Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің кіші Отаным" атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өтті.
07
октябрь
2021
"Менің кіші Отаным" атты ІІІ республикалық интеллектуалдық
    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мақаласын іске асыру мақсатында "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" "Туған жер" бағдарламасының бөлігі бойынша "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 27 қыркүйекте жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Сайысқа төрт номинация бойынша оқушыларымыз додаға түсіп, соның ішінде "Менің кіші Отанымның символы"
Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.
07
октябрь
2021
Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылы қыркүйектің 30 жұлдызында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Алматы қаласы бойынша қатысқан 465 оқушының ішінен 21 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Осы олимпиадаға №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары да қатысты. Білім додасына 23 оқушы қатысып, 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінен, 8 оқушы 3-орын, 5 оқушы 2-орын алды.
Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай мұғалімдер марапатқа ие болды
02
октябрь
2021
Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай мұғалімдер марапатқа ие болды
Мамандандырылған лицейдің директоры Қайратбек Хамзаханұлы "Nur Otan" партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының, ал математика пәнінің мұғалімі Сағиолданов Талант Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбековтың, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Досқожаева Нұргүл "Nur Otan" партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Алдамбергенованың алғыс хаттарымен марапатталса, физика пәнінің мұғалімі Слямгалиева Гүлнәр Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбековтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
Лицей мұғалімі "Үздік педагог - 2021" байқауының үздігі деп танылды
01
октябрь
2021
Лицей мұғалімі "Үздік педагог - 2021" байқауының үздігі деп танылды
     Осы аптада Қостанай қаласында білім беру саласы бойынша өте маңызды іс-шара өтті. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі негізінде «Үздік педагог – 2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, үздіктері анықталды. Биылғы жылмен алғанда оныншы мәрте өткізіліп жатқан мерейтойлық рәсімге ҚР 30 жылдығы қарсаңында және көрнекті ағартушы, Ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Айтулы датаны ескере отырып үздік мұғалімдерді марапаттау кеші ұлы ағартушының
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - шығармашылығында
11
сентябрь
2021
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - шығармашылығында
Алматы қалалық «Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» жобасы оқу үдерісінің сапасын арттырудың негізгі факторын дамытуға бағытталған. №178 мамандандырылған лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Досқожаева Нұргул Елшібекқызы «Ақылды сабақ - білім сапасын көтеру» жобасындағы кәсіби шеберлігі мен сараптама жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мұғалімнің негізгі кәсіби құзіреттіліктерінің бірі – шығармашылығы
10
сентябрь
2021
Мұғалімнің негізгі кәсіби құзіреттіліктерінің бірі – шығармашылығы
Мұғалімнің негізгі кәсіби құзіреттіліктерінің бірі – шығармашылығы. Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімдері, педагог-шебер Бектасова Алмагул Ибраимовна, педагог-зерттеуші Китапбаева Бакыт Турысбековна 9 және 11 сыныптарға қорытынды аттестация тапсырмаларын дайындауда қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен жүйелі жұмыс жасап келеді. Шығармашыл мұғалімдердің жұмыстары бағаланып, құрмет грамоталарымен марапатталды.
Лицей оқушылары Нұрсұлтан қаласында өткен "Бала шабыты" халықаралық  конкурсқа қатысып "Би" номинациясы бойынша Супер гранпри  және 1 орынға ие болды.
09
август
2021
Лицей оқушылары Нұрсұлтан қаласында өткен "Бала шабыты" халықаралық
№178 мамандандырылған лицейдің 9 "Г" сынып оқушысы Бекен Айым мен 6 "Б" сынып оқушысы Бекен Сезім Нұрсұлтан қаласында өткен "Бала шабыты" халықаралық конкурсқа қатысып "Би" номинациясы бойынша Супер гранпри және 1 орынға ие болды. Сонымен қатар, мамандандырылған лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы алғыс хатпен марапатталды.          
«Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирін өткізілді.
01
июнь
2021
«Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» тақырыбында қалалық пікірсайыс
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын негізге ала отырып, 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Алматы қаласы жалпы білім беретін мектептер арасында «Бақытты балалар бейбіт
Қалалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
26
май
2021
Қалалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
Оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Алматы дарыны» дарынды балаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен 4-6 мамыр күндері 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша қалалық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға қатысқан №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары жүлделі орындарға ие болып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен
Лицей оқушысы Ұлы  Жеңіске 76 жыл толуына арналған "Ұлы жеңіс!" атты қашықтықтан сурет салу байқауына қатысып, Гран-При жүлдесін  ұтып ал
25
май
2021
Лицей оқушысы Ұлы Жеңіске 76 жыл толуына арналған "Ұлы жеңіс!" атты
№178 мамандандырылған лицейдің 9 "Д" сынып оқушысы Ерсін Ұлықпан Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 76 жыл толуына арналған "Ұлы жеңіс!" атты қашықтықтан сурет салу байқауына қатысып, Гран-При жүлдесін (планшет) жеңіп алды. Жетекшісі: Кутумов Берик Набиевич