Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Электронды темекінің зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыс.
10
февраль
2022
"Электронды темекінің зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыс.
№178 мамандандырылған лицейде 8 ақпан күні 6 "А" сынып жетекшісі Ж.Ноғайбаева "Электронды темекінің зияны" тақырыбы бойынша ZOOM платформасында түсіндіру жұмысын жүргізді. Мақсаты: жасөспірімдердің әуесқой заттардан бойын аулақ ұстауын, салауатты өмір салтын ұстану туралы түсінік беру.
"Электронды темекі - адамның өзін-өзі алдауы" тақырыбында зерттеушілік әңгіме жүргізілді.
10
февраль
2022
"Электронды темекі - адамның өзін-өзі алдауы" тақырыбында
⏹ “Қазақстан–2030” бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керектігі айтылған. 1️⃣ бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»; 2️⃣ бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»; 3️⃣ бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес». ▶️ «Темекі шегуді тоқтату» бағытын негізге ала отырып, №178 мамандандырылған лицейде салауатты өмір салтын ұстануда күнделікті іс-шаралар өткізілуде. Атап айтқанда, 8 ақпан күні 9-сыныптар арасында "Электронды темекі -
«Қайырымдылық – жер бетінде!», «Ризамын бүгінге!» атты флешмоб өткізілді.
09
февраль
2022
«Қайырымдылық – жер бетінде!», «Ризамын бүгінге!» атты флешмоб
№178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталық іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2022 жылдың 08 ақпанында күні 7-8 сыныптар арасында «Қайырымдылық – жер бетінде!», «Ризамын бүгінге!» атты флешмоб өткізілді. Флешмобтың өткізу мақсаты: өскелең жас ұрпақты өз елінің патриоты болуына, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу. Флешмоб өте қызықты және көңілді өтті.
«Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі өткізілді.
09
февраль
2022
«Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі өткізілді.
⚜️ №178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталық іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2022 жылғы 7 ақпанда «Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі өткізілді. 💫 Фестивальге 5-6-сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар: 🥇 Мұхитжанқызы Райхан, Төлеуғали Ерасыл; 🥈Мерекеқызы Ділназ, Өмірсерік Айдана; 🥉Алмұрат Аяулым, Исағали Айтолқын, Сатыбалды Махаббат. ⚜️
"Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты" тақырыбында оқу байқауы ұйымдастырылды.
08
февраль
2022
"Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты" тақырыбында оқу
№ 178 мамандандырылған лицей мұғалімдері арасында "Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты" тақырыбында оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға көркем әдебиетті сүйіп оқитын лицей мұғалімдері Оралхан Бөкейдің "Кербұға" атты шығармасымен танысып, бағын сынай алады.
"Өзіңе деген махаббат - өмірге деген махаббат!" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
08
февраль
2022
"Өзіңе деген махаббат - өмірге деген махаббат!" тақырыбында
№178 мамандандырылған лицей психологтары Ж.А.Агажанова мен Г.Ж. Жамалова 10 сынып оқушыларымен "Өзіңе деген махаббат - өмірге деген махаббат!" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты оқушылардың өзіне деген махаббатын жеке тұлға құндылықтарымен қалыптастырып, өз бетінше ізденіп, сөйлеу, ойлау әрекеттерін дамытуда түйінді ой қорытуға, шығармашылық тұлғалануға ықпал ету болды.
«Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі аясында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
08
февраль
2022
«Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі
2022 жылғы 1-11 ақпан аралығындағы №178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі аясында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Акция аясында көп балалы аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік және мектеп жабдықтары таратылды.
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында  “Кел, оқиық бірге” акциясы  жүзеге асырылуда.
08
февраль
2022
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында “Кел,
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында лицейдің кітапхана меңгерушісі Жунисбекова Гулшира Бактияркызының ұйымдастыруымен “Кел, оқиық бірге” акциясы жүзеге асырылуда. Мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға дағдыландыру.
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқау нәтижесі.
08
февраль
2022
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға №178 мамандандырылған лицейдің 9 “Е” сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, нәтижесінде: 🥇1 орын - Қонурбай Нұржан, Альфара Айкун, 🥈2 орын - Болат Нұрсұлтан, Аружан, Бекен Аружан, Құттыбай Ердаулет, Зикиров Абылай ие болды. Шығармашылық байқауда даралықтарын көрсетіп, ерекше өнерімен үздік танылған оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
08
февраль
2022
«Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг
№178 мамандандырылған лицей психологтары Ж.А. Агажанова мен Г.Ж. Жамалова 11 сынып оқушыларымен «Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына,өмірде жетістікке жету әр адамның өзінің қолында екенін ұғындыру.