Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ПедСтарт» қашықтық олимпиадасы
03
январь
2021
«ПедСтарт» қашықтық олимпиадасы
    "Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы республикалық а.ж. 22-26 желтоқсан күндері республикамыздың білім беру ұйымдарының Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері үшін www.daryn.kz сайтында республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты: кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды дамыту, оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуды арттыру. Олимпиадаға қатысқан №178 лицей мұғалімдері жүлделі орындарға ие болды.
Алғыс хат
20
декабрь
2020
Алғыс хат
Алматы Технологиялық Университетінің ректоры Т.Қ.Құлажанов лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, арнайы алғыс хат жіберді.  Алғыс хатта  лицейіміздің биылғы түлектері Нургизариова Айнур мен Жетписпаева Диананы үлгілі, белсенді, тәртіпті түлек ретінде тәрбиелегендеріңіз үшін  алғыс білдіреміз делінген.
Республикалық қашықтық олимпиадасы
12
декабрь
2020
Республикалық қашықтық олимпиадасы
№178 лицейдің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аметова Сауле Орынбасарқызы Республикалық Qaztest.kz сайтында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілген мұғалімдердің Республикалық қашықтық олимпиадасына белсенді қатысқаны үшін және сапалы материал жариялағаны үшін марапатталды.  
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы
08
декабрь
2020
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында орта білім беру ұйымдарының
№178 лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында өткен «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында белсенділік танытқаны үшін ББЖ ҚБАРИ директоры п.ғ.д., профессор Ж.Мақатованың құрмет грамотасымен марапатталды.  
"Ғасырлар толғауы" тақырыбындағы республикалық онлайн көрмесі
04
декабрь
2020
"Ғасырлар толғауы" тақырыбындағы республикалық онлайн көрмесі
№178 лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімдері Икласов Бақыт пен Кутумов Берік Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы "Көркем еңбек" және "Дизайн" пәні ұстаздарының "Ғасырлар толғауы" тақырыбындағы республикалық онлайн көрмесіне қатысып, арнайы дипломдармен марапатталды. Еңбектері "Бабалар аманаты" жинағына енді. Ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!  
"Тұңғыш Президент" мұражайына ұйымдастырған онлайн саяхат
04
декабрь
2020
"Тұңғыш Президент" мұражайына ұйымдастырған онлайн саяхат
Алатау ауданы №178 лицей оқушыларының "Тұңғыш Президент" мұражайына ұйымдастырған онлайн саяхаты  
Ұжым марапаттары
30
ноябрь
2020
Ұжым марапаттары
1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Ақкент" бастауыш партия ұйымы Алматы қаласының әкімі, "Nur Otan" партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың алғыс хатымен марапатталса, №178 лицейдің физика пәнінің мұғалімі Тастанова Жанат Оразқызы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың алғыс хатымен марапатталды.  Марапаттарыңыз құтты болсын!
"Білікті педагог" олимпиадасы
29
ноябрь
2020
"Білікті педагог" олимпиадасы
№178 лицейдің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аметова Сауле "BILGEN” ұлттық авторлық методика және бағалау орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық "Білікті педагог" олимпиадасының жүлдегері атанды.  
"Республикалық үздік мектебі" онлайн-байқауы
17
ноябрь
2020
"Республикалық үздік мектебі" онлайн-байқауы
СҮЙІНШІ  ХАБАР! Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, ҚР білім беру мекемелері басшыларының EDUCATION QAZAQSTAN қауымдастығы өткізген "Республикалық үздік мектебі" онлайн-байқауына қатысып, еліміздің орта білім беретін ұйымдар арасында «Қазақстан Республикасының үздік лицей, гимназиясы» номинациясы бойынша І-орынды иеленді. Құтты болсын! Жеңісіміз көп болсын!
Халықаралық "Зияткерлік олимпиада-2020"
15
ноябрь
2020
Халықаралық "Зияткерлік олимпиада-2020"
Халықаралық "Зияткерлік олимпиада-2020" Халықаралық ұстаздар арасында тарих пәнінен өткен олимпиадаға қатысқан №178 лицейдің тарих пәні мұғалімі Оспанбаева Айгуль Аманжоловна 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.