"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты эстафеталық жарыс өтті.
⛳️ "Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық” кафедрасының онкүндігіне орай дене шынықтыру пәнінен "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты эстафеталық жарыс өтті. Жарыстың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Жарыста 7-сынып оқушылары бақ сынады. Жарыстың нәтижесі бойынша 🥇7 «Ә» сыныбы, 🥈7 «Б» сыныбы, 🥉 7 «В», 7«Ғ» сыныбы жеңіске жетті. 🏆 Барлық жарысқа қатысушы оқушыларға алғысымызды айта отырып, биік шыңдардан көріне беріңіздер!