Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7-8 сынып оқушылары 25 мамыр күні "Ән-Мұхит" атты қойылымды тамашалады.
29
май
2023

7-8 сынып оқушылары 25 мамыр күні "Ән-Мұхит" атты қойылымды тамашалады.

№178 мамандандырылған лицейдің 7-8 сынып оқушылары 25 мамыр күні "Ән-Мұхит" атты қойылымды тамашалады. Бұл спектакль - алты Алашқа әйгілі Мұхит Мерәліұлының 180 жылдық мерейтойына орай қойылған. Спектакль барысында Мұхит Мерәліұлының өмірі мен бір ғасырда болған әсерлі оқиғалар баяндалады. Сонымен қатар, 19-20 ғасырларды көз алдыңа айна қатесіз алып келеді және сол жылдардың әншілік өнерінің сан қырлы жаратылысы, табиғаты ашылады. Қойылымда эмоциялық бояуы өте күшті, шынайы адам кейпін іздеп жүрген әншінің әндері кездеседі. Сол замандағы әділетсіздік бүгінгі күнмен байланыса отырып, шындықпен астасып жатады. Мұхиттың сол ғасырлардағы әншілерден ерекшелігі - ол өзінің халқының, замандастарының қайғысы мен мұңына, қуанышы мен шаттығына ортақтасып, сол қиындық туралы ән шырқауы. Оқушылар үшін бұл көрініс өте әсерлі болып, актерлердің шеберлігі қатты ұнады. 1 сағатқа созылған әрі ғасырды тоғыстырған театр қойылымы симфониялық сүйемелдеумен шарықтай түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: