Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстаз еңбегіне – жоғары құрмет!
24
октябрь
2025
Ұстаз еңбегіне – жоғары құрмет!
Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен, Алматы қаласы әкімінің қолдауымен №178 мамандандырылған лицейдің физика пәні мұғалімі, «Ы. Алтынсарин» және «Үздік педагог – 2021» төсбелгілерінің иегері Слямгалиева Гүлнәр Нәбиқызы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды!  Бұл марапат – ұстазымыздың көпжылдық еңбегі мен білім беру ісіне қосқан зор үлесінің, шәкірт тәрбиесіндегі табандылығы мен кәсіби шеберлігінің лайықты бағалануы.
"Алтын белгіге" үміткерлердің білім сапасын бағалау
23
октябрь
2025
"Алтын белгіге" үміткерлердің білім сапасын бағалау
2025 жылдың 23 қазанында "Алтын белгіге" үміткер оқушылардан қорытынды аттестаттауға дайындық деңгейін анықтау мақсатында математика пәнінен бақылау жұмыстары алынды. Бақылау жұмысына барлық үміткерлер белсене қатысып, өз білімдерін көрсетуге тырысты. Нәтижелер оқушылардың оқу жетістіктерін саралауға және алдағы емтиханға дайындықтарын жетілдіруге мүмкіндік берді.
«Ayaly Alaqan – VIII» Республикалық қайырымдылық турнирі
23
октябрь
2025
«Ayaly Alaqan – VIII» Республикалық қайырымдылық турнирі
Satbayev University «Technokrat» Интеллектуалды Пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен «Ayaly Alaqan – VIII» Республикалық қайырымдылық турнирінде Зақанов Нұрдәулет "Ең үздік спикер" номинациясымен марапатталды. Бұл – Нұрдәулеттің шешендік шеберлігі мен ой ұшқырлығының дәлелі. Жетістігің құтты болсын, жаңа белестерге жол ашсын!  
Кітап – рухани қазына, кітапханашы – оның шырақшысы
22
октябрь
2025
Кітап – рухани қазына, кітапханашы – оның шырақшысы
Кітапханашылар күніне орай «Балалар кітапханасы» жобасы аясында лицейде «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – жас ұрпақты кітап оқуға баулу, кітапхана қорын толықтыру, сонымен қатар кітапханашы мамандығының қоғамдағы маңызын насихаттау болды. Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар өздерінің сүйікті көркем әдебиеттерін, балаларға арналған танымдық кітаптарды тарту етіп, білім ордасының рухани қорына үлес қосты. Бұл бастама – тек кітап қорын байыту ғана емес,
"Жаңа мектеп – жаңа достар!" психологиялық тренинг
17
октябрь
2025
"Жаңа мектеп – жаңа достар!" психологиялық тренинг
5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында оқушылармен психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар өзара қарым-қатынас орнатып, бір-біріне сенім білдіруге бағытталған жаттығулар орындады. Тренинг оқушылардың жаңа ортаға тез бейімделуіне, достық байланыс орнатуына және жағымды эмоционалды ахуал қалыптастыруына ықпал етті.
Ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды
16
октябрь
2025
Ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды
2025 жылдың 16 қазанында І тоқсан қорытындысы бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) нәтижелерін таныстыру мақсатында лицейде «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — ата-аналарға оқу үдерісі мен оқушылардың білім деңгейі туралы жан-жақты ақпарат беру, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайту. Іс-шара барысында ата-аналар: оқушылардың БЖБ нәтижелерімен танысты; мұғалімдермен жеке сөйлесіп, оқу барысы туралы пікір алмасты; «Ашық есік» күні ата-аналардың белсенді
Ата-аналарға арналған ашық есік күні
15
октябрь
2025
Ата-аналарға арналған ашық есік күні
Құрметті ата-аналар! Сіздерді 2025 жылдың 16 қазан күні өтетін "Ашық есік күніне" шақырамыз. І тоқсан бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) нәтижелерімен танысып, оқушылардың оқу жетістіктері жайлы толық ақпарат ала аласыз.  Қатысуыңыз – баланың білім жолындағы маңызды қолдау!
Ұстаздық - ұлы мамандық, ал ұстаздар династиясы - сол мамандықтың мәңгілік жалғасы
14
октябрь
2025
Ұстаздық - ұлы мамандық, ал ұстаздар династиясы - сол мамандықтың
Ұстаздық - ұлы мамандық, ал ұстаздар династиясы - сол мамандықтың мәңгілік жалғасы. Бір әулеттің бірнеше буыны білім беру ісіне өмірін арнап, ұлт болашағына қызмет етіп келеді. Мұндай жанұялар - нағыз еңбек пен парасаттың мектебі! №178 мамандандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология магистрі, педагог-зерттеуші Тулегенова Сания Батырбековна - ұстаздар династиясынан шыққан жан. Ұрпақ сабақтастығын жалғап, жас буынға білім
Тоқсандық жиынтық бағалау алдындағы психологиялық қолдау
13
октябрь
2025
Тоқсандық жиынтық бағалау алдындағы психологиялық қолдау
ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) тапсырмалары алдында оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында түсіндірме және мотивациялық жұмыс жүргізілді.  Оқушылармен тыныс алу жаттығулары, сенімділік арттыру және күйзеліске қарсы қарапайым тәсілдер үйретілді.   Шара балалардың уайымын жеңілдетіп, өз күшіне сенімділігін арттыруға ықпал етті.
«Алтын белгіге» жол - білім мен шығармашылықтың бірлігінде
13
октябрь
2025
«Алтын белгіге» жол - білім мен шығармашылықтың бірлігінде
«Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында бақылау және эссе жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл кезең - олардың оқу жылындағы жетістіктерін әділ бағалап, білім сапасын жан-жақты тексерудің маңызды алғышарты. Бақылау жұмыстары математикалық бағытта өткізіліп, оқушылардың логика мен есептеу қабілеттері сыналды. Эссе жазу барысында олардың ой өрісі, тіл шеберлігі және шығармашылық қабілеттері бағаланды. Барлық жұмыстар арнайы комиссия мүшелері қатысуымен,