Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық жас пікір-сайысшылар лигасы.
17
февраль
2022
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық жас пікір-сайысшылар лигасы.
    Алматы қаласы "Алматы дарыны" жас дарынды және талантты балаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен №178 мамандандырылған лицейдің 8 "Ә" сынып оқушысы Аман Мұқағали "Шымкент-Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында жүріп, "Ұшқыр ой алаңы" Республикалық жас пікір-сайысшылар лигасы атты II ауысым бағдарламасы барысында өткізілген "Ұшқыр ой алаңы" топ визиткасын қорғау кешіне белсене қатысып, "Ең үздік топ" номинациясын иеленді. Жеңісті күндерің көп болсын!!!
“IPPON” дзюдо мектебінің турниріне лицей оқушысы Аманбекұлы Абдуссәлам қатысып, жүлделі II орынды иеленді.
15
февраль
2022
“IPPON” дзюдо мектебінің турниріне лицей оқушысы Аманбекұлы
Дзю-до – жапондардың ұлттық күрес ойыны, спорттың түрі. ХІХ ғ-дың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған. Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Қазақстанда ХХ ғ-дың 60-жылдарынан бері дамып келеді. “IPPON” дзюдо мектебінің турниріне N178 мамандандырылған лицей оқушысы Аманбекұлы Абдуссәлам қатысып, жүлделі II орынды иеленді. “Шынықсаң, шымыр боласың” демекші, Абдуссәлам, денсаулығың мықты болсын, тек қана биік шыңнан көріне бер!!!
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқау нәтижесі.
08
февраль
2022
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға №178 мамандандырылған лицейдің 9 “Е” сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, нәтижесінде: 🥇1 орын - Қонурбай Нұржан, Альфара Айкун, 🥈2 орын - Болат Нұрсұлтан, Аружан, Бекен Аружан, Құттыбай Ердаулет, Зикиров Абылай ие болды. Шығармашылық байқауда даралықтарын көрсетіп, ерекше өнерімен үздік танылған оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Лицейіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Ойықбай Алан бокстан өткен қалалық турнирге қатысып, І орын иегері атанды.
04
февраль
2022
Лицейіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Ойықбай Алан бокстан өткен қалалық
Мамандандырылған лицейдің 6 "Ә" сынып оқушысы Ойықбай Алан бокстан өткен қалалық турнирге қатысып, І орын иегері атанды. Оқушымызды кезекті жетістігімен құттықтаймыз! Алар асуларың көп болсын!
2-7 сынып оқушылары арасында XVI қалалық  «Зерде» ғылыми-зерттеу конкурсы өткізілді.
28
январь
2022
2-7 сынып оқушылары арасында XVI қалалық «Зерде» ғылыми-зерттеу
2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурснының қалалық кезеңі өткен болатын. Ғылым мен білімнің тоғысқан додасына №178 мамандандырылған лицейден жалпы 20 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, І дәрежелі дипломмен Ерсайын Айым, Файзрахман Расул, Бисенқали Әділет, Мелс Шерхан және Бектас Ади марапатталды. Жүлделі ІІ орынды Әлібек Айтолқын мен Баходиров Мустафа иеленсе, ІІІ орынды Скакова Аяжан, Бақдаулет
Ақүрпек Назерке дзюдодан өткен ашық чемпионатта бірінші орынға ие болды.
24
январь
2022
Ақүрпек Назерке дзюдодан өткен ашық чемпионатта бірінші орынға ие
N178 мамандандырылған лицейдің 7 "Е"сынып оқушысы Ақүрпек Назерке Алан спорт клубының ұйымдастыруымен дзюдодан өткен ашық чемпионатта бірінші орынға ие болды.
Футболдан Ермахан Әбілмансұр командасымен жеңімпаз атанды!
24
январь
2022
Футболдан Ермахан Әбілмансұр командасымен жеңімпаз атанды!
Алматы қаласында Тәуелсіздік күніне арналған футболдан өткен жарыста 2009 жылы туған балалар арасында ең үздік ойыншы атанған N178 мамандандырылған лицейдің 7 "Ғ"сынып оқушысы Ермахан Әбілмансұр командасымен бірінші орын алып, бағалы сыйлыққа ие болды. Құттықтаймыз, биік шыңдарды бағындыра бер!Тек биіктен көрін!
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен  "Русский медвежонок - языкознание для всех" халықаралық олимпиадасының қорытындысы шықты.
05
январь
2022
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен "Русский медвежонок - языкознание для
2021 жылдың 29 желтоқсанында "Дарын" РҒПО ұйымдастыруымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінен "Русский медвежонок - языкознание для всех" халықаралық олимпиадасының қорытындысы шықты. №178 мамандандырылған лицейдің 5-11 сынып бойынша 188 оқушы қатысып, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған дарынды оқушыларымызды құттықтаймыз.
«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы өтті.
03
январь
2022
«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы өтті.
✨ 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты - дарынды балаларды анықтау және қолдау, оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру, зияткерлік ойындар мен жарыс, олимпиадаларға ізденімпаздың қызығушылығын арттыру болды. 💥 №178 мамандандырылған лицейдің білімді шәкірттері «Ақбота» олимпиадасына белсене қатысып, жалпы саны 100-ден аса жүлделі орынмен
Бекен Әлішер бокстан Алматы қаласының жеңімпазы атанып, ҚР біріншілігіне жолдама жеңіп алды.
01
январь
2022
Бекен Әлішер бокстан Алматы қаласының жеңімпазы атанып, ҚР
Лицейіміздің талантты және дарынды оқушыларының бірі 7 "А" сынып оқушысы Бекен Әлішер бокстан Алматы қаласының жеңімпазы атанып, ҚР біріншілігіне жолдама жеңіп алды. Оқушымыз енді ел біріншілігінде бокстан спорт шеберлігіне үміткер ретінде бақ сынайды.