Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"БУЛАНАЙ"  домбыра үйірмесінің оқушылары жүлдемен оралды
16
май
2025
"БУЛАНАЙ" домбыра үйірмесінің оқушылары жүлдемен оралды
№178 мамандандырылған лицейдің "БУЛАНАЙ" домбыра үйірмесінің оқушылары "Алматы БАЛА FEST-2025" байқауының "Аспаптық музыка" номинациясының қалалық кезеңіне қатысып 2-орын иеленді.
"SHINE" би тобы қалалық байқаудан 3-орын иеленді
15
май
2025
"SHINE" би тобы қалалық байқаудан 3-орын иеленді
Лицейіміздің "SHINE" би тобының қыздары "Алматы БАЛАFEST-2025" байқауының "Жұлдызды сәт" хореография номинациясының қалалық кезеңіне қатысып, жүлделі 3-орын иеленді.
Республикалық олимпиаданың жеңіс тұғырында – Ерсайын!
15
май
2025
Республикалық олимпиаданың жеңіс тұғырында – Ерсайын!
5–6-сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада лицей мақтанышы Ришат Ерсайын математика пәнінен жүлделі II орынға ие болды. Зерделі білім, тұрақты еңбек, мұғалім мен оқушының ортақ жеңісі! Пән мұғалімі: Нурбекова А. Ерсайынды шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта бұдан да биік белестерді бағындыра бер!
“Ғылым шыңы” байқауында жарқын жеңіс!
14
май
2025
“Ғылым шыңы” байқауында жарқын жеңіс!
Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті пәндері бойынша өткен “Ғылым шыңы” қалалық байқауында лицейіміз зор жетістікке жетті! Білім мен табандылықтың нәтижесінде лицей қоржынына 30 медальмен толықты. Бұл – оқушыларымыздың тынымсыз еңбегі мен ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі. Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Біз сендермен мақтанамыз! Алда бұдан да биік шыңдар бағындырыла берсін!
“Тарих зияткері – кемелдікке ұмтылыс" атты  олимпиадасында лицей оқушылары үздік нәтиже көрсетті
14
май
2025
“Тарих зияткері – кемелдікке ұмтылыс" атты олимпиадасында лицей
“Тарих зияткері – кемелдікке ұмтылыс" атты қалалық олимпиадасында лицейіміздің 9-10-сынып оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. 1-дәрежелі диплом: Талғат Тұнық Пән мұғалімі: Шынасыл Ғ. 2-дәрежелі диплом: Ұланқызы Ділдә Пән мұғалімі: Темирова Г. Болашақта да шығармашылық табыс, білім жолында биік белестерді бағындыра беріңіздер! Құттықтаймыз!
М.Өтелбаев атындағы республикалық  олимпиадасындағы жарқын жетістік!
13
май
2025
М.Өтелбаев атындағы республикалық олимпиадасындағы жарқын жетістік!
Тараз қаласында өткен академик М.Өтелбаев атындағы республикалық "ОЙЛАН, ТАП!" математика олимпиадасында 8-сынып оқушысы Бақыт Айерке 150 оқушының ішінен топ жарып, ІІІ орын иеленді! Зияткерлік пен табандылықтың айқын дәлелі болған бұл жеңіс – жас математиктің болашағына ашылған жарқын жол! Пән мұғалімі: Сұлтанова Г.М. Құттықтаймыз! 
БЕС QARU — жеңістің жарқын жолы!
10
май
2025
БЕС QARU — жеңістің жарқын жолы!
Алатау ауданының намысын қорғап, Отан қорғаушылар күніне арналған әскери-патриоттық "БЕС QARU" турнирінде көзге түскен мықты жастың бірі — 10 "Ә" сынып оқушысы Жұманазар Айиша. Автомат бөлшектеп-жинау сайысында шапшаңдық пен дәлдіктің үздік үлгісін көрсетіп, жүлделі I орынды жеңіп алды! Бұл жеңіс — тек бір оқушының емес, тұтас ұлттың болашағына деген үміттің белгісі! Жас патриоттар — ел тірегі! 
"Тарих ата" олимпиадасынан лицей қоржыны 54 медальмен толықты
06
май
2025
"Тарих ата" олимпиадасынан лицей қоржыны 54 медальмен толықты
Тарихты тану - болашақты бағдарлау. Ұлы даланың тарихын тереңнен танып, "Тарих ата" республикалық қашықтық олимпиадасында білімдерімен оза шапқан №178 мамандандырылған лицейдің жас зияткерлерін - жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Бұл - жай ғана жеңіс емес, бұл - білімге деген құштарлықтың, тынымсыз еңбектің, ұстаздар мен ата-ананың бірлескен жемісі! Жас ізденімпаздарға алдағы уақытта да биік белестер тілейміз!
Доп додасы қайта оралды
02
май
2025
Доп додасы қайта оралды
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай лицейіміздің 8-сынып оқушылары арасында футболдан жарыс өтті. Нәтижесінде: 1-орынды – 8 "Ғ" сынып оқушылары; 2-орынды – 8 "А" сынып оқушылары; 2-орынды – 8 "Б" сынып оқушылары жеңіп алды.
ЖАРҚЫН ЖЕҢІС – БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРДАН!
30
апрель
2025
ЖАРҚЫН ЖЕҢІС – БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРДАН!
29-30 сәуір күндері өткен 7-8-сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!