Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейде  6-8 сынып оқушылары арасында «Қазақ еліне мың алғыс» тақырыбында эссе байқауы  өткізілді.
27
февраль
2023
Лицейде 6-8 сынып оқушылары арасында «Қазақ еліне мың алғыс»
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай N178 мамандандырылған лицейде 6-8 сынып оқушылары арасында «Қазақ еліне мың алғыс» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 
Лицейде 9-сынып оқушылары арасында лицейішілік волейболдан жарыс өткізілді.
24
февраль
2023
Лицейде 9-сынып оқушылары арасында лицейішілік волейболдан жарыс
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай N178 мамандандырылған лицейде 9-сынып оқушылары арасында лицейішілік волейболдан жарыс өткізілді. Нәтижесінде: 🥇орын–9 д 🥈орын–9 е 🥉орын– 9 б сыныптар жеңіп алды.
7 "Ғ" сынып оқушылары  “Ертегілер әлемінде” тақырыбында бейне reels түсірді.
23
февраль
2023
7 "Ғ" сынып оқушылары “Ертегілер әлемінде” тақырыбында бейне reels
№178 мамандандырлған лицейдің 7”Ғ” сынып оқушылары лицей кітапханашыларымен біріге отырып, “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Ертегілер әлемінде” тақырыбында бейне reels түсірді. Мақсаты: балаларды ертегі, кітап оқуға шақыру, ертегі, бала қиялына шабыт беретінін түсіндіру.
«№7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыбында ашық сабақ өтті.
23
февраль
2023
«№7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»
«Ғаламшар мен ғаламторға саяхат» тақырыбында физика-информатика кафедрасының айлығы жалғасуда. Физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жумагулова Сагила Абдуллаевна 8 «Б» сыныбымен «№7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың оқу мақсаты: Эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау; кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика
"Құқықбұзушылықты алдын алу – басты міндет" тақырыбында 7-11 сынып ұлдарына жиналыс өткізілді.
23
февраль
2023
"Құқықбұзушылықты алдын алу – басты міндет" тақырыбында 7-11 сынып
N178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Б.А.Курмансейітов, Алатау АПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Т.М.Халмырзаев "Құқықбұзушылықты алдын алу – басты міндет" тақырыбында 7-11 сынып ұлдарына жиналыс өткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Бизнес технологиялар" кафедрасының ПОҚ кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді.
22
февраль
2023
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Бизнес технологиялар" кафедрасының ПОҚ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Бизнес технологиялар" кафедрасының профессор-оқытушы құрамы (ПОҚ): э.ғ.д. Ә.Т.Өскеленова, э.ғ.д. М.У. Бейсенова, э.ғ.к., доцент К.М.Камали №178 мамандандырылған лицейдің түлектеріне мамандық таңдау бойынша кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді (https://www.kaznu.kz/ru/18974/news/one/36023/). Кездесу барысында түлектерге ақпараттандыру, кеңес беру, таңдау және шешім қабылдауға көмектесу және оның жеке әрі қоғамның қажеттіліктеріне де сәйкес келуі туралы кеңес берілді.
«Ғаламшар мен ғаламторға саяхат» тақырыбында физика-информатика кафедрасының айлығының ашылуы өтті.
22
февраль
2023
«Ғаламшар мен ғаламторға саяхат» тақырыбында физика-информатика
Жаңа ақпаратты технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың нақты пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ғаламшар мен ғаламторға саяхат» тақырыбында физика-информатика кафедрасының айлығының ашылуы өтті. Физика-информатика кафедрасының айлығы 2023 жылдың 17 ақпан мен 17 наурыз аралығында жоспарланды. Айлықтың барысында жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар күнделікті өмірде физика және информатика мәліметтерін қолданумен нақты ғылымдардың жұмбақ әлеміне кіре отырып,
«Зерттеу мәселесін қою арқылы математиканың күрделілігі жоғары есептерді шешуде – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.
21
февраль
2023
«Зерттеу мәселесін қою арқылы математиканың күрделілігі жоғары
«Әлем математика тілімен бейнеленген» тақырыбындағы математика айлығы өз мәресіне жетті. Айлықтың қорытынды іс-шарасы ретінде ҚББЖТҒӘО-ның оқу ісі жөніндегі бөлімнің физика, математика пәндерінің әдіскері Жакыпова Назима Балапановна «Зерттеу мәселесін қою арқылы математиканың күрделілігі жоғары есептерді шешуде – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум заманауи сандық әдістерді қолдана отырып оқушылардың математикалық
9-сынып оқушылары Алатау дәстүрлі театрында "Гүлдер хикаясы" сақыналық қойылымды тамашалады.
20
февраль
2023
9-сынып оқушылары Алатау дәстүрлі театрында "Гүлдер хикаясы"
N178 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушылары Алатау дәстүрлі театрында өткен "Гүлдер хикаясы" тақырыбындағы сақыналық қойылымды тамашалап қайтты.
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қоғамдық-гуманитарлық бағытының қорытындысы
18
февраль
2023
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша
2023 жылдың 16-17 ақпан аралығында 9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қалалық кезеңінен № 178 мамандандырылған лицей оқушыларының жетістіктері. Ағылшын тілі пәні бойынша: ІІ дәрежелі дипломмен Халыков Саги (11 сынып); Орыс тілі пәні бойынша: ІІ дәрежелі дипломмен Байжума Айзере (9 сынып); Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша: ІІІ дәрежелі дипломмен Марат Айғаным (10 сынып);   ІІ дәрежелі дипломмен Орынбасарқызы