«ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ЕРКІНДІГІ» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ЕРКІНДІГІ» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Іс-шара барысында мұғалімдер лицей директорының алғыс хатымен марапатталды.