Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында лицей оқушыларының құттықтауы
28
февраль
2021
1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында лицей оқушыларының құттықтауы
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке "1 наурыз - Алғыс айту күні" қарсаңында лицей оқушыларын ризашылық пен алғыс айтуға, әдептілікке, кішіпейілділік пен ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында лицейіміздің бітіруші түлектері Елбасына, Қазақстан Республикасы Президентіне, ұстаздар мен аналарға, барша қазақстандықтарға өздерінің алғысы мен ризашылығын білдіріп, құттықтауда.
Ертеңгі болашақ - білімді ұрпақ
27
февраль
2021
Ертеңгі болашақ - білімді ұрпақ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің ұйымдастыруымен ақпан айының 27 күні өткен жалпы білім беретін мектеп оқушыларына және студенттерге арналған ІІ Халықаралық «Жас зерттеуші» атты ғылыми жоба жұмыстары конкурсында 10 «Ә» сынып оқушысы Ахмет Ақнұр лауреат атанып, «Ізденімпаз» номинациясы бойынша ІІ жүлделі орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі: Кенжебаева Жанна. Шәкіртімізге шығармашылық табыстар тілейміз!
«Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық» кафедрасының онкүндігінің ашылуы
27
февраль
2021
«Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық»
Санитарлық талапқа сай, мамандандырылған лицейде 27.02 күні «Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық» кафедрасының онкүндігінің «Спорт – таусылмас азық, Өнер – сарқылмас байлық!» атты тақырыбында онлайн және офлайн режимде ашылу салтанатты кеші өткізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгере отырып, оқушыларға сапалы білім беру. Білімді
"Директорлық сенбі – ата-ана үні" онлайн-кездесу (10-11 сынып)
26
февраль
2021
"Директорлық сенбі – ата-ана үні" онлайн-кездесу (10-11 сынып)
Қ ұрметті, 10-11 сыныптың ата-аналары!  Сіздерді 2021 жылғы 27 ақпанда сағ. 12.00-де  №178 мамандандырылған лицей әкімшілігімен өтетін "Лицей – Бала – Ата-ана" қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету мақсатында "Директорлық сенбі – ата-ана үні" атты онлайн-кездесуге шақырамыз.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізілді
25
февраль
2021
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында
    2021 жылдың 25 ақпан күні №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті лицей клубының жетекшісі А.Т.Қамза 9-10 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету,
Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру
25
февраль
2021
Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру
   № 178 мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушыларын мамандыққа баулу мақсатында ағымдағы жылдың 23 ақпанында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетіне қарасты Халықаралық сервис және менеджмент колледж мамандары кездесу өткізді. Осы іс-шарада колледж мұғалімдері оқушыларға әр түрлі мамандықтар туралы айтып, бейне- таныстырылым көрсетті. Сонымен қатар, жеңілдіктер және алдын ала тестілеу жөніндегі деректер және қажетті құжаттар тізімі де хабарландырылды.
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтың 70 жылдығына орай ұйымдастырылған онлай көрме
23
февраль
2021
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтың 70 жылдығына орай №178 мамандандырылған лицейде 2021 жылдың 23 ақпан күні онлайн-көрме ұйымдастырылды. Көрмені дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Базарбаев Еркебұлан мен Жампеисова Әсем өткізді.
5-11 сыныптарында "Тәуелсіздіктің дара жолы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
23
февраль
2021
5-11 сыныптарында "Тәуелсіздіктің дара жолы" тақырыбында сынып
2021 жылдың 23 ақпан күні №178 мамандандырылған лицейдің 5-11 сыныптарында "Тәуелсіздіктің дара жолы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы айшықты ісіне шолу жасап, түсінік беру. Оқушылардың ойлау және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тарихты бағалай білуге үйрете отырып, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен сынып сағаттары жоғары деңгейде өтті. 
Ата-аналармен (5-9 сынып) онлайн-кездесу өтті
20
февраль
2021
Ата-аналармен (5-9 сынып) онлайн-кездесу өтті
    2021 жылдың 20 ақпанында сағат 12:00-де ZOOM платформасында № 178 мамандандырылған лицейдің 5-9 сыныптардың ата-аналарымен онлайн-кездесу өтті. Ата-аналарға арналған онлайн-сұхбатқа лицей директоры, директордың оқу ісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог, лицей психологы, лицей тәлімгері және лицейдің 5-9 сынып оқушыларының ата-аналары мен сынып жетекшілері қатысты. Кездесу барысында ата-аналар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, өте белсенді болды. Кездесу соңында
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының ашық байланыс желілері
20
февраль
2021
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының ашық байланыс желілері
Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының ашық байланыс желілері.