"Өмір - маған берілген үлкен сый ” тақырыбында семинар-тренинг
№29 қалалық емхана психологтары Елгезек М. мен Алемова А.Т. №178 мамандандырылған лицейдің оқушыларымен суицидтің алдын алуы бойынша “Өмір - маған берілген үлкен сый ” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Оқушыларға өмірдің мән-мағынасын дәріптеп, бойларына ерік, жігер, сабырлық сияқты жақсы қасиеттерді дарытуға бағыт берілді.Тренинг барысында стрессті жеңуге ,өзін-өзі бағалауға бағытталған жаттығулар жүргізілді. Оқушылармен кері байланыс орнатылып, қызықты өтті.