Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиада
06
октябрь
2020
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиада
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиадаларда лицейіміздің оқушылары информатика пәнінен жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі: Нурмухамедова Мадина Алибековна
Республикалық қашықтықтан  өткізілген  пәндік олимпиада
04
октябрь
2020
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиада
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиадаларда лицейіміздің оқушылары биология пәнінен жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі: Бастерова Балхия Айдарқұлқызы
"Алматының жыл мұғалімі" конкурсы
02
октябрь
2020
"Алматының жыл мұғалімі" конкурсы
"Алматының жыл мұғалімі" конкурсына қатысып, белсенділік танытқаны үшін лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі Сағиолданов Талант Бақытұлы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Усентаева Бағлан Акановна Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және "Ұстаз" кәсіподағының төрағасы С.К.Байгуттиновтың алғыс хатымен марапатталды.
Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауы
01
октябрь
2020
Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауы
Алматы қаласы күні қарсаңында #ILOVEALMATY хэштегімен өткізілген Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауының III орын жүлдегері Закиров Абылайдың мақтау қағазын лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханович табыстады.
Сағиолданов Талант Бақытұлы марапатталды
18
сентябрь
2020
Сағиолданов Талант Бақытұлы марапатталды
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» базасында №178 лицейдің математика пәні мұғалімі Сағиолданов Талант Бақытұлы лицейдің 8"Ж" сынып оқушыларымен бірге "y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі" атты тақырыпта On-Line сабақ өткізіп, жаңа технологияларды қолдана отырып, шығармашылық жұмыстар атқарғаны үшін Алматы қаласы Білім басқармасының "ҚББЖТҒӘО" КММ директорының мақтау қағазымен марапатталды.
Лицей оқушылары  "IQ Almaty" интеллектуалдық ойынында
30
август
2020
Лицей оқушылары "IQ Almaty" интеллектуалдық ойынында
Қалалық "Almaty" телеарнасы ұйымдастырған "IQ Almaty" интеллектуалдық ойынына лицей оқушылары қатысып, Алатау ауданының намысын абыроймен қорғады. 10-11 сынып оқушыларынан құралған "Алатау қырандары" командасы деген атаумен сайысқа түскен оқушыларымыз лайықты өнер көрсете білді. Оқушыларымыз ҚБТУ, СДУ, АТУ университеттерінің студенттерін жеңіп, финалға тікелей жолдама алған болатын. Ал, финалдық ойында оқушыларымыз Алматы техникалық колледжінің студенттеріне есе жіберді. Сайыста география,
2020 жылғы Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы
28
август
2020
2020 жылғы Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты физика-математика бағытындағы №178 лицей "2020 жылғы Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы" грантын жеңіп алды. 8 жылдық тарихы бар лицейіміз үшін бұл үлкен жетістік болып табылады. "Лицейіміздің "Үздік ұйым" болып танылуы, ең біріншіден мұғалім мен оқушы және ата-аналар арасындағы ұйымшылдық пен татулықтың, яғни үштік біріккен одақтың жұмысының арқасында. Осы орайда лицейдің дамуына үлес қосқан барша әкімшілік құрамы мен білімді пән мұғалімдеріне
«Шәкірттерін шыңға бастаған мектеп» атты мақала «Egemen Qazaqstan» газетіне жарыққа шықты
16
июнь
2020
«Шәкірттерін шыңға бастаған мектеп» атты мақала «Egemen Qazaqstan»
Көп мамандықтың ішінде жан-жақты білімді, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық ұстаздық екеніне талас жоқ. Ұстаз болу балаға білім берумен ғана шектелмейтіндігін назарға алатын болсақ, Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейде бүгінгі заман талабына сай шәкірт даярлауда балалардың ізденімпаздық, зерттеушілік, тіптен өнертапқыштық пен шығармашылық бағытта дамуына барынша көңіл бөлінуде. Әр оқушының үлкен өмір жолында тұлға болып қалыптасуына
Лицейіміздің физика пәні мұғалімі Жұмағұлова Сағиланың мақаласы "Almaty Aqshamy" газетіне жарыққа шықты
10
июнь
2020
Лицейіміздің физика пәні мұғалімі Жұмағұлова Сағиланың мақаласы
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ЖЕДЕЛДЕТЕДІҚашықтан оқыту – оқу орындарында біраз жылдан бері қолға алынған сабақ беру түрі. Дегенмен, бүгінде әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты оқытудың осы түрінің маңызы артты. Еліміздегі мектептер Covid-19-дың таралу қаупіне қарай өзгеріске бейімделіп, оқушыларды қашықтан оқытуға кірісті. Қашықтықтан оқыту босаңсуды көтермейді. Осы заманғы технология оқу үрдісінің барлық кезеңін қашықтық форматқа көшіруге толықтай мүмкіндік береді. Яки,
Пандемия кезеңінде дене қызуын өлшейтін робот
08
июнь
2020
Пандемия кезеңінде дене қызуын өлшейтін робот
РОБОТОТЕХНИКА саласы бойынша №178 лицейдің дарынды оқушылары Айтөре Хамзахан мен Нұрәлі Тоқбергеннің туындысы - пандемия кезеңінде дене қызуын өлшейтін роботы, Омар Құрбанәлиевтің өз қолымен жасаған смарт есігі "Almaty" телеарнасында көрсетілді. Дарынды оқушыларымыздың алар асулары биік болсын!