Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ғылымға самғаған “Шоқжұлдыз” жолы
26
апрель
2025
Ғылымға самғаған “Шоқжұлдыз” жолы
Ресейдің Королев қаласында өткен “ШОҚЖҰЛДЫЗ–2025” XXV бүкілресейлік олимпиадасында лицейіміздің 10-11-сынып оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.“Адам – Жер – Ғарыш” бағыты бойынша қоршаған ортаны қорғау мәселелері аясында өз жобаларын қорғаған оқушыларымыз 4 КҮМІС МЕДАЛЬҒА ие болды! Атап айтқанда:2-орын - Мамырхан Бекнұр, 11-сынып оқушысы; 2-орын - Матаев Аңсар, 11-сынып оқушысы; 2-орын - Жұмабек Қажыкелді, 10-сынып оқушысы; 2-орын - Аманжол Ералы, 10-сынып оқушысы.Ғылыми ізденіс пен
Жеңісті де жемісті қадамдар
25
апрель
2025
Жеңісті де жемісті қадамдар
Қалалық іріктеу кезеңінде өткен жеңіл атлетикалық кросс спорт түрінен 7-8-сынып оқушыларынан құралған ұлдар және қыздар командалары ІІ орынға ие болды! Жас спортшыларымыздың табандылығы мен жігері жеңіске жетеледі. Барша қатысушыларды құттықтаймыз! Алда әлі де биік белестер күтіп тұр!
"Үнемділік пен ысырапшылық" тақырыбында сынып сағаты өтті
24
апрель
2025
"Үнемділік пен ысырапшылық" тақырыбында сынып сағаты өтті
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында “Адал азамат” жобасы негізінде "Үнемділік пен ысырапшылық" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға үнемдеу мен ысырап жайлы мағлұмат бере отырып, олардын шығу жолдарын түсіндіріп, күнделікті өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу. Өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушыларды тәрбиелі, білімді болып өсуге тәрбиелеу.  
Лицейде "Ерлік сабағы" өтті
22
апрель
2025
Лицейде "Ерлік сабағы" өтті
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және де бастапқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасын қалыптастыру мақсатында №55065 әскери бөлімі командирінің ТжИЖ жөніндегі орынбасары подполковник А.Ниязалиев, база 3-сыныптың сержанты Н.Базарбек, лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларына "Ерлік сабағы" тақырыбында іс-шара өткізді.
"Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" ұранымен  оқу-жаттығу сабақтары өтті
21
апрель
2025
"Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" ұранымен
Лицей оқушыларына "Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" ұранымен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығу сабақтары өтті. Сабақтың мақсаты – оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениетін насихаттау және жауапкершілікке тәрбиелеу.
«Жүректен жүрекке» атты сынып сағаттары 5-11 сынып оқушыларына өтті
21
апрель
2025
«Жүректен жүрекке» атты сынып сағаттары 5-11 сынып оқушыларына өтті
«КӨМЕК» бағдарламасы  негізінде  «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айлық аясында  «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы жоспарына сай «Жүректен жүрекке» атты сынып сағаттары 5-11 сынып оқушыларына өтті. Мақсаты: оқушылардың "мейірімділік" ұғымы туралы түсініктерін кеңейту адамгершілікке, сыйластыққа, бір-біріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.  
“Гауһартас” лигасы аясында 7-8 сыныптар оқушылар арасында жеңіл атлетика жүгіру спорт түрінен жарыс өтілді.
21
апрель
2025
“Гауһартас” лигасы аясында 7-8 сыныптар оқушылар арасында жеңіл
"Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық" кафедрасының "Эстетика–адамның рухани әлемі" атты онкүндікке орай “Гауһартас” лигасы аясында 7-8 сыныптар оқушылар арасында жеңіл атлетика жүгіру спорт түрінен жарыс өтілді. Жарысқа оқушылар белсене қатысты. Нәтижесі бойынша ұлдар арасында: 1-орын – Ердавлетов Әділмансұр, 8 "Г" сынып оқушысы; 2-орын – Жақсылық Серали, 8 "Б" сынып оқушысы; 3-орын –Тлек Али, 7 "Ә" сынып оқушысы; 3-орын – Қалибек Алихан, 8 "В" сынып оқушысы
“Гауһартас” лигасы аясында 9-11 сынып оқушылар арасында жеңіл атлетика жүгіру спорт түрінен жарыс өтті.
21
апрель
2025
“Гауһартас” лигасы аясында 9-11 сынып оқушылар арасында жеңіл
"Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық" кафедрасының "Эстетика – адамның рухани әлемі" атты онкүндікке орай “Гауһартас” лигасы аясында 9-11 сынып оқушылар арасында жеңіл атлетика жүгіру спорт түрінен жарыс өтті. Жарыс өте қызықты әрі тартысты болды. Оқушылар белсене қатысып, нәтижесінде ұлдар арасында: 1-орын: Мейрамбек Марғұлан, 9 "Д" сынып оқушысы; 2-орын: Бақыт Нұрсұлтан, 9 "Г" сынып оқушысы; 3-орын: Чокушев Алдияр, 9 "Г" сынып оқушысы жеңісті қанжығасына
"Жеңіл атлетикалық" кросстан 7-8 сынып оқушылары арасында  аудандық іріктеу өтті.
21
апрель
2025
"Жеңіл атлетикалық" кросстан 7-8 сынып оқушылары арасында аудандық
Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Жеңіл атлетикалық" кросстан 7-8 сынып оқушылары арасында өткен аудандық іріктеу жарысында лицейіміздің ұлдар командасы 1- орынды иеленді.
Қазыналы қарттарымызға құрмет
18
апрель
2025
Қазыналы қарттарымызға құрмет
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, «Тыл еңбек ерлеріне құрмет» тақырыбында Ұлы Отан соғысының ардагері, қазыналы қартымыз Б. Қасеновты лицей ұжымы құттықтап қайтты. Қарияның көңілін аулаған лицей оқушылар күй тартып, жақсы көңіл-күй сыйлады.