Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай 5-7 сынып оқушылары суреттер көрмесін ұйымдастырды.
23
февраль
2022
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай 5-7 сынып оқушылары
«Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп танданар» деп ақын Мұхтар Шаханов жырлағандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарты болып саналады. №178 мамандандырылған лицейде Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Біздің түсінігімізде» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары суреттер салу арқылы қауіпті жағдайлар туралы ойларын жеткізді. Мақсаты: табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру; төтенше жағдайларда болуы ықтимал
"АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
22
февраль
2022
"АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ" тақырыбында дөңгелек
   Мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Исабаева Балмира Таупыққызының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Іс-шара барысында 5-сынып оқушыларының қатысуымен Тіл білімі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Абай" ғылыми-практикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Нұргүл Әбдіразақ қазылар алқасында.
22
февраль
2022
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Абай" ғылыми-практикалық зерттеу
   Өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жоспарына сәйкес өтетін поэзия кештеріне әділ бағасын беру үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Абай" ғылыми-практикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Нұргүл Әбдіразақ арнайы келіп, оқушыларымыздың өнерін тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтауда тұрақты қазылар алқасынан табылуда. Өзара ынтымақтастық үлкен биіктерге, нәтижелерге жетелесін! 
"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайыс өткізілді.
19
февраль
2022
"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайыс өткізілді.
     Өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жоспарына сәйкес лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужанның ұйымдастыруымен кезінде "Хабар" телеарнасында кеңінен таратылып, қалың көрерменнің көзайымына ие болған "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" бағдарламасын лицейімізде тұңғыш рет 6 "Б" сыныбының оқушыларымен өткізді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Сайыс 2 тур бойынша өтті.     Бірінші турда оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тапса, екінші турда жұмбақтардың жауабын табу арқылы өзара
"Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты" атты лицейішілік конкурс.
19
февраль
2022
"Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты" атты лицейішілік
№ 178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігіне орай "Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты" атты лицей мұғалімдері арасында байқау ұйымдастырылған. Байқаудың шарты бойынша: О.Бөкейдің "Кербұғы" атты шығармасын оқып, тест сұрақтарына жауап беру керек болатын, іс-шараға белсене қатысып,сұрақтар бойынша жоғары балл жиған ұзтаздарды жеңісімен құттықтаймыз!!!
«Соғыс ұрлаған балалық шақ» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
18
февраль
2022
«Соғыс ұрлаған балалық шақ» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
     Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Оразалиева Толғанай Ауелханқызы Саин Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі бойынша «Соғыс ұрлаған балалық шақ» тақырыбында ашық сабақ өтті. Жаңа технологияның элеметтерін пайдалана отырып, заманауи сабақ үлгісін көрсетті. Оқушылар С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінің мазмұнын біледі, кейіпкерлерге мінездеме беріп, салыстыра алады. Әңгімедегі кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеп, талдады. Үзінділерді қайта
“ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
18
февраль
2022
“ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні кафедрасының онкүндігі аясында Кенжебаева Мая Кыпшаковна 7-сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен “ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай алады. Мәтін бойынша қойылған проблемалық сұрақтарға өмірмен байланыстыра отырып жауап бере алады. Еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын
«Отан! Табиғат! Жер–Ана!» тақырыбында  ашық сабақ өткізілді.
18
февраль
2022
«Отан! Табиғат! Жер–Ана!» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Исабаева Б.Т. 8-сынып оқушыларымен «Отан! Табиғат! Жер–Ана!» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар  коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлдеп, жүйелі жеткізіп, өмірмен байланыстыра білді. Сонымен қатар, мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжай алды.
Оқушылар «Alatau Creative Hub» орталығына барып, заманауи кітапхана қорымен танысып қайтты.
18
февраль
2022
Оқушылар «Alatau Creative Hub» орталығына барып, заманауи кітапхана
    7 "Ғ" және 7 "Д" сынып оқушылары «Alatau Creative Hub» орталығына барып, заманауи кітапхана қорымен танысып, бос уақыттарын тиімді өткізу үшін маңызды ақпараттарды алып қайтты. Сынып жетекшілері: М.К.Кенжебаева мен А.А.Ауелбекова оқушыларды орталықта орналасқан өнер мұражайына саяхат жасату арқылы Ұлы Даланың саз өнерінің тарихымен терең танысуға мүмкіндік жасады.