Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ай тұтылған түн: аспан әлеміндегі ғажайып"
07
сентябрь
2025
"Ай тұтылған түн: аспан әлеміндегі ғажайып"
07.09.2025 ж. күні лицей базасында оқушылар мен ата-аналарға арналған айрықша астрономиялық бақылау шарасы өтті! 50-ден астам оқушы телескоп арқылы Айдың жартылай және толық тұтылу фазаларын тамашалап, ерекше құбылысқа куә болды. Кеш барысында қызықты викторина ұйымдастырылып, қатысушылар астрономия жайлы білімдерін сынап, жаңа мәліметтермен бөлісті. Ғылымға деген қызығушылықты арттырған бұл кеш — оқушыларға шабыт пен есте қалатын әсер сыйлады!
Сенбілік – табиғатты аялаудың үлгісі
06
сентябрь
2025
Сенбілік – табиғатты аялаудың үлгісі
№178 мамандандырылған лицейінде бүгін “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында жалпымектептік сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға оқушылар, ата-аналар және лицей ұжымы белсене қатысты. Сенбілік барысында мектеп аумағы тазаланып, көгалдандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді. Бұл игі бастама – табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар ата-ана, оқушы және мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын тамаша
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
05
сентябрь
2025
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесі және Ахмет
Лицейімізде осы айтулы күндерге орай "Үш тіл – бірлік тілі" атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, әндер орындап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, түрлі интерактивті ойындарға белсене қатысты.Танымдық сағатта ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан ерен еңбегі мен ағартушылық қызметі жайлы тың ақпараттар ұсынылды. Шараның мақсаты – тілдің адамзат өміріндегі маңызын ұғындыру, үштілділікті
Тілдер мерекесіне арналған тағылымды кездесу өтті
04
сентябрь
2025
Тілдер мерекесіне арналған тағылымды кездесу өтті
2024 жылғы 4 қыркүйек күні Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицейде Тілдер мерекесіне арналған әдеби-танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген құрметін ояту, ұлттық рухты дәріптеу. Кештің құрметті қонағы – қазақ тілінің жанашыры, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Асылы Осман Әлиқызы болды.
Ата -аналар мен оқушылар назарына!
03
сентябрь
2025
Ата -аналар мен оқушылар назарына!
ШАҚЫРУ! Құрметті лицей ұстаздары, ата-аналар мен оқушылар! Сіздерді “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылатын қалалық сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз! Мақсатымыз — туған қаламызды тазарту, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру. Күні: 6 қыркүйек,2025 жылы Басталу уақыты: 9:00 Өтетін орны: 178 мамандандырылған лицей Келіңіз, бірге таза әрі көрікті Қазақстанды бірге көркейтейік!
Сынып сағаттары – жаңа оқу жылының жарқын бастауы!
02
сентябрь
2025
Сынып сағаттары – жаңа оқу жылының жарқын бастауы!
“Менің Отаным – Қазақстан” атты сынып сағатында оқушылар еліміз туралы қызықты деректермен танысып, топтық жұмыстар орындап, өз ойларын ортаға салды. Сыныптар мерекелік көңіл-күймен безендіріліп, балалардың мектепке деген ынтасын арттырды. Жаңа оқу жылы жарқын білім жолына бастама болсын!
1 қыркүйек – Білім күні: жаңа оқу жылына жарқын бастама!
01
сентябрь
2025
1 қыркүйек – Білім күні: жаңа оқу жылына жарқын бастама!
Бүгін, 1 қыркүйек күні, №178 мамандандырылған лицейінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтіп, мектеп қабырғасы ерекше қуаныш пен мерекелік көңіл-күйге бөленді. Ұстаздар қауымы білім ордасының табалдырығын аттаған оқушылар мен ата-аналарды жылы шыраймен қарсы алып, жаңа оқу жылына сәттілік пен шабыт тіледі. Білім күні – бұл тек алғашқы қоңырау емес, бұл – болашаққа бастар үлкен жолдың бастауы. Мерекелік іс-шара аясында лицей ұжымы мен оқушыларға арналған "Алматы" телеарнасының құттықтауы
"Лицейім – мейірім мекені!" атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті!
01
сентябрь
2025
"Лицейім – мейірім мекені!" атты Білім күніне арналған салтанатты
1 қыркүйек күні №178 мамандандырылған лицейінде дәстүрлі Білім күніне арналған "Лицейім – мейірім мекені!" атты мерекелік жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты шараға 5, 7, 11-сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты.Мерекелік жиында алғашқы қоңырау соғылып, оқушыларға жаңа оқу жылының алғашқы лебіздері жолданды.Оқушылар мен ұстаздардың жылы лебіздері мен әсерлі өнерлері көпшіліктің көңілінен шықты. Жаңа оқу жылы табысты, жемісті болсын! Барша ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз!
НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
01
сентябрь
2025
НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
​https://docs.google.com/document/d/1NFyJssyK05RIq78LXWVgobrD6Ak5R4IK/edit?usp=drive_link&ouid=112945233654847838414&rtpof=true&sd=true​​​
Ата-аналар мен оқушылар назарына!
30
август
2025
Ата-аналар мен оқушылар назарына!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Сіздерді "Лицейім – мейірім мекені!" атты Білім күніне арналған салтанатты жиынға шақырамыз! Өтетін күні: 2025 жылғы 1 қыркүйек Басталуы: 09:00 Қатысушылар: 5, 7, 11-сынып оқушылары мен ата-аналары Ортақ қуанышты сәттерде жүздесейік!