Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында 7-8 сынып оқушылары арасында Үстел теннисінен аудандық іріктеу жарысы өтті.
27
декабрь
2022
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында 7-8 сынып оқушылары арасында Үстел
     №185 ЖББМ-те өткен "Ұлттық мектеп лигасы" аясында 7-8 сынып оқушылары арасында Үстел теннисінен аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарыс өте қызықты, әрі тартысқа толы болды. Жарыстың соңында үздік ойыншылар мен жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде №178 мамандандырылған лицей оқушылары жүлделі II орынды иеленіп, Алатау ауданы Білім бөлімі басшысының мақтау қағазымен марапатталды.      Жетекшілері: Утешова М.К, Тульбаева Н.Э.
Лицей директоры Шадиев К.Х. денешынықтыру мен спорт саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
26
декабрь
2022
Лицей директоры Шадиев К.Х. денешынықтыру мен спорт саласының дамуына
     Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» ұйымдастыруымен 2022 жылдың 17 желтоқсан күні шахматтан 5-11 сынып оқушылары арасында «Ақбозат» атты Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді. Бұл жоғары деңгейде өткізілген Ұлттық мектеп лигасына лицей оқушылары қатысып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлаған болатын. Осы орайда, Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы лицей директоры Шадиев Кайратбек
Лицей оқушысы Жуманазарова Айиша Президент шыршасына қатысты.
26
декабрь
2022
Лицей оқушысы Жуманазарова Айиша Президент шыршасына қатысты.
     2022 жылдың 27 желтоқсан күні Алматы қаласында "Балалар жылы" аясында Президент шыршасы өтті. Шырша мерекесіне тұрмысы төмен, жетім, оқу озаты мен дарынды және ерекше қажеттілігі бар 300 бала шақырылды. Бұл мерекеге қатысу біздің №178 мамандандырылған лицейіміздің 7 "Ә" сынып оқушысы, "Зерде" ғылыми олимпиадасының қалалық ІІ-орын жүлдегері Жуманазарова Айишаға да бұйырған екен. Балаларды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның атынан Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев
Лицейде 6-11 сынып оқушыларына «Адам құқығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
23
декабрь
2022
Лицейде 6-11 сынып оқушыларына «Адам құқығы» тақырыбында сынып
     №178 мамандандырылған лицейде 6-11 сынып оқушыларына «Адам құқығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
«ALMATY TECHNOCUP - 2022» чемпионатында лицей оқушысы оқуға грант ұтып алды.
22
декабрь
2022
«ALMATY TECHNOCUP - 2022» чемпионатында лицей оқушысы оқуға грант
     2022 жылдың 21-22 желтоқсан аралығында «ALMATY TECHNOCUP - 2022» атты робототехника мен инновациялық технологиялар VІІІ ашық чемпионатының Алматы қаласы әкімінің кубогі өтті. Чемпионатқа №178 мамандандырылған лицейдің робототехниканы жетік меңгерген дарынды жастарымыз қатысты.      Программалық жобалар конкурсынан 6 сынып оқушылары Бақтияр Қ. мен Қонысбай Қ. жүлделі ІІІ орынға ие болды. 10 сынып оқушысы Санатұлы О. инженерлік жоба секциясы бойынша ұсынылған жобасы ерекше көзге түсіп, Қ.И.
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті
21
декабрь
2022
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық
2022 жылдың 21 желтоқсан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі №178 мамандандырылған лицейде өтеді. Олимпиадаға Алматы қаласы бойынша жалпы саны 237 оқушы қатысады. Лицейіміздің атынан 9 дарынды шәкіртіміз қатысып, білім додасында өз бақтарын сынайды. Білім шыңына жетуде талаптанған талантты жастарымызға сәттілік тілейміз!
"Білім көзі - кітапта" аудандық байқауында 9 "В" сынып оқушысы Оспанова Адия І дәрежелі диплом иегері атанды.
21
декабрь
2022
"Білім көзі - кітапта" аудандық байқауында 9 "В" сынып оқушысы
      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған "Білім көзі - кітапта" аудандық байқауына қатысып, 9 "В" сынып оқушысы Оспанова Адия үздік оқырман, І дәрежелі диплом иегері атанды. Атаулы жобаның мақсаты: «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру кітап оқу мәдениетіне тәрбиелей отырып, өз бетінше оқуға дағдыландыру және бәсекеге қабілетті
Лицей директоры Шадиев Қ.Х. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
20
декабрь
2022
Лицей директоры Шадиев Қ.Х. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың
     Тәуелсіздік күні қарсаңында №178 мамандандырылған лицей директоры, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагог-шебер Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Халықтың кемел келешегі үшін атқарып жатқан еңбегіңіз жемісті болсын! Құттықтаймыз!!!   
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» атты семинар-практикум өтті.
19
декабрь
2022
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарға ҚББЖТҒӘО оқу бөлімі ағылшын тілі пәні әдіскері Петрова Л. Б., АҚШ Мемлекеттік департаментінен келген ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ричмонд Марисоль қатысты. Семинардың бірінші бөлімінде сабақта қолданылатын белсенді оқу әдістерін, кері байланысты жүргізуді тәжірибеде көрсету үшін, лицейдің пән мұғалімдері арнайы сабақтар көрсетті. Ал семинардың екінші бөлімінде
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауда белсенділік танытқан лицей мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды.
19
декабрь
2022
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауда белсенділік танытқан лицей
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысқаны үшін лицей мұғалімдері Б.Н.Кутумов, Ж.З.Абуова және Н.Е.Досқожаева Алғыс хатпен марапатталды.