Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Төтенше жағдайларды жою»
24
январь
2020
«Төтенше жағдайларды жою»
    Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жоспарына сәйкес 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында  Алатау ауданының төтенше жағдайлар департаменті (аға инженер капитан Баймұхамбетова С., бас маман Есалиев М.) № 178 лицейінде кенеттен сейсмикалық зерттеу жүргізді.  8 сынып оқушыларымен «Төтенше жағдайларды жою» тақырыбында сынып сағаты өткізіп, іс-шара соңында барлық қатысушыларға 312 дана көлемінде «10 қарапайым қадам», «Құрылымсыз сейсмикалық күшейту» және «Дабыл жағдайы» жадынамалары
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы құтты болсын!
23
январь
2020
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы құтты
   Осы орайда Абай шығармаларын оқу эстафетасын Бекасыл Биболатов атындағы мектебінен қабыл алып, №178 лицей атынан Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №179 жалпы білім беретін мектебіне жолдаймыз.
Физика-информатика кафедрасының онкүндігі ашылды
22
январь
2020
Физика-информатика кафедрасының онкүндігі ашылды
      №178 лицейде қаңтардың 22-сі күні физика-информатика кафедрасының онкүндігі ашылды. Онкүндікке барлық физика, информатика мұғалімдері мен нақты ғылымдарға зор қызығушылығын танытқан 5-11 сынып оқушыларының бастамашыл тобы қатысты. Онкүндіктің мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоциясын тудыру, дербес қорытынды жасауға және жалпылауға негіздеу, күнделікті өмірде физика және информатика мәліметтерін қолдану, нақты ғылымдардың жұмбақ әлеміне кіре
«Тартылыс заңы немесе сиқырлы магнит»
21
январь
2020
«Тартылыс заңы немесе сиқырлы магнит»
   21.01.2020 ж лицейіміздің 6-сынып оқушыларымен «Тартылыс заңы немесе сиқырлы магнит» тақырыбында тренинг жаттығулар жүргізілді. Тренинг барысында «Менің ерке есімім», «Жиырма «Мен», «Жақсы ма, жаман ба?», «Комплимент», «Күн нұрындағы менің суретім», «Өзіме хат» тақырыптарында түрлі жаттығулар жүргізілді.    Мақсаты: өзінің тұлғалық қасиеттерін бағалауға, өзін-өзі сыни көзбен түзеуге үйрету.    Міндеттері: тұлғаның өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле білуге жағдай жасау, өзін-өзі түсінуге
Лицей мұғалімдері мен оқушылары «Ең үздік Бизнес идея-2019» байқауының арнайы мадақтамаларына ие болды
20
январь
2020
Лицей мұғалімдері мен оқушылары «Ең үздік Бизнес идея-2019»
   Алматы қаласы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткізілген «Ең үздік Бизнес идея-2019» байқауының жеңімпазы Бақыт Марат  «Globus»  жобасынан ІІ орын жеңіп алды. Сонымен қатар байқауға қатысқаны үшін Кәкібай Асанбай, Талғатов Темірлан, Сатыбалды Нұрболат, Байғалиев Әсет, Құмарбек Әйгерім, Алимғазы Рания және жоба кураторы Кутумов Берік арнайы мадақтамалармен марапатталды.    Сондай-ақ байқауға қатысқаны үшін лицейімізге де арнайы мадақтама берілді.
«Ел жастары» клубының жеңімпаздары лицей директорының қабылдауында
19
январь
2020
«Ел жастары» клубының жеңімпаздары лицей директорының қабылдауында
    Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша өткен Қазақ және Әлем классигі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мен және менің ұйымым» атты сайысынан «Бас Жүлде» иегерлері атанған оқушыларымызды лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы қабылдап, айтулы жеңістерімен құттықтады.   Оқушыларымызға алдағы уақытта аудан, қала, республика көлемінде өтетін сайыстарда лицей намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырына көтеріліп, тек бірыңғай жетістіктерге жете беріңіздер деп, өзінің жылы лебізін білдірді.   
«Ел жастары» клубының белсенді оқушылары аудан сайысынан «Бас Жүлде» иегері атанды
18
январь
2020
«Ел жастары» клубының белсенді оқушылары аудан сайысынан «Бас Жүлде»
     «Ел жастары» клубының белсенді оқушылары №149 мектебінде Қазақ және Әлем классигі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мен және менің ұйымым» атты сайысынан «Бас Жүлде» иегері атанды.       Оқушыларымыз ІІ турдан тұратын сайыста мүдірмей, таныстырумен бастап, Абайдың 18 қара сөзіне көрініс қойды.      Осы уақытқа дейін аудан көлемінде өткен сайыстарда, І-ІІ тоқсан аралығында 9-10 сынып оқушылары бастап берген дара жолды, 7-8 сынып оқушылары жаңа ІІІ тоқсанда әдемі жалғастыра білді.    
Лицейіміздің мұғалімдері І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды
17
январь
2020
Лицейіміздің мұғалімдері І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен
   Лицейіміздің мұғалімдері Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» сайысына қатысып,  жүлделі орындарға ие болды.    Биология пәнінің мұғалімі Айдарова Айдана І дәрежелі дипломмен,  физика пәнінің мұғалімі Жумағулова Сағила және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кутумов Берік ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.    Марапаттарыңыз құтты  болсын, құрметті де, қадірлі ұстаздар!
Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері.
13
январь
2020
Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт
   13.01.2020ж. күні №178 лицейдің 7-8 сынып оқушыларына "Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері" тақырыбында OnLine сабақ өткізілді.