Ұстаз еңбегіне – жоғары құрмет!
Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен, Алматы қаласы әкімінің қолдауымен №178 мамандандырылған лицейдің физика пәні мұғалімі, «Ы. Алтынсарин» және «Үздік педагог – 2021» төсбелгілерінің иегері Слямгалиева Гүлнәр Нәбиқызы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды! Бұл марапат – ұстазымыздың көпжылдық еңбегі мен білім беру ісіне қосқан зор үлесінің, шәкірт тәрбиесіндегі табандылығы мен кәсіби шеберлігінің лайықты бағалануы.