Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
оқушыларына "Ұлттық валюта күні" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
15
ноябрь
2022
оқушыларына "Ұлттық валюта күні" тақырыбында сынып сағаттары
Кез келген тәуелсіз мемлекет экономикасының темірқазығы төл валютасы екені белгілі. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді.1997 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні ретінде аталып өтеді. Осы атаулы күнге орай лицейімізде 6-11 сынып оқушыларына "Ұлттық валюта күні" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру; Еліміздің
Алматы қаласы «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық слёттің жеңімпазы атандық.
14
ноябрь
2022
Алматы қаласы «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық
Алматы қаласы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Білім беру мекемелерінің «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында өткен қалалық слётқа қатысып, 1 дәрежелі дипломмен лицейіміздің президенті Есхат Бағжан марапатталды.
Жас ғалымдарымыз ғылыми жобалар конкурсына дайын!
11
ноябрь
2022
Жас ғалымдарымыз ғылыми жобалар конкурсына дайын!
2022 жылы 11 қараша күні №178 мамандандырылған лицейде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне тағы да дайындық жасалды. Оқушылардың жазған ғылыми жұмыстарын саралап, өңдеу жұмыстары жүргізілді. Қалалық кезең 12.11.2022ж. күні «Тұран» университетінде өтеді. Барлық қатысушы жас ғалымдарымызға сәттілік тілейміз!
«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды.
10
ноябрь
2022
«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының
     "Өрлеу "БАҰО" АҚ ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының аймақтық кезеңінде жүлделі ІІ орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Рапилова Эльмира Жанатовна, ІІІ орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Досқожаева Нұргүл Елшібекқызы иеленді. Ұстаздарымызды жеңісімен  құттықтаймыз!
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» қалалық педагогикалық олимпиадасының жеңімпазы атанды.
09
ноябрь
2022
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» қалалық педагогикалық
  Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған қалалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында лицейіміздің физика пәні мұғалімі Ікрам Дәулетбек Сапақұлы жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Марапатыңыз құтты болсын, Дәулетбек Сапақұлы!
UIB университеті мамандарымен кәсіптік бағдар бойынша кездесу өтті.
08
ноябрь
2022
UIB университеті мамандарымен кәсіптік бағдар бойынша кездесу өтті.
 2022 жылы 7 қараша күні №178 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушылары К.Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университетінің профессор-оқытушы құрамымен кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу өтті. UIB университетінің оқу бағдарламасы, мамандық түрлерімен танысып, оқушылар өзіне қызықты көптеген сұрақтар қойып отырды. UIB университетімен бірге заман талабына сай, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді ықпал ете алатын білімді, сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, заманауи
Педагогикалық іс-тәжірибеде мұғалімдер тәлімгерлік жұмыстарын бастады.
08
ноябрь
2022
Педагогикалық іс-тәжірибеде мұғалімдер тәлімгерлік жұмыстарын бастады.
 2022-2023 оқу жылына арналған №178 мамандандырылған лицей мен Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті арасында келісім-шарт негізінде лицейде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 4-курс студенттері педагогикалық іс-тәжірибесін бастады. Іс-тәжірибеге жаратылыстану бағыты: биология және химия пәні бойынша педагогикалық мамандықтарында оқитын студенттер келді. Жоспарға сәйкес тәлімгерлер белгіленіп, сыныптарға үйлестіріп белсенді жұмыстар жүргізіле бастады. «Ұстаздық
Дебат спикерлеріне арналған арнайы дәріске лицей оқушылары қатысты.
07
ноябрь
2022
Дебат спикерлеріне арналған арнайы дәріске лицей оқушылары қатысты.
    Қ.Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық Университетінде "Дебат спикерлеріне" арналған арнайы дәріс өтті. Осы дәріске №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары қатысып, бағдарлама бойынша ұйымдастырылған "Әділ қазылар ойынына" студенттермен бірге қатысып, көптеген мәліметтер алып қайтты.
8”Ж” сынып оқушысы Аубакир Сафия “Өнер әлемі” байқауында бас жүлде иеленді.
07
ноябрь
2022
8”Ж” сынып оқушысы Аубакир Сафия “Өнер әлемі” байқауында бас жүлде
   №178 мамандандырылған лицейдің 8”Ж” сынып оқушысы Аубакир Сафия Талдықорған қаласында өткен республикалық “Өнер әлемі” байқауында “Тепең көк” күйін шебер орындап, бас жүлдені иеленді. Жеңісің құтты болсын, Сафия!  
Лицейде 10 cыныптар арасында волейболдан жарыс өткізілді.
04
ноябрь
2022
Лицейде 10 cыныптар арасында волейболдан жарыс өткізілді.
    Лицейіміздің 10 жылдығына орай волейболдан 10 сыныптар арасында жарыс өтті. Спорттық жарыс өте қызықты, әрі тартысты болды. Жарыстың нәтижесі бойынша, І орын - 10 "В" сынып, II орын - 10 "Г" сынып, ІІІ орын - 10 "З" сынып оқушылары қанжығасына байлады. Жеңістерің құтты болсын!!!