Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейде "Үздік цифрлық сурет" конкурсы өткізілді.
15
март
2023
Лицейде "Үздік цифрлық сурет" конкурсы өткізілді.
M178 мамандандырылған лицейде "Үздік цифрлық сурет" конкурсы өткізілді. Конкурсқа лицейіміздің информатика пәні мұғалімдері Бейсенбекова Л.К. мен Досымова Б.А. жетекшілік жасады. Конкурс барысында оқушылар суреттерін графикалық бағдарламалар арқылы орындап, өз қабілеттерін көрсетті.
Лицей кітапханасында «Бейбарыс тұлғасы – аңыз бен ақиқат» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
15
март
2023
Лицей кітапханасында «Бейбарыс тұлғасы – аңыз бен ақиқат» тақырыбында
Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицей кітапханасында 9-сыныптар аралығында Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орай «Бейбарыс тұлғасы – аңыз бен ақиқат» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында Сұлтан Бейбарыстың тарих пен өнердегі бейнесі, оның дипломатиясы, қазіргі жастарға үлгі боларлық тұлғалық келбеті туралы сөз қозғалды. ♦️Мақсаты: Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген
Лицейде әйелдер арасында облыс және қалааралық волейболдан турнир өткізілді.
14
март
2023
Лицейде әйелдер арасында облыс және қалааралық волейболдан турнир
№178 мамандандырылған лицей 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ҚР-ның әуесқой волейбол федерациясымен бірге әйелдер арасында облыс және қалааралық волейболдан турнир өткізді. Жарысқа 6 команда қатысты: "Жамбыл", "Жаркент", "Қарасай", "Ретро" (Алматы қ.), "Талғар" және "Ұзынбұлақ" командалары. Жарыстың ашылу салтанатында №178 мамандандырылған лицей директоры Қ.Х. Шадиев, ҚР-ның әуесқой волейбол федерациясының президенті М.Ш. Мурашов және волейболдан ҚР-ң спорт шебері, ардагер М.
"Терроризм актінің қауіпі туындаған және терроризм актісі жасалған жағдайдағы іс-әрекеттер" тақырыбында дәріс тыңдалды.
14
март
2023
"Терроризм актінің қауіпі туындаған және терроризм актісі жасалған
Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу - мемлекеттің міндеті ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдерінің міндеті. Осыған орай 2023 жылғы 13 наурызда №178 мамандандырылған лицейдің ұжымына Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері
Математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының Республикалық кезеңі
11
март
2023
Математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының Республикалық кезеңі
2023 жылы 11 наурыз күні 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» олимпиадасының Республикалық кезеңі Алматы қаласы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтті.  Біздің лицейден 12 оқушы қатысып, оның 9-ы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, ІІ дәрежелі дипломмен 5-оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 4 оқушы марапатталды. Дарынды оқушыларымыздың жеткен жетістіктері құтты болсын!
Физика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Слямгалиева Г.Н. "Акустикалық резонанс. Жаңғырық" тақырыбында ашық сабақ өтті.
10
март
2023
Физика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Слямгалиева Г.Н. "Акустикалық
Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ. Физика-информатика кафедрасының айлығының аясында физика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Слямгалиева Гульнар Набиевна 9 «Ж» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Акустикалық резонанс. Жаңғырық" Оқу мақсаты: Резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру; Жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау; Табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар
7-8 сынып оқушылары "Ана" тақырыбында жазылған ақын-жазушылардың өлеңдерін оқыды.
09
март
2023
7-8 сынып оқушылары "Ана" тақырыбында жазылған ақын-жазушылардың
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай кітапханада 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушылар "Ана" тақырыбында жазылған ақын-жазушылардың өлеңдерін оқыды.
Аналар мерекесіне арналған "Жан ана" тақырыбында мерекелік концерт өтті.
07
март
2023
Аналар мерекесіне арналған "Жан ана" тақырыбында мерекелік концерт
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне аясында N178 мамандандырылған лицейде "Жан ана" тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Қызықты концерттік бағдарламасын 7-сынып жетекшілері ұйымдастырды. Мерекеге жиналған мұғалімдер мен оқушыларды лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы құттықтап, жылы лебізін білдірді.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен лицейдің ер азаматтары құттықтады.
07
март
2023
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен лицейдің ер азаматтары
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай N178 мамандандырылған лицейдің ер азаматтары лицей ұстаздары мен барлық қызметкерлерін шын ықыластарымен құттықтады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашық есік күні өтті.
07
март
2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашық есік күні өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашық есік күні өтті. N178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары КазГУ дің жоғарғы санатты мұғалімдерімен өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алып қайтты.