Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ауған соғысының ардагерлерімен  «Ерлік- елге мұра!» атты кездесу аудан көлемінде өткізілді.
10
февраль
2023
Ауған соғысының ардагерлерімен «Ерлік- елге мұра!» атты кездесу
№178 мамандандырылған лицейде Ауған соғысының ардагерлерімен «Ерлік- елге мұра!» атты кездесу аудан көлемінде өткізілді. Кездесуге Алатау аудан мектептерінің оқушылары, Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі баскарма бастығының міндетін атқарушы майор Жанболатов Эрнес Жанболатұлы, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің алғашқы әскери дайындақ жөніндегі орынбасары капитан Лесхан Еркинбек, Алматы қаласы Алатау ауданы қорғаныс істері басқармасынан әскери дайындақ
«Мұқағалимен сырласу» атты поэтикалық қойылымға 7-8 сынып оқушылары барды.
10
февраль
2023
«Мұқағалимен сырласу» атты поэтикалық қойылымға 7-8 сынып оқушылары
2023 жылдың 09 ақпаны күні «Алатау» дәстүрлі өнер театры сахнасында Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдық мерейтойына орай «Мұқағалимен сырласу» атты поэтикалық қойылымы сахналанды. Қойылымды №178 мамандандырылған лицейдің 7-8 сынып оқушылары тамашалап қайтты.
Лицей оқушылары Алатау дәстүрлі өнер театрында “Абай - Тоғжан” қойылымын тамашалады.
09
февраль
2023
Лицей оқушылары Алатау дәстүрлі өнер театрында “Абай - Тоғжан”
N178 мамандандырылған лицейдің 7-8-сынып оқушылары Алатау дәстүрлі өнер театрына барып, “Абай - Тоғжан” қойылымын көріп қайтты. Актерлардың шеберлігі оқушыларды қуанышқа бөледі.
Математика пәні мұғалімі, педагог-шебер А.И.Бектасова 11 «Ғ» сыныбында «Санның логарифмі және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
09
февраль
2023
Математика пәні мұғалімі, педагог-шебер А.И.Бектасова 11 «Ғ»
Математика ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістік пішіндері жайлы ғылым екендігі баршаға аян. №178 мамандандырылған лицейде «Әлем математика тілімен бейнеленген» атты математика айлығы жалғасуда. Математика пәні мұғалімі, педагог-шебер А.И.Бектасова 11 «Ғ» сыныбында «Санның логарифмі және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ заманауи сандық әдістерді қолдана отырып оқушылардың математикалық білім, білік дағдысын қалыптастырудағы тәжірибе алаңына айналды.
"Әлем математика тілімен бейнеленген" атты математика айлығы аясында  9-10 сынып окушылары арасында лицейішілік олимпиада  өткізілді.
09
февраль
2023
"Әлем математика тілімен бейнеленген" атты математика айлығы аясында
N178 мамандандырылған лицейде "Әлем математика тілімен бейнеленген" атты математика айлығы аясында 9-10 сынып окушылары арасында лицейішілік олимпиада өткізілді.
Математика пәнінің мұғалімі Есенгалиев Санат Турганулы   “Квадраттық функция және оның графигі” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
08
февраль
2023
Математика пәнінің мұғалімі Есенгалиев Санат Турганулы “Квадраттық
Математика кафедрасы айлығының аясында математика пәнінің мұғалімі Есенгалиев Санат Турганулы 8 ақпан күні 8 “Д” сыныбымен “Квадраттық функция және оның графигі” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақ барысында АКТ ны кеңінен қолданынды. Атап айтқанда: Learning apps Google forms және Padlet бағдарламалары қолданылды. Квадраттық функцияның графиктерін салуда Desmos және Phet Colorado виртуальды зертханасы қолданылды. Оқушылар сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты
6-8 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізілді.
07
февраль
2023
6-8 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізілді.
N178 мамандандырылған лицейде 6-8 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізілді.
Лицейдің 10 жылдық мерейтойына орай жазылған мақала "БІЛІМДІ ЕЛ" газетінде жарық көрді.
04
февраль
2023
Лицейдің 10 жылдық мерейтойына орай жазылған мақала "БІЛІМДІ ЕЛ"
№178 мамандандырылған лицейдің 10 жылдық мерейтойына орай лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының "Жаңару мен даму: Жаңа онжылдықтағы мүмкіндіктер" тақырыбындағы мақаласы "БІЛІМДІ ЕЛ" газетіне жарық көрді.
«Зерттеу мәселесін қою арқылы күрделілігі жоғары есептерді шешу – оқушылардың мотивациясын дамыту» қалалық квест-семинар өткізілді.
02
февраль
2023
«Зерттеу мәселесін қою арқылы күрделілігі жоғары есептерді шешу –
Физика, биология, химия, математика мұғалімдеріне арналған «Зерттеу мәселесін қою арқылы күрделілігі жоғары есептерді шешу – оқушылардың мотивациясын дамыту» қалалық квест-семинарды практикада көрсетіп, озық шеберлігі үшін №178 мамандандырылған лицейдің командасы Г.Б.Джумабаева, А.Д.Ахмеджанова, Н.Бақытжан, Д.Құрманжан Құрмет грамотасымен марапатталды. Жауапты координатор директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Даулетбаева.
«Педагогикалық технологиялар панорамасы» аудандық байқауы өткізілді.
01
февраль
2023
«Педагогикалық технологиялар панорамасы» аудандық байқауы өткізілді.
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен №178 мамандандырылған лицейде «Педагогикалық технологиялар панорамасы» аудандық байқауы өткізілді.