Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге шақырамыз!
02
май
2022
1 Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған
Құрметті, лицей оқушылары мен мұғалімдері!!! 30.04.2022ж. сағат 12.00-16.00 аралығында лицейімізде экономикалық тәрбие бағытында оқушыларды кәсіпкерлікке баулу негізінде "Бірлігіміз жарасқан!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді. Оқушылар өз қолдарымен жасаған өнімдерін жәрмеңкеде ұсынады. Жәрмеңкеде түскен қаражаттар көп балалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында жұмсалады. Баршаңызды осы іс-шараға белсене қатысуға шақырамыз! Оқушы өнімдерінің тұтынушысы болып, жақсылықтың жаршысы болуға
"Бірлігіміз жарасқан!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
01
май
2022
"Бірлігіміз жарасқан!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
    ⚜️ 1 Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Бірлігіміз жарасқан!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мақсаты: лицей оқушыларын игі істерге баулып, жақсылықтың жаршысы болуға және қайырымдылық шараға негізделді. Жәрмеңкеге түскен қаражат көп балалы отбасыларға көмек ретінде азық-түлік есебінде беріледі. Бірлігі жарасқан лицейіміздің білімді де, алғыр, белсенді оқушылары жарайсыздар!
“Ел жастары" клубының белсенді оқушылары лицей ауласын таза ұстауға шақырады
01
май
2022
“Ел жастары" клубының белсенді оқушылары лицей ауласын таза ұстауға
    ♻️ “Ел жастары" клубының белсенді оқушылары және Лицей Президенті Мұқаш Ермұхан барлықтарыңызды лицей ауласын таза ұстауға және әрбір іс-шарадан соң қалған қоқыстарды тиісті жерге тастап, лицей ауласын таза ұстауға шақырады. Бүгін лицейімізде "Бірлігіміз жарасқан!" атты қайырымдылық жәрмеңкесінен кейін іс-шара өткен жерді тазартып, өз үлестерін қосты. Себебі, біз белгілі бір ортада тіршілік етіп отырған соң, өз айналамызды барынша таза ұстауға және әрбір іс-шара немесе басқа да белгілі бір
Лицейімізде өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламенті бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың таныстырылуы өтті.
30
апрель
2022
Лицейімізде өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламенті бойынша
     "Ел жастары" клубының мүшелері, Лицей Президенті Мұқаш Ермұхан мен вице-президент Байжұма Бексұлтан "Білім беру құзіреттілерін қалыптастыру білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің құралы ретінде" тақырыбында өтіп жатқан республикалық семинарға келген арнайы қонақтарға лицейімізде өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламенті бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, жоғары деңгейде баға алды. Лицей оқушыларының атмосферасын жасауда біз көптеген жұмыстарды атқаруда аянып қалмаймыз!
"Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен суицидтің алдын алу" такырыбында түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді.
28
апрель
2022
"Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен суицидтің алдын
     N178 мамандандырылған лицейде Алатау ауданы ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Халмырзаев Темирбек Махкамович 5-8 сынып оқушыларына "Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен суицидтің алдын алу" такырыбында түсіндірмелі жұмыстарын жүргізді.
"Мен  - үздік топ басшымын!" байқауы.
27
апрель
2022
"Мен - үздік топ басшымын!" байқауы.
      "Ел жастары клубының" белсенді оқушылары Иса Динара мен Бүркітбай Румейсаның ұйымдастыруымен 8-сыныптардың топ басшылары арасында "Мен - үздік топ басшымын!" байқауы өткізілді. Байқауға тоғыз сыныптың топ басшылары қатысып, өзара тартысқа түсті. Бірінші турда старосталар өздері мен сыныптарын таныстырса, екінші турда жыл бойы сынып оқушыларының жеткен жетістіктерін баяндады. Байқауда әділқазылар алқасының төрайымы орыс тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, 6 "Б" сыныбының жетекшісі
Спорт  - денсаулық кепілі!
24
апрель
2022
Спорт - денсаулық кепілі!
   "Спорт - денсаулық кепілі!" тақырыбында өткізілген лицейішілік эстафеталық сайыстың қызықты сәттері.
"Парасат" қыздар ұйымында   "Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға" атты таныстырылым жасалды.
23
апрель
2022
"Парасат" қыздар ұйымында "Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, үлкен
    "Парасат" қыздар ұйымының белсенді мүшесі Өмен Меруерт "Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға" атты таныстырылым жұмысын жасады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Токталиева Гульзат Дүйшенбекқызының ұйымдастыруымен өткен кездесудің алға қойған мақсаты үлкенге үлгі, кішіге ізет көрсету болып табылады. Сабақтан тыс бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында лицейдің үздік 10 "В" сынып оқушысы Өмен Меруерт өз тәжірибесімен бөлісіп, жетістіктері туралы қызықты
Биылғы жылғы лицей түлектері Абай атындағы ҚазҰПУ «Талапкер-2022» ашық есік күніне қатысты.
23
апрель
2022
Биылғы жылғы лицей түлектері Абай атындағы ҚазҰПУ «Талапкер-2022»
     Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Талапкер-2022» атты ашық есік күнін өткізді. Аталмыш шараға №178 мамандандырылған лицейдің болашақ түлектері қатысып, өздеріне қажетті ақпаратты алды. Еліміздің педагогика саласында бірінші орын алатын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде шәкірттеріміз білім алатындығына кәміл сенімдеміз.  
Алматы қаласы мектептерінің ағылшын лигалары арасында жолдастық пікірсайыс турнирі өтті.
22
апрель
2022
Алматы қаласы мектептерінің ағылшын лигалары арасында жолдастық
   "Халықаралық Жер" күніне орай №178 мамандандырылған лицейде ағылшын тілі пәні мұғалімдері Досқожаева Нұргүл және Ауелбекова Айнұрдың ұйымдастыруымен қалалық ағылшын лигалары арасында жолдастық пікірсайыс турнирі өтті.  Бұл жолдастық кездесуге №178 мамандандырылған лицей, №166 лицей және №201, №105, №27 гимназияларынан 32 оқушы, 16 команда қатысты. Пікірсайыстың қорытындысы бойынша: 1️⃣ орын - №27 гимназия; 2️⃣ орын - №105 гимназия; 3️⃣ орын - №178 мамандандырылған лицей ("VIS" тобы) иеленді.