Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейде 6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс бақылау алынуда.
26
сентябрь
2022
Лицейде 6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс
    2022-2023 оқу жылының басында №178 мамандандырылған лицейде 6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс бақылау алынуда. 2022 жылдың 26 қыркүйек күні кіріс бақылаудың соңғы қорытынды күні 11 «В, Г, Ғ, Д, Е, Ж» сыныптарына түсіп, дарынды оқушыларымыз өз білімдерін сынауда. Осындай бақылау жұмыстарын жасау арқылы балалардың білім деңгейін одан әрі шыңдап, келе жатқан кез-келген сайыстарда топ жарып шығуына бірге ат салысайық. Білім шыңына жетуге талпынған жас өркендерімізге
«Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
26
сентябрь
2022
«Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында дөңгелек үстел
    №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 9-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі мақсат міндеттерімен таныстырып, құқықтық сауаттылығын арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, патриоттық тәрбиеге баулу.
6-11 сыныптар арасында «М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
23
сентябрь
2022
6-11 сыныптар арасында «М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы» тақырыбында
N178 мамандандырылған лицейде 6-11 сыныптар арасында «М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: окушыларға М. Әуезовтің өмір жолы шығармашылық қызметі жайлы мағлұмат бере отырып, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру. М.Әуезовтің қаламынан туындаған көркем әдебиет туындылары жайлы білімдерін қалыптастыру.
"Ел жастары" клубының алғашқы жиналысы өткізілді
22
сентябрь
2022
"Ел жастары" клубының алғашқы жиналысы өткізілді
    Құрылғанына үш жылдан астам уақыт болған лицейіміздің жанынан құрылған "Ел жастары" клубының құрамына жаңа оқушылар қосылып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге уағдаластық. Осы уақытқа дейін құрамда ерекше белсенді оқушылар клубқа жаңадан қосылған оқушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ биыл лицейімізге жаңадан келген оқушылармен де танысып, пікір алмасып, лицейдің қоғамдық жұмыстарына ат салысуға шақырды.
Лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының айлығының жоспары кезекті кафедра отырысында талқыланды.
21
сентябрь
2022
Лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының айлығының жоспары
 №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының айлығының жоспары кезекті кафедра отырысында талқыланды .
6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс бақылау алынуда
20
сентябрь
2022
6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс бақылау
№178 мамандандырылған лицейде жыл сайын оқушылардың білім сапасын анықтау, өткен мәліметтерді жетік меңгеру, қатемен жұмыс жасау қабілеттерін анықтау мақсатында 6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс бақылау алынып отырады. 2022-2023 оқу жылы 20-26 қыркүйек күндері кезекті кіріс бақылау өтеді. Білім шыңына жетуге талпынған жас өркендерімізге сәттілік тілейміз!
6-11 сынып оқушылары "Арман қала–Алматы" тақырыбында эссе  жазды.
19
сентябрь
2022
6-11 сынып оқушылары "Арман қала–Алматы" тақырыбында эссе жазды.
Қала күніне орай N178 мамандандырылған лицейдің 6-11 сынып оқушылары "Арман қала–Алматы" тақырыбында эссе жазды. Мақсаты: оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру. Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің азаматы ретінде қаланың дамып, өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу.
Лицейде «Үздік педагог» конкурсы өтуде
19
сентябрь
2022
Лицейде «Үздік педагог» конкурсы өтуде
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 355 бұйрығына сәйкес №178 мамандандырылған лицейде «Үздік педагог» конкурсы өтуде. Лицей мұғалімдеріне «Үздік педагог» атағын беру қағидалары түсіндіріліп,ережесі таныстырылды. Қатысушы мұғалімдер «Үздік педагог» атағын беру қағидаларының 2-5 қосымшаларына сәйкес министрліктің ақпараттық жүйесіне өздері құжаттарды (материалдарды) жүктеуде. Лицей директоры К.Х.Шадиев конкурстың әрбір кезеңі үлкен еңбекті қажет ететіндігін
“Отбасы - бақыт мекені” тақырыбында сынып сағатын өткізілді.
16
сентябрь
2022
“Отбасы - бақыт мекені” тақырыбында сынып сағатын өткізілді.
Отбасы күніне орай N178 мамандандырылған лицейдің 7" Ғ" сынып жетекшісі Р.С.Сатбаева оқушыларымен “Отбасы - бақыт мекені” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында өтілген сабақта оқушылар осы тақырыпта өлең оқып, көрініс қойып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Отбасы бақыты туралы ойларын ортаға салды. Сынып сағатына лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Кутумов қатысты.
«Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде» тақырыбында  жалпы ата-аналар жиналысы өтті
16
сентябрь
2022
«Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде» тақырыбында жалпы ата-аналар
🔻 №178 мамандандырылған лицейде «Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы бастап, жиналған жұртты жиынның күн тәртібімен таныстырды. 🔹 Басқосуда 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі ерекшеліктер, дарынды және талантты балалармен жұмыс, лицейдің ішкі тәртібі туралы ата-аналарға ДОІЖО Г.А. Байтелиева, Ә.Қ. Баймұратов, ДТІЖО Б.Н. Кутумов баяндап берді. 🔸 Бала тәрбиесінде отбасының алар орны