Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
5-10 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді
19
февраль
2021
5-10 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты тақырыбында
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 5-10 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Шара мақсаты – балаларды өнерге баулу, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті және махаббатты одан әрі ояту, ұлттық бірлікке тәрбиелеу, сонымен қатар дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектесу.
Лицей директоры мен тәлімгеріне ҚР Жазушылар одағының І орынбасары алғыс білдірді
18
февраль
2021
Лицей директоры мен тәлімгеріне ҚР Жазушылар одағының І орынбасары
     ҚР Жазушылар одағының І орынбасары, поэзия ақыны Ақберен Елгезек, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық  мерейтойына орай ұйымдастырылған қалалық онлайн өлең оқу байқауын жоғарғы деңгейде өткізгені үшін мамандандырылған лицейдің директоры Қайратбек Хамзаханұлы мен тәлімгер Әбілқайыр Тілеужанға өзінің  алғыс хаттарын жолдады.      Сондай-ақ мамандандырылған лицейдің директоры Қайратбек Хамзаханұлы онлайн өлең оқу байқауына қолдау көрсеткені үшін Ақберен Елгезекке де ұжымның атынан алғыс
Online форматта 7-8 сыныптар бойынша лицейішілік пәндік олимпиада өткізілді
18
февраль
2021
Online форматта 7-8 сыныптар бойынша лицейішілік пәндік олимпиада
Пән олимпиадасы – оқушы білімін саралайтын сынақ. Лицейішілік пән олимпиадасы оқушылардың білім деңгейлерін анықтаумен ғана шектелмей, олардың пәнге деген қызығушылығын дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілді. Осыған орай,  №178 мамандандырылған лицейде ақпан айының 17-18 күндері Online форматта  7-8 сыныптар бойынша лицейішілік пәндік олимпиада өткізілді. Пәндік олимпиадада физика, математика және ағылшын тілі пәндері қамтылды. Әр сыныптан қатысқан оқушылар саны шамамен
"Директорлық сенбі – ата-ана үні" онлайн-кездесу (5-9 сынып)
17
февраль
2021
"Директорлық сенбі – ата-ана үні" онлайн-кездесу (5-9 сынып)
2021 жылғы 20 ақпанда сағ. 12.00-де №178 мамандандырылған лицей әкімшілігі қашықтық оқыту жағдайында балаларды тәрбиелеу мәселелерінде, "Лицей – Бала – Ата-ана" қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық- педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету мақсатында "Директорлық сенбі – ата-ана үні" онлайн-кездесуін өткізеді.
"Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің жабылу салтанаты
13
февраль
2021
"Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем" атты қазақ тілі мен әдебиеті
2020-2021 оқу жылының 3-13 ақпан аралығында өткен "Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының жабылу салтанаты 13 ақпан күні өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  онкүндігіне орай лицейімізде қазақ педагогикасының негізін қалаушы, білім ісінің ұйымдастырушысы, фольклорист, ақын-жазушы, қазақтың  аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, оқырмандар сайысы, онлайн форматта өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы
№178 мамандандырылған лицей директоры мен мұғалімдері Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б. Байбектің алғыс хатымен марапатталды
12
февраль
2021
№178 мамандандырылған лицей директоры мен мұғалімдері Партия
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау кезінде "Nur Otan"  партиясының сайлау науқанында белсенді атсалысқандары үшін №178 мамандандырылған лицей директоры мен мұғалімдері Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б. Байбектің алғыс хатымен марапатталды. 
№178 мамандандырылған лицей 2021-2022 оқу жылына конкурстық іріктеу негізінде 5-сыныпқа оқушылар қабылдайды
12
февраль
2021
№178 мамандандырылған лицей 2021-2022 оқу жылына конкурстық іріктеу
Құрметті ата-аналар және оқушылар! №178 мамандандырылған лицей 2021-2022 оқу жылына конкурстық іріктеу негізінде 5-сыныпқа оқушылар қабылдайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
12
февраль
2021
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
«Тіл – елдің тірегі» атты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында Етекбаева Жанар 7 «В» сыныбына Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесті бойынша ашық сабағын өткізді. Сабақ онлайн форматта өтті. Сабақ мақсатына жету нәтижесінде оқушылардың белсенділігі, пәнге деген қызығушылығы байқалды. Шығарма кейіпкері Ұлы Отан соғысының ардагері, халық қаһарманы туралы тың деректермен бөлісіп, өз ойларын нақты мысалмен  дәлелдер келтіре отырып, тарихтан сыр шертті. Балалардың ойлары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
11
февраль
2021
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
2021жылдын 11 ақпанында қазақ тілі пәнінен пән муғалімі Сатбаева Роза 5 «Ғ» сыныбында «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым тапсырмалары сандық білім беру ресурстары бейнетаспа, padlet.com тақтасы мен docs.google.com, learningapps.org интернет қосымшалары арқылы жүзеге асты. Оқушылар пәнге деген қызығушылығын, білімдерін, шапшаң ойлау қабілеттерін көрсетті. Сабақта оқу мақсатына жету
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
10
февраль
2021
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
2021 жылдың 10 ақпанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында Усентаева Бағлан 9 «З» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Биотехнологияның негізгі бағыттары және отандық жетістіктері. Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақ барысында оқушылардың оқылым, жазылым дағдыларын дамыта түсу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқу мақсатына қол жеткізді.