсетіп, жүлделі I орынды жеңіп алды! Бұл жеңіс — тек бір оқушының емес, тұтас ұлттың болашағына деген үміттің белгісі! Жас патриоттар — ел тірегі! 
"Тарих ата" олимпиадасынан лицей қоржыны 54 медальмен толықты
06
май
2025
"Тарих ата" олимпиадасынан лицей қоржыны 54 медальмен толықты
Тарихты тану - болашақты бағдарлау. Ұлы даланың тарихын тереңнен танып, "Тарих ата" республикалық қашықтық олимпиадасында білімдерімен оза шапқан №178 мамандандырылған лицейдің жас зияткерлерін - жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Бұл - жай ғана жеңіс емес, бұл - білімге деген құштарлықтың, тынымсыз еңбектің, ұстаздар мен ата-ананың бірлескен жемісі! Жас ізденімпаздарға алдағы уақытта да биік белестер тілейміз!
ЖАРҚЫН ЖЕҢІС – БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРДАН!
30
апрель
2025
ЖАРҚЫН ЖЕҢІС – БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРДАН!
29-30 сәуір күндері өткен 7-8-сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!
"Жас жол инспекторлары" жарыста топ жарды!
29
апрель
2025
"Жас жол инспекторлары" жарыста топ жарды!
Жасөспірімдер арасында жол қозғалыс ережелерін сақтауды насихаттау, жолдарда балалар жарақаттануының алдын алудың тиімді бағыттарының бірі – мектептерде «Жас жол инспекторлары» жасақтарының құрылуы және олардың тұрақты түрде жұмысын ұйымдастыру болып табылады.  2025 жылы сәуір айының 29 күні Алатау ауданы көлемінде 11-14 жас аралығындағы оқушылар арасында «Жас жол инспекторлары» жасақтарының слеті өткізілді. Атаулы жарыс «Саптық түзеу», «Жол белгілерінің білгірлері», «Велосипедті мәнерлеп
Ғылымға самғаған “Шоқжұлдыз” жолы
26
апрель
2025
Ғылымға самғаған “Шоқжұлдыз” жолы
Ресейдің Королев қаласында өткен “ШОҚЖҰЛДЫЗ–2025” XXV бүкілресейлік олимпиадасында лицейіміздің 10-11-сынып оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.“Адам – Жер – Ғарыш” бағыты бойынша қоршаған ортаны қорғау мәселелері аясында өз жобаларын қорғаған оқушыларымыз 4 КҮМІС МЕДАЛЬҒА ие болды! Атап айтқанда:2-орын - Мамырхан Бекнұр, 11-сынып оқушысы; 2-орын - Матаев Аңсар, 11-сынып оқушысы; 2-орын - Жұмабек Қажыкелді, 10-сынып оқушысы; 2-орын - Аманжол Ералы, 10-сынып оқушысы.Ғылыми ізденіс пен
Робототехника – жаңа заман талабы
29
ноябрь
2024
Робототехника – жаңа заман талабы
🤖Роботтехника – жаңа заман талабы. 🔰30 қараша күні Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында ұйымдастырылған “Zhylandy First Championship” халықаралық чемпионатына лицейіміздің “ZOK juniors” командасы “the best pit zone” номинациясы бойынша өз жобаларын қорғап, бірнеше команда арасынан үздік шықты. ✅Оқушыларымыз 100 000 теңге сыйақы ұтып алды! 🥳🤗
Салемова Іңкәр 100% ГРАНТ иегері!!!
25
ноябрь
2024
Салемова Іңкәр 100% ГРАНТ иегері!!!
🌟 Ізденген жетер мұратқа!!! ⚜️ 2024 жылғы 20-22 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша республикалық XVII Президенттік олимпиада сәтті өтті. Лицейімізден 11-сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар өз білімдерін биология, химия, физика және математика пәндері бойынша, жоғары нәтиже көрсетті. 🏆Олимпиада қорытындысы бойынша: 🥉 дәрежелі диплом және Сүлеймен Демирель атындағы университеттің (SDU) 100% білім грантына 11 “Б” сынып оқушысы Салемова Іңкәр ие
Орынбасар Арайлым «ШОКО ӘЛЕМ» атты кітап жарысының жеңімпазы
28
август
2024
Орынбасар Арайлым «ШОКО ӘЛЕМ» атты кітап жарысының жеңімпазы
     Нұрбавлиев Омарбек Көшкімбайұлы мен @astanakitap.books баспасы «ШОКО ӘЛЕМ» атты кітап жарысын ұйымдастырған болатын. Осы жарыста лицейіміздің 9 «Б» сынып оқушысы Орынбасар Арайлым әр өңірден қатысқан шәкірттер ішінде үздіктер қатарынан көрініп, жеңімпаз атанды. Әрі арнайы сыйлық пен диплом табысталды. Жарайсың, Арайлым! 
Әлкен Ерасыл ағылшын тілінен «Турция – 2024» V Халықаралық олимпиада жеңімпазы атанды
12
август
2024
Әлкен Ерасыл ағылшын тілінен «Турция – 2024» V Халықаралық олимпиада
     Шілде айының 7-8 күндері Стамбул қаласында ағылшын тілінен «Турция – 2024» V Халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға 12 мемлекет қатысып, (Ресей, Турция, Әзербайджан, Армения, США, Египет, Өзбекистан, Словения, Франция, Аустрия, Велокобритания, Венгрия.) нәтижесінде 8 «Ғ» сынып оқушысы Әлкен Ерасыл I деңгей бойынша 1-орынды иеленді. Жарайсың! Бағындырар шыңдарың биік болсын! 
Шәкірттерімізді халықаралық аренада жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
12
август
2024
Шәкірттерімізді халықаралық аренада жеткен жетістіктерімен шын
     Калифорния, Лос Анджелес қаласында робототехника бойынша «2024 Robo Tourney International Championship» халықаралық чемпионаты өтті. Жарысқа 200-ден астам оқушы АҚШ, Канада, Мысыр, Қытай, Иордания, Оңтүстік Корея, Дубай, Ливия және әлемнің басқа бөліктерінен келген үміткерлер қатысты, оның ішінде Қазақстаннан келген екі команда да үздік нәтижелер көрсетті.      Алматы қаласының «RAI» және «124» командаларының робототехника бойынша құрама командасы бес елдің 70-тен астам қатысушыларының