Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Денсаулық-өмір негізі" және "Алтын қалам" байқауы
28
апрель
2020
"Денсаулық-өмір негізі" және "Алтын қалам" байқауы
ҚР «OIZEREK» қашықтықтан шығармашылық байқау өткізу порталы ұйымдастырған, "Денсаулық-өмір негізі" атты байқауға лицейіміздің оқушылары қатысып, үздік нəтиже көрсеткені үшін Мұқан Ақбота және Нұрыш Аружан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ Ермуханова Адина мен Маликов Темірлан "Алтын қалам" байқауына қатысып, ұйымдастырушылар тарапынан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жобаға дайындаған жетекші мұғалімі: Шегалиева Лаззат Кемелбековнада арнайы мадақтамамен марапатталды.
«ПедСтарт» қашықтық олимпиадасы
28
апрель
2020
«ПедСтарт» қашықтық олимпиадасы
“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы республикалық ағымдағы жылдың 14-16 cәуір күндері республикамыздың білім беру ұйымдарының Қазақстан тарихы, қазақ тілі және орыс тілі пән мұғалімдері республикалық«ПедСтарт» қашықтық олимпиадасын өткізді. Қашықтық олимпиадасына лицейіміздің мұғалімдері қатысып жүлделі орындарды жеңіп алды.    
"Жетістігі  жоғары мектеп"
28
апрель
2020
"Жетістігі жоғары мектеп"
"Жетістігі жоғары мектеп" тақырыбында лицейіміз жайында тағы бір кезекті мақала "Almaty Aqshamy" газетіне жарыққа шықты. Жұмысымыз жемісті болып, үлгі болар жақсы жаңалықтарымыз көп болсын. Барлығы оқушыларымыздың алғырлығы мен мұғалімдеріміздің білімділігі және біліктілігінің арқасында. http://almaty-akshamy.kz/zhetistigi-zho-ary-mektep/  ЖЕТІСТІГІ ЖОҒАРЫ МЕКТЕП
"Табиғат - ұрпақ игілігі"
28
апрель
2020
"Табиғат - ұрпақ игілігі"
"Табиғат ұрпақ игілігі" атты тақырыпта №178 лицейдің 6 «Ғ» сынып оқушысы Кайназарова Бинура қашықтықтан оқуға байланысты үйінде ағаштарға су құйып, гүлдерді отырғызып,баптап күтуде. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Біз біргеміз! Біз үйдеміз! Табиғатты қорғау міндетіміз.
EGEMEN QAZAQSTAN: Оқушылар денсаулық саласында қолданатын роботтар жасауды жоспарлауда
22
апрель
2020
EGEMEN QAZAQSTAN: Оқушылар денсаулық саласында қолданатын роботтар
    2020 жылғы 22 сәуірде республикалық "Егемен Қазақстан" газетінде №178 лицейде қашықтықтан өтіп жатқан робототехника үйірмесінің жұмысы туралы онлайн мақала жарияланды. Бұл мақалада Робототехника үйірмесіне қатысушылардың қазіргі кезде әлемде болып жатқан пандемия кезеңінде енгізілген төтенше жағдайда радиожүйе арқылы басқарылатын, адамдардың дене қызуын өлшейтін және оны залалсыздандыруда қолданатын робот ойлап шығаруды жоспарлап отырғандығы айтылады. Мақаланы оқыңыз! Бізбен бірге болыңыз!!!
Лицей оқушыларының үйірме жұмыстары
21
апрель
2020
Лицей оқушыларының үйірме жұмыстары
     Қазіргі кезде нарықта сұранысқа ие болып тұрған робототехника жайында тақырыпты қозғасақ, бірден ойымызға роботтарды құрастыру түсетіні айдан анық. Алайда бұл саланың қызметі  мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Бұған қоса, оған қызығатындар роботтың құрылысымен, жұмысымен, қолдануымен айналысады. Сондай-ақ, бағдарламалау, дизайнерлік білім, физика және математиканы жетік меңгеруді талап етеді. Роботты техника саласында қолдануда ең қызықтыратыны - бағдарламалау. Бағдарлама барысында
Мақала: Республикалық "Eqemen Qazaqstan" газетінде жарық көрді
20
апрель
2020
Мақала: Республикалық "Eqemen Qazaqstan" газетінде жарық көрді
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева Кульжан Сауытқызының "Қашықтықтан оқу жүйесі заманауи тәжірибелерді игеруге ықпал етеді" мақаласы республикалық "Eqemen Qazaqstan" газетіне жарыққа шықты. Лицейіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балмира Исабаева ІV тоқсандағы қашықтықтан оқыту жөніндегі өзінің пікірін білдірсе, ал Кульжан Сауытқызы лицейде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА /кіші топ/  (қашықтықтан оқыту)
18
апрель
2020
Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА /кіші топ/ (қашықтықтан оқыту)
№178 лицей робототехника жетекшісі Дастан Рахатов 18.04.2020ж күні  ZOOM платформасы аркылы онлайн робототехника сабак жүргізді.  Сабақ 3 бағытта өтті.  1-Бағыт:  робототехника Ардуино платформасында; 2-Бағыт:  3Д моделдеу (3Д Принтерден шығаруға арнайы модельдер құрастыру); 3-Бағыт:  Веб құрастыру HTML тілінде  (сайт құрастыру) Оқушыларға сайт құрастырудан болашақта мектепке арнайы бір сайт жасайтын  топ жасақталуда.
Онлайн режимде өткен мәжіліс "Еgemen Qazaqstan" газетіне жарыққа шықты
18
апрель
2020
Онлайн режимде өткен мәжіліс "Еgemen Qazaqstan" газетіне жарыққа шықты
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы қатысқан онлайн режимінде өткен мәжіліс "Еgemen Qazaqstan" газетіне жарыққа шықты. Қайратбек Хамзаханұлы қашықтықтан оқыту жүйесі жайында бірнеше өзекті мәселелерді қозғады.
Daryn online компаниясының алғыс хаты лицей мұғалімдеріне табысталды
18
апрель
2020
Daryn online компаниясының алғыс хаты лицей мұғалімдеріне табысталды
     Daryn online компаниясының негізін қалаушылары атынан, лицейіміздегі математика пәнінің мұғалімі Есенғалиев Санат алғыс хатпен марапатталды.