26
апрель
2025
Ғылымға самғаған “Шоқжұлдыз” жолы
Ресейдің Королев қаласында өткен “ШОҚЖҰЛДЫЗ–2025” XXV бүкілресейлік олимпиадасында лицейіміздің 10-11-сынып оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.“Адам – Жер – Ғарыш” бағыты бойынша қоршаған ортаны қорғау мәселелері аясында өз жобаларын қорғаған оқушыларымыз 4 КҮМІС МЕДАЛЬҒА ие болды! Атап айтқанда:
2-орын - Мамырхан Бекнұр, 11-сынып оқушысы;2-орын - Матаев Аңсар, 11-сынып оқушысы;
2-орын - Жұмабек Қажыкелді, 10-сынып оқушысы;
2-орын - Аманжол Ералы, 10-сынып оқушысы.
Ғылыми ізденіс пен шығармашылықты ұштастыра білген жас зерттеушілеріміз тек сайысқа қатысып қана қоймай, тарихи музейлерді аралап, Мәскеу қаласының көрікті жерлерімен танысуға да мүмкіндік алды. Жетістіктеріңмен мақтанамыз! Сіздер – болашақтың үмітісіздер!