Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » OPENSCHOOL: Табысты тәжірибелерге экскурсия
15
апрель
2026

OPENSCHOOL: Табысты тәжірибелерге экскурсия

2026 жылғы 15 сәуірде Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицей базасында Алматы қаласы Білім басқармасы Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының бірлесуімен мектептердің жас басшылары мен кадрлық резерв мамандарына арналған семинар-практикум ұйымдастырылды. Іс-шара барысында инновациялық басқару модельдерін таныстыру, цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен алмасу және қатысушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту бағыттары кеңінен қамтылды.
Семинардың ашылуында «ҚББЖТҒӘО» ШЖҚ МКК директорының м.у.а. Смағұлова А.Р. және орталықтың басшы кадрлармен жұмыс және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері Бигалиева А.С. қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, лицей ұжымының кәсіби қызметіне жоғары баға берді. Лицей директоры Шадиев К.Х. білім беру ұйымын трансформациялаудың тиімді тәжірибесін ұсынып, басқарудағы заманауи тәсілдердің маңыздылығына тоқталды.
Семинар аясында STEM-кеңістік SPACE LAB зертханасында физика, биология және робототехника бағыттары бойынша оқушылардың ғылыми жобалары таныстырылып, зымырандар мен дрондардың тәжірибелік ұшырылымдары көрсетілді. Сонымен қатар, цифрлық білім беру және жасанды интеллект бағытындағы жобалар ұсынылды. Олардың қатарында цифрлық басқару жүйелері, «Protector AI» цифрлық қауіпсіздік шешімі, мұғалімнің цифрлық жұмыс орны, жасанды интеллект негізіндегі репетитор, сондай-ақ «БЕСТІК AI» жаратылыстану пәніне арналған авторлық моделі бар.
Семинар қорытындысында дарынды оқушылар өнер көрсетіп, лицей гимні орындалды. Кері байланыс барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, олар лицейдің «Құрмет кітабына» енгізілетіні атап өтілді. Аталған семинар білім беру саласындағы озық тәжірибелерді таратуға, кәсіби диалогты нығайтуға және инновациялық бастамаларды қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: