Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
7-11 сыныптар  «ЖЖЕ, Өрт қауіпсіздігі», «Қазақстандағы ұлттық валюта күні» тақырыптарында сыны сағаттары өткізілді.
14
ноябрь
2023
7-11 сыныптар «ЖЖЕ, Өрт қауіпсіздігі», «Қазақстандағы ұлттық валюта
Ел Жастары бағдарлама аясында7-11 сыныптар «ЖЖЕ, Өрт қауіпсіздігі», «Қазақстандағы ұлттық валюта күні» тақырыптарында сыны сағаттары өткізілді.
10-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстары өтті
14
ноябрь
2023
10-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстары
     Бүгін, лицейімізге математик-редактор, кәсіби бағдар беруші және кәсіби бағдар беру  оқу орталығының басшысы,  200-ден астам тұлғаға мамандығын анықтап, 300-ден астам түлекке грантқа түсуге атсалысқан, белгілі маман — Байленова Меруерт Маулемсейтқызы 10-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.       Түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, болашақта дұрыс мамандықты таңдау, ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыру, мемлекеттік гранттардан бөлек тағы қандай гранттарға ие болуға
«Стартапты 0-ден қалай бастауға болады?» тақырыбында бизнес-кездесу өтті
14
ноябрь
2023
«Стартапты 0-ден қалай бастауға болады?» тақырыбында бизнес-кездесу
     14 қараша күні Alatau Creative Hub орталығында №178 мамандандырылған лицейдің кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінің мұғалімі А.А.Абдраимовтың ұйымдастыруымен «Стартапты 0-ден қалай бастауға болады?» тақырыбында бизнес-кездесу өтті. Кездесу спикері – жеке кәсіпкер, грант эксперті және бизнес-тренер Рустам Қабден. Кездесуге лицейдің 9-11сынып оқушылары қатысып, стартап туралы мағлұмат алып қайтты. Керемет кездесу мен бөлген уақытыңыз үшін алғыс білдіреміз! @qabden
«МӘРТЕБЕЛІ ЕЛ - МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ»  ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНКҮНДІКТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
14
ноябрь
2023
«МӘРТЕБЕЛІ ЕЛ - МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНКҮНДІКТІҢ АШЫЛУ
     14.11.2023 жылы №178 мамандандырылған лицейде  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  «МӘРТЕБЕЛІ ЕЛ – МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ» атты онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.      Мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, үздік әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды оқыту үдерісінде қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын,  мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, біліктілігін арттыру.  Кафедра  жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Э.Ж. Рапилова сөз алып, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен
«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында пікірсайыс өтті
14
ноябрь
2023
«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында пікірсайыс өтті
     №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 9-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлық–қоғам дерті» такырыбында пікір сайыс  өткізді.  
Ынтымақтастық келісім, сәтті Меморандум
13
ноябрь
2023
Ынтымақтастық келісім, сәтті Меморандум
      Лицейімізбен ынтымақтастық келісімге келіп, арнайы МЕМОРАНДУМ жасаған "Alatau Creative Hub" орталығында АҚШ елшілігіне қарасты "American Space" орталығының ұйымдастырылуымен ағылшын тілі пәні бойынша тегін онлайн курсы өтіп жатыр. Аталған курсқа лицейіміздің  Сайлаубек Нұрай,  Асқарбек Айдана, Байжұма Айзере есімді оқушылары  қатысып, өз мүмкіндіктерін пайдаланып жатыр. Осы орайда лицейіміздің дарынды оқушыларының бірі, республикалық "Менің кіші отаным" байқауының жүлдегері —  Байжұма
Қазақ Қыздар Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика және психология институты лицей мұғалімдерімен кездесу өткізді
13
ноябрь
2023
Қазақ Қыздар Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика және
Қазақ Қыздар Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика және психология институты арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы Оспанова Айнұр Сәленқызы лицей мұғалімдеріне "Инклюзивті білім берудегі педагог оқытушылардың кәсіби құзіреттілігі мен мәдениетін арттыру" тақырыбында баяндама жасады.
Қыздар арасында волейболдан қалалық іріктеу жарысы өтті
13
ноябрь
2023
Қыздар арасында волейболдан қалалық іріктеу жарысы өтті
      11.11.2023 күні Алматы қаласы Жетісу ауданы №143 мектеп-лицейде 2007-2008 жылы туылған қыздар арасында волейболдан қалалық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа Алатау ауданының қыздар құрама командасы  қатысты. Аудандық іріктеу кезінде құрама командаға  №178 мамандандырылған лицейден  9 «Ж» сынып оқушысы Абдиади Адия мен 10 «А» сынып оқушысы Нуркаир Балжан  алынған болатын. Жаттықтырушысы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Утешова Мира Кауынтаевна. Жарыс өте қызықты, тартысты  және жоғары дәрежеде
«INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF – 2023)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесі
11
ноябрь
2023
«INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF – 2023)» атты
     2023 жылғы 7-11 қараша күндері Индонезия мемлекеті Бали қаласында оқушылар арасындағы «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF – 2023)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесі өтті.      Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» орталығының қолдауымен аталған көрмеге №178 мамандандырылған лицей оқушылары Нышанбай Ажар мен Жандарбек Тоғжан қатысып әлемдік аренада жеңіс тұғырынан көрініп алтын медаль иегері атанды. Ғылыми жетекшілері: Жұмабай Ф.М., Бақытжан Н.    
Лицейіміздің оқушылары "Amanat Kitap" кешіне қатысты
10
ноябрь
2023
Лицейіміздің оқушылары "Amanat Kitap" кешіне қатысты
Алматы қалалық "Amanat" партиясының Алатау ауданына қарасты филиалының жетекшісі Жарқын Алдамбергенқызының ұйымдастырылуымен поэзияға жаны жақын, лицейіміздің өлеңсүйер оқушылары,  классик, рухты ақын, қоғам қайраткері — Мұхтар Шахановпен өткен кездесуге қатысты.  Кездесуде ақынның өлең-жырлары жатқа айтылып, поэзиялық кеш жоғары деңгейде өтті.