29
апрель
2025
"Жас жол инспекторлары" жарыста топ жарды!
Жасөспірімдер арасында жол қозғалыс ережелерін сақтауды насихаттау, жолдарда балалар жарақаттануының алдын алудың тиімді бағыттарының бірі – мектептерде «Жас жол инспекторлары» жасақтарының құрылуы және олардың тұрақты түрде жұмысын ұйымдастыру болып табылады.
2025 жылы сәуір айының 29 күні Алатау ауданы көлемінде 11-14 жас аралығындағы оқушылар арасында «Жас жол инспекторлары» жасақтарының слеті өткізілді. Атаулы жарыс «Саптық түзеу», «Жол белгілерінің білгірлері», «Велосипедті мәнерлеп айдау», «Жас реттеуші», «Эрудит турнирі», «Жас санитар» сынды 6 бағыттан тұрды. Нәтижесінде №178 мамандандырылған лицейдің "Жас жол инспекторлары" жасағы жүлделі ІІI орынға ие болды. Құттықтаймыз!